Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
08.07.2015
0
661
0

Көңілді старт «Шынықсан шымыр боласын»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені рухы таза ұрпақты тәрбиелеу. Эстафета ойын арқылы көңіл күйлерін көтеру. Балаларды еркін, батыл секіруге жаттықтыру. Ептілікке, шапшандыққа, қызыға ойнауға баулу. Балалардың дене қимылдарын дамыту, қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру, шапшандылыққа, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақ салауатты өмір салтын тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: 2 – доп, 2 - гимн. орындық, 2 – клюшка, 2 – дуги, 2 – кубик.  

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар, спорттық сайысқа қош келдіңіздер! Бүгін «Щынықсан шымыр боласын» атты Дайындық «Б» тобымен көңілді сайыс өтеді. Осы сайысқа қатысатын командаларын ортаға шақырамыз.

1 – команда «Тұлпар» 2 – команда «Бүркіт». Әділ қазылар алқасымен таныс болайық. Спорт сайысын «Ару көктем» әнімен ашайық.

 

Ал құрметті халайық

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріндер.

Жүргізуші: Командалар, өздерін таныстырып жіберсін (әр командаға сөз беріледі) команда аты, Ұраны, эмблемасы, разминка өткізу.

Біздің топ: Бүркіт

Ұран

Біздер күшті, біз алып

Күш сынасып байқайық

Қарсыласты жығайық

Біз жеңімпаз болайық.

 

Біздің топ: Тұлпар

Ұран

Таң мен ерте тұрамыз

Құстай қанат қағамыз

Жарысқа біз қатысып

Озып жеңіп шығамыз.

Жүргізуші: Сайысымызды бастайық.

1 Эстафета: «Допты жылдам әкел»

Шарты: доп обруч ішінде жатады бірінші бала жүгіріп барып алады, екінші балаға, әкеліп береді ал екінші балаға әкеліп береді ал екінші бала жүгіріп обруч ішіне қояды. Осылай соңғы балаға жеткенше істейді.

 

2 эстафета: «Гимн орындық үстінен өтіп, обруч кіріп, кубикті айналып б.қ. келу.

Кәне, кәне жарысуды,

Айналдырайық әдетке.

Аздық етер оның да

Жету үшін муратқа.

Даярлық «А» тобының «Кадриль биін» тамашалаңыз.

3) «Жазғы хоккей» - балалар клюшкамен допты қақпаға кіргізіп келесі ойыншыға береді.

Жүргізуші: Шынықсан шымыр боласын

                     Сауығып айдай толасын

                      Спортты серек ете біл

                      Жақсы азамат боласын.

4) «Кенгуру» сайысы.

    Бала, допты аяқтын тізесімен қысып, екі аяқпен секіріп келесі ойыншыға эстафета береді.

5) Эстафета: Цепочка (моншақ) жүгіру бірінші ойыншы, екінші баланы содан сол ақырғы алтыншы баланы алып болған соң орнына барлығы жүгіріп келіп тұру.

Жүргізуші: Өнерге биік сенініз

                      Думанға қызық келіңіз

                      Әділ қазы ел сенген

                      Өнерге баға беріңіз.

 

Құрметті Әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде «Қара жорға биі»

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения