Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
08.07.2015
0
501
1

Сауаттылық әлеміне қонаққа бару

Сауаттылық әлеміне қонаққа бару

Тақырыбы: Сауаттылық әлеміне қонаққа бару.

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған

білімдік: білімдерінің сапасына көз жеткізу.

Буындап оқуды жаттықтыру.

Дыбыстарды дұрыс дыбысталуын бекіту.

дамытуш: Түрлі суреттер және сөздік ойындар арқылы балалардың

                    байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктер: текшелер, кеспе әріптер, ребус схемасы,

                            үлестірмелі материал. Білім ханшайымның

                            хаты, ағаш ыдыстың ішіндегі.

 

I. Ұйымдастыру кезені.

Педагог: Құрметті балалар! Біз сендермен адал еңбек жасадық: дыбыстарды дұрыс айтуды үйрендік, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасадық, сөйлем құрастырып, буындап оқуды меңгердік.

Мен сендерге ризамын және сенемін, сендер мектепте тек қане «4» пен «5» деген баға алатын боласындар.

Бұл туралы Сауаттылық әлеміндегі.

Білім – ханшайымы да біліп қойыпты.

Одан бізге шақыру – хат келіпті.

Тыңдап көрейік.

«Құрметті даярлық топтың бүлдіршіндері!»

Мен сендерді Сауаттылық еліне шақырамын.

Сендердің жолдарын оңай емес, көптеген дыбыстар арқылы

Сыңғырлаған бұлақты өтіп, әріптер жолына түсіп, әріптер қаласына жетесіндер, буындар кедергісінен өтіп, вагон – сөздерді құрастырасындар. Сөйтіп менім үйіме де жетерсіндер. Сапарларын сәтті болсын!

- Ал, балалар ұзақ және қиын жолға шығуға дайынсындарма?

Педагог: Ендеше шаттық шеңберге тұрып, күш – жігерімізбен білгенімізді айтайық: Біз білімдіміз,

                біз зейіндіміз,

                ақылдымыз, мұқиятпыз.

- Жолға шығайық.

- Немен барамыз?

Балалар: машинамен, поезбен, ұшақпен, кемемен.

Педагог: - Балалар, ұмытпағандарын жөн, сиқырлы әріптер әлеміне барамыз, баратын көмегіміз де сиқырлы болу керек еді.

Балалар: Ендеше – ұшатын кілеммен барайық.

(кілемді жаямын, балалар отырады).

(шаңсорғышты қосамын).

Педагог: - Дұрыстап отырындар, белбеулерді тағамыз.

(балалар тізелерін құшақтап отырады да көздерін жұмады).

- Міне біз де келдік, шығуға болады, егер тіл дамытудын ережелерін айтып берсендер.

Балалар: - Ойланып сөйле.

- Асықпай сөйле.

- Сөйлесіп тұрған адамға қара.

- Сөздерді анық айт.

- Сөйлемді дұрыс құрастыр.

- Сөйлемнің соңында тоқта.

- Үлкендердің әңгімесін бұзба.

Педагог: - Жарайсындар балалар.

Ендеше алға, кеттік.

Педагог: - Міне, балалар, Сауаттылық елі басталады. (дыбыстар естіледі: судың, құстардың, аспаптармен аңдардың, желдің).

- Не естіледі? (дыбыстар)

 Қандай? (балалар айырғандарын айтады).

Педагог: - Ал дыбыстар қандай болады?

Балалар: - Аспаптар мен заттардың дыбыстары, құстар мен аңдар

                  шығаратын дыбыстар және біздің сөздеріміздегі дыбыстар, біз

                  олар арқылы сөйлейміз.

Педагог: Дыбыстар Сауаттылық елінде болса, яғни оңда тек қане дұрыс 

                және әдемі дыбыстар естілуі тиіс.

                Ал сендер, балалар, дыбыстарды анық және дұрыс айтуды 

                үйрендіндерме? көрсетіндерші.

Ра, ра, ра  - бал жинайды ара.

үз, үз, үз – келіп қалды күз.

ыс, ыс, ыс – міне келді қыс.

ла, ла, ла – Ахад жақсы бала.

ыр, ыр, ыр – ырылдайды қасқыр.

- Жақсы, балалар. Тілдерін жақсы жұмыс жасады. 

Бірінші және соңғы дыбысты сөз ішінен айыру.

Педагог: Алдымызда сыңғырлаған бұлақ.

               Хат жатыр!

               Сыңғырлаған бұлақ

               тосып тұр сіздерді

               өту үшін көпір құрап

               маған тез жетіндер.

(Сауаттылық ханшайымы)

- Балалар, бір кірпіштен алып, ойланайық, қалай құрастырсақ екен, жақсы көпір шығу үшін.

    Балалар: кірпіштерді дұрыс қою үшін суретіндегі сөздің соңғы дыбысы,  

                   келесі кірпіш – суреттің біріншісі болу керек.

                   (балалар көпір құрастырып, өтеді)

  

     Балық -  қуыршақ – қалам – мысық – қарындаш – шар.

 

Дыбыстық талдауды бекіту.

 

Дыбыстарды анық айтып, көпір жасап өттік. Сауаттылық еліне қалай кіреміз. Үлкен құлыптарды қалай ашамыз?

Хат бар екен: құлыптардың кілттерін тауып, сауаттылық қаласына кіресіндер.

(құлыптарда дыбыстық талдаудын схемалары салынған, ал кілттерде – суреттер. Схемаға керекті сөзді таба білу).

Үш топтағы балалар өз кілттерін алады да дыбыстық талдау жасайды өз сөздеріне, сөйтіп кілттер қай құлыпты ашады екенің, анықтаймыз.

Балалар: Біздің кілт бірінші құлыптыкі өйткені «ұшақ» сөзінде 4 дыбыс бар:

1 – сі [ұ], дауысты дыбыс

2 – сі [ш], - қатан – дауыссыз дыбыс

3 – сі [а] – жуан дауысты дыбыс

4 – сі [қ] – қатан дауыссыз дыбыс.

Келесі сөздер: ешкі, фонтан, үкі.

Педагог: - Жарайсындар, балалар.

Әріптер қаласына да жеттік.

Буынға буын қос.

Енді бізді ақылды Үкі қарсы алып тұр.

Жұп суреттерді оның тапсырмалары бар екен табу керек.

Буындарды оқып сөздер шығарып табасындар.

Балалар суреттерді алып, жұбын тауып, шыққан сөзді оқиды.

Ба-ла, қа-ла, ға-рыш, дә-рі (қолғап)   (носки)   (аяқ киім)    (әке – ана).

 

Сөйлем құрастыру.

Педагог: Осы сөздермен сөйлем құрастыру және схемасын сызу.

(үстел үстінде ақ парақтар мен қаламдар дайын).

Сөйлемдерді оқу, талдау.

Педагог: Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, оқып шықтындар, модульдік схемаларын да дұрыс сызып көрсеттіндер.

 

Қорытындылау:

Педагог: - Міне, балалар Сауаттылық еліне де келдік, бірақ есік жабық тұр, тағы да хат жатыр.

Балалар, үйде болмағаныма, ренжімендер, сеңдерден кешірім сұраймын, басқа жұмыстарым тағы бар, бірақ өте қуаныштымын сендердің келгендеріне.

Мынау сыйлық.

«Ребусты шешсен, ішінде не бар екенің білесін» деген қобдиша тұрады. Балалар ребусты шешіп, ішіндегі мадақтау қағазы мен шағын кітапшаларды алады.

«Кітап білім бұлағы, білім

                   Өмір шырағы» атты шыққан мақалды оқиды.

Педагог: Осымен Сауаттылық әлеміне жасалған саяхатымыз аяқталады. Топқа қайтамыз. Кілемге отыру.

(музыкалық әуен қосылады).

Педагог: - Келдік, рахмет сендерге, балалар. Мына кітаптар – сыйлық сендердің еңбектері мен зеректіліктерін үшін.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения