Битабарова Хадиша Исабековна
Должность:мұғалім
Группа:Посетители
Страна:Казакстан
Регион:Онтүстік Қазақстан облысы. Мақтарал ауданы. "Көктөбе" ауылы
07.07.2015
0
699
2

Семинар сабақ . Ацетилен көмірсутектер.





 

Сабақтың өтіліетін мерзімі:—————————————————

Сабақтың тақырыбы:Семинар сабақ .  Ацетилен көмірсутектер.

Сабақтың мақсаты:

а) біліктілік: өткен сабақта алған теориялық білімді тереңдету.Қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқушының өз бетінше жұмыс істеу қабілеті артады. Топпен жұмыс істеудің қалыптасқан ережесіне сәйкес салыстыру, жинақтау,ортақ қорытынды жасауға дағдыланады.

ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; сөзжұмбақ, ребус, «үйлестірме кесте» жасай білуге баули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру,танымдылық белсенділігін арттыру.

б) тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу;білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың міндеттері:

а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.

ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)

Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.

Сабақтың формалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың тегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралы айтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.

Ұзтаз  ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.

Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру (2 минут)

2. Үй тапсырмасы (10 минут)

3. Жаңа сабақ (20 минут)

4. Пысықтау (5 минут)

5.Үйге тапсырма (2 минут)

6. Бағалау (3 минут)

7. Қорытындылау (3 минут)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.

3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.

4. Журнал бойынша түгелдеу.

5. Оқу құралдарын түгелдеу.

6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.

7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.

8. Жаңа сабаққа дайындық.

9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

10. Сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.

Өткен сабақтарда өтілген «Алкиндердің қасиеттері. Алкиндердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.

І-тапсрыма.Сұрақ –жауап.

1. Алкиндердің химиялық қасиеттерін айтып, мысал келтіріңдер.

2. Алкандардан алкиндерді қалай алуға болады? Нақты мысалдар келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.

3. Алкиндерді өнеркәсіпте қалай алатынын айтып, сәйкес химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.

4. Алкиндерді лабораторияда қалай алуға болады?

5. Алкиндердің физикалық қасиеттерін сипаттап беріңдер.

ІІ-тапсырма. Кесте толтыру.

1. Мына заттардың қайсылары өзара әрекеттесетіндерін жолдармен тік бағаналардың қиылысатын жерлеріне кестеде плюс «+» таңдасын қойып белгілеңдер.

Заттар

СН3- СН3

СН3 – СН =СН2

СН2= СН – СН =СН2

НС ≡ СН

О2

 

 

 

 

Н2

 

 

 

 

Вr2

 

 

 

 

НВr

 

 

 

 

2. Алкиндердің химиялық қасиеттерін алкандармен және алкендермен салыстырып, қандай реакцияларға түсетіндерін анықтап, кестені толтырыңдар.

Химиялық реакцияның

түрі

Алкандар

(реакцияның теңдеуі)

Алкендер

(реакцияның теңдеуі)

Алкиндер

(реакцияның теңдеуі)

 

Жану

 

 

 

Орынбасу

 

 

 

Қосылу

 

 

 

Полимерлену

 

 

 

ІІІ-тапсырма.

І. Сызбанұсқаны түгендеп, көп нүктелердің орнына қажетті заттардың формулаларын жазыңдар:

1) НС ≡ СН + .... →  С2Н2Вr2

2)  ...  +  НСІ →  С2Н5СІ

3) ... +  ...  → СН3 – СНОН –СН3

4) ... +  2 → ...  +  2О

ІІ. Мына заттарды:

а) бутен -1; ә) бутадиен -1,3; б) бутин-2

гидрлеу реакцияларының теңдеулерін жазып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.

ІV-тапсырма. Сәйкестікті табыңдар.

1.  Реттік санмен ацетиленді алу мен оның химиялық қасиеттерінің жартылай теңдеулері берілген. Әріптермен реакцияға қатысатын екінші зат белгіленген.Жұпта.

1) НС ≡ СН + .... →  С2Н2Вr2                                               А. НgSO4

2) СаС2 + ... → НС ≡ СН + Са(ОН)2                               В. Вr2

3) НС ≡ СН + ...     Н2С = СН2                                  С. 2Н2О

4) НС ≡ СН + .... →  СН3СОН                              Д. Н2

5) НС ≡ СН + .... →  СН2 = СНСІ                         Е. 5О2

6) 2Н2 + .... → 4СО2 + 2Н2О                             Ж. НСІ

V-Тапсырма.Есептер шығару.

1. Массасы 9,9 г дихлорэтан алу үшін хлорсутекпен әрекеттесетін ацетиленнің (қ.ж.) көлемі

Шешуі:

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения