Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.01.2013
0
2285
0

Архимед күші

 Год: 2013

Страна: Казахстан

 

Алматы  облысы, Ақсу ауданы

Ғ.Мұратбаев атындағы  орта  мектептің

физика  пәнінің мұғалімі

Санқайбаева  Ғалия Елемесқызы

 

Сабақ тақырыбы: §55. Архимед күші.

Сабақ мақсаты:

          1.Тәжірибелер арқылы архимед күші туралы ұғым қалыптастыру.

2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, көрсетілімдер.

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Құрал-жабдықтар: аквариум, суы бар ыдыс, Архимед күші, таразы.

Демонстрациялық көрсетілімдер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?
  • Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
  • Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?
  • Металл манометр қалай жұмыс істейді?
  • Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тәжірибе:

Суды суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.

Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?

Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.

Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.

Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?

Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.

Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динакмометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің қрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:

 

Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.ashyk-sabak-fizika.doc [1,82 Mb] (cкачиваний: 57)

Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.

Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?

Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.

Тәжірибе: Білеуше тәрізді денені суға салынады.

IV.Есептер шығару. (Есептер мен жаттығулар жинағы. 7-сынып, В. И. Кем, Б.А. Кронгарт.).

 

 №710, №712, №716, №723.

 

  V. Пысықтау.

  VI. Қорытындылау. 

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §55. 29-ж.№1, №3, №4.

         Скачать:

ashyk-sabak-fizika.doc [1,82 Mb] (cкачиваний: 57)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения