Танабаев Сакен Нуркешевич
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Карагандинская область, город Шахтинск
29.06.2015
0
312
0

Открытый урок по казахскому языку "Қазақстан"

«АУЫЗША САБАҚ – 1»

Сабақтың тақырып: Қазақстан

Сабақтың мақсаты: а) Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгуіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын ақпараттық құзыреттілігін дамыту.

ә) Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылығын таныту.

б) Тілге құрмет ете білуге баулу.

 

Міндеті: технологиялық картаның мақсатына жету

 

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,отырған орындар бойынша сұрақ-жауап \МПМ/

 

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

А) Сәлемдесу

Ә) Кезекшімен сұхбат

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

І. Үй тапсырмасын тексеру

Бүгін біз сабағымызды «БИС» технология бойынша өткіземіз,сіздердің жауаптарыңыз мына отырған орындар бойынша бағаланып, дұрыс жауаптарыңыз \+\, ал бұрыс жауаптарыңыз \-\ деген таңбалар қойылады,сондықтан сабаққа белсенді қатысуларыңызды сұраймын.

 

А                  Б                               В               Г                              Д                Е

+

-

            1

            2

            3

            4         

 

 

            1

            2

            3

            4       

 

 

+

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: сабақта норма талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшандылығы, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру ... .

        

1 белгі.  Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар:

Септіктерді қайталау. Ауызша орындау

 

Жаңа сабақ:

Осыдан кейін сабақтың тақырыбын ашамын.( «ҚАЗАҚСТАН») (слайд №14)

Мақсатын айтып кету.  (слайд №15)

II. Сөздермен жұмыс орындау. (слайд №16)

(Тақтада сөздер жазылады осы сөздерді естеріне сақтап, 30 секунд ішінде, орындарын ауыстырмай жазу керек 7 сөз болуы тиіс, оқушылар дәптерлерін қасында отырған оқушымен алмастырып, неше сөз екенін дәптерге жазады. Мысалы: А-1;  7 сөз болса (+), ал егер Б- 2 ; 7 сөзден кем болса (-) Сонда ғана ООБ-ша  таңбалар қойылады).

2 белгі.  Тірек - сөздермен таныстыру  (Интербелсенді тақтада жазылған сөздер). Жазбаша орындау

 

Мекендеген

кіндігінде

шөлейт

алқап

дәрілік

ауыр индустрия

 

 

ІІІ. Мәтінмен жұмыс: (оқушыларға мәтінді оқуға 3 минут  уақыт беріледі)

Лексикалық тақырыбы: «Қазақстан» .  (слайд №17)

 

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Халқының саны 16 миллионға жуық. Археологтардың айтуы бойынша, Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанның 14 облысында 126 ұлт өкілдері тұрады.

Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс – Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. Еуразия даласының кіндігінде орналасқан. Қазақстан жерінің жалпы көлемі 2 миллион 700 шақырымнан асады. Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша жер көлемі жағынан екінші, ал дүние жүзі бойынша алтыншы орын алады. Қазақ  даласы орман, дала, шөлейт, шөл, таулы аймақ болып бірнеше алқаптардан құралған.

Қазақстан Республикасының Оңтүстік пен Солтүстік, Батысы мен Шығысында табиғаты бір-біріне ұқсамайды. Республиканың оңтүстік аудандарында әр түрлі өсімдіктер өседі. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы – бұл аймақтың байлығы.

Солтүстікте күн ыстық емес, жаңбыр жиі жауып тұрады. Қазақстанның солтүстігінде астық пен көкөніс жақсы өседі.

Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі.

... Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездеспейтін кен байлықтарының бәрі бар.

Қазақстан бұрын көшпелі ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан. Бүгін Қазақстан – ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған, жоғары мәдениетті ел.

 

3 белгі : Мәтін бойынша сұрақ-жауап: (Сұраққа жауап беру үшін 3 секунд уақыт беріледі) 

(слайд №18) Ауызша орындау

1.    Қазақстан қандай мемлекет? көп ұлтты

2.    Халқының саны қанша? 16 миллионға жуық

3.     Қазақстан жерін алғашқы адамдар қашан мекендеген? 300 жыл бұрын

4.    Қазіргі Қазақстанның неше облысы бар? 14

5.    Қанша ұлт өкілдері тұрады? 126

6.    Қазақстан батысында қандай ойпат? Каспий

7.    Шығысында қандай таулары? Алтай

8.    Батысы мен шығысы неше шақырымға созылған? үш мың

9.    Солтүстігінде қандай шыңдары созылып жатыр? Батыс – Сібір

10.    Оңтүстігінде қандай шыңдарымен шектеседі? Тянь-Шань

11.    Солтүстігі мен оңтүстігі неше шақырымға созылып жатыр? бір мың бес жүз

12.    Қазақстан қайда орналасқан? Еуразия даласының кіндігінде

13.    Қазақстан жерінің жалпы көлемі неше шақырымнан асады? 2 миллион 700

14.    Қазақстан ТМД елдері бойынша жер көлемі жағынан нешінші орында? 2

15.    Ал дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? 6

16.    Қазақ  даласы неден құралған? орман, дала, шөлейт, шөл, таулы аймақ болып бірнеше алқаптардан

17.    Оңтүстік пен Солтүстік, Батысы мен Шығысында табиғаты не істейді? бір-біріне ұқсамайды

18.    Қайда әр түрлі өсімдіктер өседі? оңтүстік аудандарында

19.    Оңтүстіктің байлығына не жатады? Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы

20.    Солтүстікте күн қандай? ыстық емес

21.    Солтүстікте не жиі жауады? жаңбыр

22.    Қазақстанның солтүстігінде не жақсы өседі? астық пен көкөніс

23.    Оңтүстік аудандарында не өсіріледі? күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер

24.    Қазақстан жері неге бай? кендерге

25.    Жер шарында кездеспейтін қандай байлықтары бар? кен

26.    Қазақстан бұрын қандай ел болды? көшпелі

27.    Немен айналысқан? мал шаруашылығымен

28.    Бүгін Қазақстан – қандай индустриясы дамыған? ауыр

29.    Не қатар дамыған? ауыл шаруашылығы

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения