Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.01.2013
0
4116
0

Аққулар ұйықтағанда" поэмасы

Год: 2013

Казахстан, Талдыкорган
№9 орта мектептің

Нурасылова Сакатай Ыбрайханқызы

 

Сабақтың мақсаты: Ақынның өміріне шолу жасау, сөзімен өлең өрген   жыр пырағы - Мұқағали   туралы дерек, поэмасының тақырыбы  мен идеясы, қушылардың  поэзия туралы түсініктерін,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

А)Білімділік:Ақынның поэзиясының өміршеңдігін            таныту,көркемдік тілін ашу.

Ә)Дамытушылық:Оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз ойын еркін,жаттық жеткізе білуге,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Б)Танымдық:Өз бетімен іздене білуге,ой қорытуға үйрету.

В)Тәрбиелік мәні: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,кітаптар,бүктеме қағаз.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдісі: талдау,пікір сайыс,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Музыка,тарих,биология.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

 

I.Үй тапсырмасының шарты: «Менің Мұқағалиім»

«Ақынның өзіңе ұнаған өлеңін жатқа айту және сенің Мұқағалиің екенін дәлелде».

 

Сұрақ: «Сенің Мұқағалиің қандай?»

 

 

«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар,онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып шығуды  ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем.Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Басы және аяғы бар.Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...»                                                             

                                                                                                    

                                                                    М.Мақатаев

.  «Ой шақыру» стратегиясы. Біз Мұқағали ақынды –поэзия патшасы десек,ендеше,поэзия патшалығыа сапар шегіп көрейік.Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды.»Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда.Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың  сырына үңіліп көрейікші.Іске сәт!

 

Қазақтың қара өлеңі құдіреттім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген-депті

 

Т.Молдағалиев: «Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы», мен «Аққулар ұйықтағанда» деген дүниесін айтамын.Бұлар-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда «поэмасы  1973жылы «Жалын»альманағында жарияланды.Мұқағалимен кездескенде поэмасын көп мақтадым.»Тұмаш осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым.Разы болып,мына алтын қаламды сыйлады»-деді Мұқағали.Мен: «Өте дұрыс еткен екенсің,Мұқа» Ғабен ұнатса бүкіл халық ұнатады деген сөз»-дедім тебіреніп.Мұқағали бір ойға шолмып үнсіз қалды.Бұл-Мұқағалидің өзінің аққу әні еді.

- Мұқағали –жыр жазудың шебері.Осы поэмада басы артық дүние жоқ.Абай айтқандай,  «теп-тегіс,жұмыр келсін айналасы»деген өлшемге компазициясы да  сыйып тұрған поэма.

 

 

 

Скачать презентацию:

nurasylova-sakatay.ppt [1,58 Mb] (cкачиваний: 165)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения