Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.01.2013
1
4366
1

"Қайырлы түн М.Мақатаев

Год: 2013

Страна: Казахстан

Автор:  Қасымова  Алия Сырымқызы

Сабақтың  тақырыбы: «Қайырлы  түн» М.Мақатаев

 

Сабақтың  мақсаты:

 а)білімділік: оқушыларға Мұқағали Мақатаевтің өмірі, шығармашылығы,

 «Қайырлы түн»өлеңі жайлы толық мәлімет беру.

 ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

 б)тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жаңа сабақтың  дәйек  сөзі:

"Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады" . (Күләш Ахметова).

Алғашқы поэмалар жинағы»Ильич»1964ж , « Армысыңдар  достарым»1966ж, , «Қарлығашым  келдің бе?»1967ж « Бауыржан  Момышұлына» 1967 «Аққулар ұйықтағанда»1974»  «Өмірдастан»1976ж кітаптары жарық көрді.

ž  Өлеңдері  «Қасым солай болмаса»1966ж «Қаздар  қайтып барады мекеніне»1966  «Есіңе мені  алғайсың»1966 «Ұлыма»  1968ж  «Қазынам бар»1968ж..Райымбек,Райымбек1971ж.жазылған1981ж.жаряланды..»

Қайырлы-деген  сөздің  мағынасын  қалай  түсінесіңдер?

ž Қайырлы-(сын есім)-қайырымды, жанға жайлы

ž Қайырымды- мейірімді,қайырымы мол деген  мағыныны білдіреді .

 

 

Мұқағали  Мақатаевтың «Қайырлы  түн» өлеңін  мәнерлеп оқу.

  

  

Өлең мазмұнына  талдау

ž 1.Әйел-Ана сәбиінің   ұйқысын   қалай бұзбай  сақтаса ,   Жер-ана да дәл солай тәтті   ұйқыда таңға дейін   дем  алуын тілейді

 

ž 2.Алып жерді төсек еткен көк аспанның ешқандай соғысқа ұшырамай,таң атар сәтте боз көрпесін айқара жауып ,тыныштықтың аясында дамылдап,тәтті ұйқыда болуын тілейді

Өлең  түрі: Философиялық   лирика.   Философия –табиғат , қоғам мен ойлаудың даму барысындағы  жалпы заңдылықтары туралы ғылым

Тәсілі: Кейіптеу-орманың  шуламасын,  суларың туламасын,күңіренбесін, жыламасын,шамыңды өшір,айың келіп.

Жер-ана.                                                        Тыныштық.

 

Орманыңда шуламасын ,

Суларың да туламасын.

Ақ басты ала тауларың да

 Күңіренбесін,жыламасын!

 

 

Қайырлы түн,

Жер-анам!

Көк аспанды жамыл да,

Таңға дейін   дін аман

Тәтті  ұйқыда  дамылда!

 

Нұрлы  өмір.                                                 Соғысқа  жол  жоқ

 

Қайырлы түн ұйықта.

Шашу  болып жұлдыздарың шашылды,

Айың  келіп ақ мойныңа  асылды.

Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы

Тыныштық деп аталатын  жас ұлды...

 

 

Қайырлы түн,

Ақ аспан, 

Алып жерді төсен де, 

Боз көрпеңді айқара жап иыққа, 

Сенің нұрың  тыныштықпен

жарасқан 

 Тақтамен жұмыс:     Әр өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына талдату (буын, тармақ, бунақ саны, шумағы және ұйқас түрін табу).

Мәтін  бойынша сұрақ

а) «Таңға дейін дін аман», өлең  жолындағы «дін» сөзінің орнына бәрі  ,түгел сөздерін қойсақ  қандай ерекшелік байқалады ?

ә )  «Тәтті ұйқыда  дамылда»өлең жолындағы  «тәтті»сөзінің  орнына  жақсы ,тыныш сөздерін  қойып оқысаңыздар қандай ерекшелік  байқалады?

Дәптермен  жұмыс. Сөйлемді  аяқта!

1. Мұқағали Мақатаев 1931 ...

2. Алғашқы поэмасы...

3. Біз Мұқағалидың...

Мұғалімнің  қорытынды  сөзі.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім  ,

Жыр  жазсам оған халқым елеңдестің.

Өлсе-өлер Мұқағли Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді  ешкім!

Шынымен де ,Мұқағалидың өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмейді,өлмек емес.

 

 


Комментарии пользователей /1/
Bayan_92_e@mail.ru | 24 апреля 2013 10:15
Аынны леін оыса бір керемет кйге енесі

Akinnin olenin okisan bir keremet kuige enesin winked

Agazhan!
Kim janindi jaralagan?
Winimenak mundaiga barama adam,
Oiu jok kuis keude pendeler-ai,
Akinnin oilarina boilamagan.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения