Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.06.2015
0
448
0

Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялардың алатын орны мен тартылу ерекшеліктері

Қазақстан,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

Маңғыстау Энергетикалық Колледжі

 

Экономика пәндерінің оқытушысы

Туракова Маркизат Бекболатовна

Қазақстан Республикасы шетелдік инвестициялар үшін неге тартымды?

         Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, Қазақстан қазыналы ел. Сенімді ақпарат көздеріне сенсек, минералдық қазба байлықтар қорынан дүние жүзіндегі 170-тен астам елдердің арасында Қазақстанның алатын орны мынадай:

вольфрам - 1 орын                                                         

хромит - 2 орын                                                            

фосфор - 2 орын                                                            

марганец - 3 орын

уран - 3 орын                                                                 

қорғасын- 4 орын

молибден - 4 орын

мырыш- 5 орын

мыс - 6 орын                                                                 

күміс - 7 орын

теміррудасы- 8 орын

көмір- 9 орын

никель - 10 орын

мұнай - 12 орын

         Қазақстан жерінің көлемі жағынан әлемде 9-орынды халқының саны жағынан  71-орын алады.      Бұрынғы Совет елінде Қазақстан қазына байлықтар қоры жағынан алдыңғы орынды алатын.          

         Екіншіден, Қазақстанда "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдану туралы" заң қабылданған. Ол республикадағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған. Бұл құжат инвесторлардың мүдделерін қорғайды. Жаңа кепілдіктер инвесторлардың бәсекеге түсу еркіндігін, бір жағынан өз бәсекелестеріне деген қарым-қатынас жасау құқықтарын, екінші жағынан - кәсіпкерлік қызмет түрлерінің еркіндігін, яғни, олардың мемлекетке деген қарым-қатынас жасау құқықтарын қамтамасыз етеді.

         Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялар үшін тартымдылығы мынада. Әлемде 50-ден астам сирек метаддар бар. Олар жер бетінде аз, көп кездеспейді. Бірақ алынуы қиын; қолға қиямет-қайым қиындықпент үседі.  

         Сирек металдар кез келген жерде кездесе бермейді, олар таза күйінде жалпы ұшыраспайды, басқа түсті метаддардың құрамынан жоғары технология жәрдемімен алынады. Қазақстанда олар Алтай таулары мен Сарыарқа даласында шоғырланған. Қазақстан жер бетінде сирек металдар бойынша Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америка секілді аса бай өлке. Біздің кенорындарында кездеспейтін сирек металл жок десе де болады. Уран мен вольфрамды былай қойғанда кенорындарынан тантал мен титан, ниобий мен цирконий, рений мен гелий, молибден мен ванадий алынады.

Әлемдегі бар уран қорының төрттен бірі Қазақстан жерінде жатыр. Оның мөлшері 926 мың тонна, ал әлемдікқоры 4 миллион тоннаға барады. Қазір дүние жүзінде бір жылда 50-60 мың тонна уран шығатын болса, қазақ жерінің қазынасы қаншаға жететінін осыған қарап-ақ есептей беруге болады.

         Қазақстанның таулы-тасты аймақтарының бәрі уранға толып тұрған секілді. Уран өндіру қарт Қаратау қойнауынан басталған, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағының тұңғыш руднигі елуінші жылдардың басында Қордай даласында орнаған. Оған ілесе Шу — Сарысу, Іңкәр, Буденовск, Мыңқұдық кеніштері осы Қаратау мен Бетпакдала өңіріңде, уран қорының тең жартысы Созақ ауданында жатыр.

         Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға іс жүзінде Шығыс және Батыс Еуропаның барлықмемлекетгерімен, арабтық Шығыс елдерімен, Үндіқытай-Корей түбегімен, Түркиямен, Иранмен және Пәкістанменқол қойылды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде көрсетілген елдермен ынтымақтастық табысытыжүзеге асырылуда. Қазақстан мен Германия арасындағы белсенді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық дамуда, Балтық және Қара теңіз жағалауы елдерімен байланыс жолға қойылды.  "Шеврон", "Мобил", "ЭНИ", "Бритиш Газ", "Мицуи", "Харрикейн", "АЕС" және басқа жетекші корпорация компаниялармен жемісті ынтымақтастық дамуда.

Инвестициялар тарту – ұлттық экономикалық идея болуы тиіс. 2010-2020 жылдарға арналған жеңілдетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелдік инвестициялар тарту және осы бағытта дамудың негізгі құралдарының бірі — тікелей инвестициялар тарту болады. Жалпы қолайлы инвестициялық климатты құру жөніндегі шаруалармен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында жобаларды іске асыру жөніндегі трансұлттық компаниялар үшін эксклюзивтік жағдайлар жасалатын болады. 
Ол үшін шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуді ынталандырушы шаруалар кешенін, сол сияқты институционалдық тетіктерін қосатын тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі тұтас жүйені құру белгіленіп отыр.
Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шаралар пакетін қолданудың әртүрлі үш деңгейі бойынша қолдану көзделуде.
1. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін: «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық артықшылықтар; шұғыл және өтеусіз негізде шетелдік мамандар үшін кіру визаларын берудің арнайы тәртібі.
2. АЭА аумақтарында іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін – ең үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып салық салудың айрықша тәртібі. Жеңілдіктер Бағдарламаның Басымдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға беріледі; шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік.
3. Танымал шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялардың қатысуымен ең ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын көздейтін жекеленген инвестициялық келісімдер жасалатын болады.

Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді.         Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.       Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.        
            Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Н.Қ.Мамыров, Д.М.Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева “Халықаралық экономикалық қатынастар”. Алматы “Экономика” 1998.

2. Н.Ш.Әлжанова “Инвестициялық жобалау” Алматы “Қазақ Университеті” 2006.

3. “Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы Заңы.

4. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Статистикалық жинақ // ҚР статистика жөніндегі агенттігі. – Алматы, 2005. – 9 бет.

5. Е.А.Карымсаков Привличение иностранных инвестиций в условиях глобализации: стратегия и механизмы регулирования. Автореферат – Караганды,2003.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения