Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.01.2013
0
2501
1

Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді

Год: 2012
Казахстан, Талдыкорган
№9 орта мектептің

Жоғарғы  санатты математика  пәнінің  мұғалімі

Байділданова  Роза Төлеубекқызы

 

 

 

Мұғалім мамандығы жасандылыққа,

уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді

 

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

 өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»

Ы.Алтынсарин


Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын талпыныстарға жол ашты.

         Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңа қарым-қатынас атап айтқанда, базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтарына көшу, жаңаша ойлау қалыптасуда. «Бақыт жолы тек білімнен табылар», - дейді Ахмет Игүнеки бабамыз.

         Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын орын-мектеп. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Бұл туралы Президентіміз Жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуі тиіс»- деп үлкен сеніммен айтты. Сапалы білімді азаматтар тәрбиелеу ұстаздар үлесінде. Сондықтан да ұстаз білігі, беделі қоғамның назарында. Сапалы білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, білім мен тәрбиені қатар өрістету, жеке тұлғаны қалыптастыру, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу біздің міндетіміз.

         Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»,- деп бекер айтқан жоқ. Өйткені қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіби құзырлылығы басты алғы шарт.

         А. Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім».

         XXI ғасыр – бәсеке ғасыры. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. «Елімізді 2030-жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз тегіннен-тегін айтқан жоқ. XXI ғасыр жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, сауатты, интеллектуалды деңгейі жоғары болуын талап ететіндігі баршаға аян.

         Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру» - деп атап көрсетілген.

         Білім беру сапасын арттыру жолында педагогикалық мониторинг жүргізу маңызды орын алады. Педагогикалық мониторинг-мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтап, қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік жұмыстың мазмұны жаңартылады. Мұғалімнің сұранысы анықталып, бағдарлы жұмысқа жол ашылады. Сондықтан білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын табу, оны тәжірибеге енгізу уақыт күттірмейтін мәселе. Заман талабына орай білім де жаңарып отырады. Білімнің нәтижелілігі – сапасында. Нәтижеге бағытталған білім – сапамен қамтамасыз ету негізі.

         «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деп ғұлама ғылым Ж. Аймауытов айтқандай, әрбір жүргізілген жағдайға сараптама жасаған кезде педагогикалық технологиямен үздіксіз, жүйелі жұмыс істейтін мұғалімдердің көрсеткен нәтижелері білім үрдісін сапамен қамтамасыз ету.

         Атақты педагог-ғылым В.А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол жан-дүниесіне үңіле білу.»

        Педагогикалық шеберлікпен пен педогогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады деп, ұзтаздық өнерге ерекше баға берген. Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы , өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар.

         Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни, жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау  көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені ұстаз алдында егемен еліміздің болашағы отыр. Сондықтан XXI ғасыр мұғалімнің кәсіби құзырлылығына қойылатын талаптар – ертеңгі ұстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Осының бәрі, сайып келгенде, болашақ мұғалімді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті мәселе екендігін айғақтайды. Мұғалімнің кәсіби шыңдалуы бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі қоғам азаматтарының тұлғалық дүниежүзілік білім кеңестігіне шығудың негізі болмақ.

       Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі –жан-жақты, жоғары білімді, шығармашыл қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

      Білім туралы заңда (8бап) білім беру жүйесінің ең басты міндеті «...ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірбие жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»

     Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде «Еркін елдің ертеңі-кемел білім мен кенен ғылымда» дегені жоғарыдағы сөзімді айғақтай түседі. Бүгінгі ғасыр білім ғасыр. Білімді ұрпақ тәрбиешісі – ұстаздар. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

         Оқушыларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу - әрбір ұстаздың абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, этно-мәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет.

         «Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Жаңа адамды тек жаңа адам тәрбиелеуі тиіс. Біздің қоғамдағы мұғалім балаларды болашақ туралы арманмен жігерлендіру үшін, оларды алдағы мұраттарға қазірден үйрететін болашақтың адамы. Мұғалімнің өзі тұлға болуы тиіс немесе өнегелі адамды тек өнегелі адам ғана тәрбиелейді; оның өзі биік парасатты тек ізгі жан дүниесімен ғана балаға дарытуға болады. Мұғалім патриот болуы керек немесе Отанға деген сүйіспеншілікті өз Отанын сүйетін адам ғана оята алады. Мұғалім жан-жақты сауатты және творчествоның адамы болуы тиіс».

         Осы  орайда  N9  орта  мектеп ұжымының  болашақ  жас  ұрпаққа  білім  берудегі  басты  мақсаты  мен  міндеттері  айқындалып, бүгінгі  күнде  шешімін  табуда. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие  беруде  педагогтердің  кәсіби  құзыреттілігінің  өзіндік  жүйесін  құру  арқылы  белгілі  нәтижелерге  қол  жеткізіп  келеді.

          Мұғалімдердің  кәсіби  шеберлігі  мен  құзыреттілігі – білім  сапасын  көтерудің  алғы  шарты  екенін  мақсат  еткен  ұжымдағы  әрбір  педагогтің  өзіндік  жұмыс  жүйесі  айқындалған. Мұғалім мәртебесін көтеру, олардың жұмыс істеуіне, шығармашылығына, демалуына жағдай жасау, үздік мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, тарату, оларды ынталандырып, қолдау көрсету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Осы  орайда ағымдағы жылда  Елбасының халыққа жолдауында білім  саласының  басты  назарда  болып, педагог мамандардың еңбек ақыларының 25 пайызға  көтерілуі – мұғалімдердің  кәсіби  құзыреттілігінің қолдауы  болып  отыр.

         Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ұстаз беделі, ең алдымен, оның жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты екені анық. Егер «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет.

 Скачать:

pedagog-kasibii-kuzyrlygy.doc [39 Kb] (cкачиваний: 36)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения