Мукушова Гульмира Кусайыновна
Должность:преподаватель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ВКО
01.06.2015
0
671
1

"Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды сайысы





 

«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды сайысы

 

 

 

Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:

 

-         Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру

 

-         Логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал жасау

 

-         Студенттердің шығармашылық тұрғыда ұжыммен жұмыс істеуін қалыптасрыру

 

-         Іздеу, зерттеу, шығармашылық әректтерге тән дағдыларды меңгеру жолдарын қалыптастыру

 

 

 

Жабдықталуы:

 

·         Интерактивті тақта

 

·         Табло (раунд қорытындысын көрсету үшін);

 

·         Ордерлер (18 дана)

 

·         ойыншыларға 6 блокнот пен 6 қалам;

 

·         қара жәшік;

 

·         үздік білгірге медаль, сертификат;

 

·         білгірлер командасына I және II дәрежедегідипломдар;

 

·         рефлексия үшін смайликтер.

 

 

 

 

 

Бірінші тур – іріктеу туры

 

Қайырлы күн, құрметті студенттер! «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер! Ойыншылардың арасынан ең үздік 6 ойыншыны таңдауымыз керек. Мен сіздерге сұрақтар қоямын, кім бірінші және дұрыс жауап берсе, соларға ордер беріледі. Егер жауап бергілеріңіз келсе, алдымен қолымызды көтереміз. Әйтпесе жауап саналмайды. Сонымен, бастайық.

 

 

 

 

 

Іріктеу турының сұрақтары:

 

  1. Си тілі қай жылы шықты (1972)
  2. Си тілін құрастырған бағдарламашы (Денис Ритчи)
  3. Си стандарты қай жылы бекітілді (1983)
  4. С++ тілінің негізін қалайшы (Бьерн Строуструп)
  5.  Си тілінде айнымалылар типтері жалпы түрде қалай жіктеледі? (Скаляр және құрылымды)
  6.  Құрылымды типтерге нелер жатады? (Массивтер, структуралар, аралас)
  7. Көпті таңдау операторы (switch)
  8.  Тоқтату операторы (Break)
  9.  С тілі қандай тілден бастау алды (Би)
  10.  С тілі қай қай операциялық жүйе үшін арналып жасалды? (UNIX)
  11.  1978 жылы «Си бағдарламалау тілі» атты кітаптың авторы (Кен Томпсон; Денис Ритчи)
  12.  \n басқарушы тізбегінің қызметі (Жаңа жолға көшу)
  13.  \f басқарушы тізбегінің қызметі (Форматтың ауысуы)
  14.  \а басқарушы тізбегінің қызметі (қоңырау)

 

15.  Көбейтілуге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті шағын компьютерлік бағдарлама (Вирус)

 

16.  Ресей ғалымдары Чебышев пен Однер ойлап тапқан құрылғы (калькулятор)

 

  1. Мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған бағдарлама (мәтіндік редактор)

 

18.  С++ тіліндегі циклдық операторлар (while, do..while, for)

 

 

 

Қосымша сұрақтар:

 

 

 

Іріктеу турының қорытындысы шығарылады, жиналған ордерлер саны бойынша 6 үздік ойыншылар анықталады, оларға нөмірлері бар эмблемалар тағылады (1, 2, 3, 4, 5, 6).

 

 

 

Екінші тур - "Не? Қайда? Қашан?" ойыны

 

Сіздер команда капитанын таңдап алу керексіздер.

 

Сонымен, білгірлер командасының капитаны_________________.

 

 

 

Сіздер сұрақтар тақтасын айналдырып, сұрақты анықтайсыздар. Сұрақтар интерактивті тақтада көрсетіледі. Сіздерге ойлануға белгілі бір уақыт беріледі, сіздерге алдын ала жауап беріп, қосымша уақытты басқа сұраққа қолдануыңызға болады. Естеріңізде болсын, секторлардың арасында блиц-сұрақтар секторы бар, егер бұл сұрақтың жауабын ойыншы дұрыс бермесе, ол ойыннан шығады. Бұл жағдайда оны іріктеу турындағы ордеры бар ойыншымен алмастыруға болады. Ойын 6 ұпайға дейін жүреді. Ойынның соңында команданың үздік ойыншысы анықталады, оған ерекше сыйлық беріледі.

 

 

 

Сектор 1. 1997 жылдың аяғында ерекше чемпионат болып өтті. Оған қатысқандар өзі сияқтылардың көзін құрту бойынша сайысқа түсті. Оның жеңімпазы Ресей елінен болды, және ол өте жақсы нәтиже көрсетті: 10000-нан 9600-ін, яғни 96%-ын жойды. Ал американдық бәсекелестері одан 2%-ға артта қалды. Сұрақ: Бұл қатігез жоюлардың құрбандары кім болды?

 

Жауап: компьютерлік вирустар.

 

 

 

Сектор 2. - блиц-сұрақ. 1 адам 3 сұраққа бірден жауап береді.

 

Кім жауап береді?

 

Келесі шифрланған сөздерді анықтаңыздар:

 

1.      Алмагомаритмма (алгоритм - әр буыннан соң «ма» тіркесі жалғанып отырды)

 

2.      амалрадғаб  (бағдарлама – керісінше оқылады)

 

3.      аккомакпьюактер (компьютер - әр буынның алдына «ак» тіркесі жалғанған)

 

 

 

Сектор 3. - қара жәшік.

 

«Золотой ключик» ертегісіндегі Тортилла тасбақа Буратиноға алтын кілтті жай ғана бермей, 3 қорап алып шыққан: қызыл, сары, және жасыл. Қызыл қорапта былай деп жазылған: «Алтын кілт осында», сары қорапта: «Жасыл қорап бос», ал жасыл қорапта: «Мұнда жылан бар». Барлық жазбалар дұрыс емес. Құрметті білгірлер! Алтын кілт қай қорапта?

 

Жауап: жасыл

 

 

 

Сектор 4. Ассемблермен (тек онымен ғана емес) жұмыс істеген кез келген бағдарламашы «Debugging» не екенін біледі, яғни бұл бағдарламадағы қателерді жою процесі. Бұл ұғым Гарвард университетінде «Марк 1» компьютері жұмыс істемей қалған кезде пайда болды. Сұрақ: компьютердің не себепті жұмыс істемей қалғандықтарын айтыңыздар.

 

Жауабы: Жәндітер (Bugs). Реле контактілеріне кездейсоқ күйе (моль) кіріп кеткен.

 

 

 

Сектор 5. Шведтік түсті жүргізу жүйесі бойынша күлгін түс R50B деп белгіленеді. Осы белгілеудің мағынасын түсіндіріп беріңіздер.

 

Жауап: 50% қызыл мен 50% көк түс (RED 50% BLUE).

 

 

 

Сектор 6. Леонардо Фибоначчи (Леонардо Пизанский) – италиялық ірі математик, «Абак туралы кітаптың» авторы (1202 ж.), өз кітабында есептеудің 3 әдісі бар екенін жазған. Біріншісі – абактың көмегімен, екіншісі – сандардың көмегімен. Сұрақ: Үшінші, ең танымал, барлықтарыңыз кезінде қолданған әдіс қандай?

 

Жауап: саусақтардың көмегімен.

 

 

 

Сектор 8.Көпшілік адамдардың өз ұрандары болады. Мысалы, мушкетерларда –  «Біреуі барлығы үшін, барлығы біреуі үшін», АҚШ-та – «Көптің ішінен біреуі», Парижде «Қалықтайды, бірақ батпайды», Джон Сильверде «өлгендер тістемейді» және т.б. Енді жақсылап ойланып, IBM фирмасының ұранын айтыңыздар.

 

Жауап: "Think!" – "Думай!"

 

 

 

 

 

Сектор 9.Microsoft компьютерлік фирмасы компанияның тарихы туралы мұражай ашты. Көптеген экспоненттердің арасында қабырғада қызыл телефон ілініп тұр. Тұтқаны алып, мұражайға келген адам, қызметкерлердің айтуы бойынша фирмадағы ең маңызды адамның дауысын ести алады. Сұрақ: қызыл телефон арқылы кімнің дауысын естуге болады?

 

Жауап: Пайдаланушы (клиент). Тұтқаны алып, клиенттердің техникалық қызмет көрсетуші адамдармен кәдімгі сөйлегендерін естуге болады.

 

 

 

Сектор 10.Филипп Аурих деген бір адам Гиннестің рекордтар кітабына кіргісі келіп, ағылшын, неміс және француз тілінде 308 сөзді қандай да бір құрылғының көмегімен жазады. Бірақ бұл құрылғы жазу үшін арналмаған. Сұрақ: бұл қандай құрылғы?

 

Жауап: микрокалькулятор.

 

 

 

Сектор 11.Жапонияның әйелдерге арналған журналында кейінгі кездері жаңадан шыққан модельдің фотосуреті жарияланып жүр. Бұл өте әдемі модель күншығыс елінің көптеген тұрғындарының жүрегін жаулап алды. Журналисттердің оның жеке өмірі туралы ақпаратты алуға деген талпыныстарының барлығы бекер болды. Алайда, сіздердің көпшіліктеріңіз бір минуттан соң оның «әкесінің» мамандығын айта аласыздар.

 

Жауап: Бағдарламашы (модель виртуалды).

 

 

 

Сектор 12. Чехияда бір халықаралық сөзді өздерінше атады. Чех тілінде бұл сөз былай оқылады: «почитач». Бұл сөз нені білдіреді?

 

Жауап: Компьютер.

 

 

 

Сектор 13. «Сони» вице-президенті Тошитада Дой былай дейді: «ХХ ғасырдың соңғы 10 жылы компьютерлерге тиесілі. Ал келесі 10 жыл - ... тиесілі».

 

Сұрақ: Көп нүктенің орнында қандай сөз болу керек?

 

Жауап: роботтарға.

 

 

 

Сектор 14. Бір топ британдық дәрігерлер қызметкерлердің көбінің нашар күйлерінің не себепті болатынын анықтамақшы болды: офис қызметкерлері жұмыс соңында бас ауруына, арқасының және мойнының сырқырауына, көзінің қызаруына, көңіл-күйінің түсуіне, күшінің құлдырауына шағымданады. Дәрігерлердің пікірінше, бұлардың бәріне кінәлі... Сұрақ: кінәліні атаңыздар.

 

Жауап: Компьютер. Нашар сезіну компьютерден шығатын электромагниттік сәуленің әсерінен болады. Ең жаңа деген компьютерлер 6 метр радиусқа дейін сәуле шығарады. Сәулелер адам денесі тұрмақ, тіпті бетон қабырғадан өте алады. Көп жағдайларда, радикулит, катар және депрессияны емдеу үшін жай ғана компьютердің алдында отырмау керек.

 

 

 

Сектор 15. Әр бір үй шаруашылығымен айналысатын әйел өз үйінде өрмекші өрмегінің пайда болуына жол бермейді, пайда болса да, жоюға тырысады. Ал бір өрмек бүкіл әлемді орап алды. Осы өрмекті атаңыздар.

 

Жауап: Интернет (WORLD WIDE WEB (WWW) – Бүкіләлемдік өрмек).

 

 

 

Сектор 16. Бір автомобильдерді сақтандыру компаниясының компьютері өз клиенттерінің біріне 0 доллар 0 центке шот жібереді. Клиент, әрине, ештеңе төлеген жоқ, сондықтан оған келісім-шартты бұзуға тура келетіндігі жөнінде ескерту келеді. Клиентке осы жағдайдан қалай шығу керек?

 

Жауап: Ол сомасы 0 доллар 0 центке чек жібереді. 

 

 

 

Сектор 17. 86 sмopuiM дегеніміз не?

 

Жауап: Windows 98 төңкерілген түрде.

 

 

 

Сектор 18. 1965 жылы Пентагонда олардың саны 4, 1985 жылы олардың саны 35 миллионнан асты, ал қазір олар жүздеген миллионнан асады. Оларды не біріктіреді?

 

Жауап: Желі (Интернет). 1965 жылы Интернет құрылған жылы, желі 4 компьютерді біріктірген болатын.

 

 

 

Сектор 19. Римдік санау жүйесінде сандардың орнына латын әріптері қолданылады.

 

 

 

I

V

X

L

C

D

M

1

5

10

50

100

500

1000

 

 

 

ССХХХII санының мәні 100+100+10+10+10+1+1=232 қосындысынан тұрады. Бірақ егер сол жағында кіші сан, ал оң жағында үлкен сан тұрса, онда мәндері азайтылады. Келесі сан нешеге тең: МСМХС1Х?

 

Жауап: 1999

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения