Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
26.05.2015
0
664
1

Қазақтардың рухани мәдениеті, мерекелері мен ұлттық ойындары, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

Қазақстан,Қызылорда  қаласы

И.Әбдікәрімов  атындағы  Қызылорда аграрлық - техникалық колледжі

Қоғамдық пәндер циклының  оқытушысы

Досмамбетова Алтын Ажарбаевна

Сабақтың мақсаты:

  •         Оқушыларды қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесімен, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру, олардың қоғам өміріндегі маңызын ашу;
  •         Анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу машықтарын жетiлдіру, қосымша деректерді пайдалана  білуге үйрету;
  •         Халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпына құрметпен қарап, мақтаныш етуге және еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдері АКТ, Блум таксономиясын, СТО технологиясының Кластер, тақырыпты ашу, негізгі идеяны түсіну, топтық жұмыс барысында қабілетті, ой түйіндеуіне орай талантты және дарынды оқушыларды анықтау,

Көрнекілік: интерактивті тақта, сызба, видеоролик

Негізгі түсніктер: қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы, халық мәдениетінің ерекшеліктері, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлердің маңызы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1.   Оқу құралын тексеріп түгендеу
  2.   Оқушы зейінін сабаққа аудару
  3.   Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1-тапсырма: Кластер стратегиясы бойынша үй тапсырмасын пысықтау

  1.      ХҮІІІ ғ. ХХ ғ. бас кезіне дейінгі қазақ ауылы туралы не білесіңдер?
  2.      Дала тұрғындарының қысқы және жазғы үйлері қандай болды?
  3.      Мал өсіру ісінде қандай өзгерістер болды?
  4.      Қазақтар күзде және көктемде жерді қандай мақсатпен өртеді?
  5.      Жұт мал өсіруші қазақтарға қандай қиындықтар туғызды?
  6.      Дала тұрғындары малды қалай емдеді?
  7.      Қазақтарды пішен шабуға мәжбүр еткен қандай жағдайлар болды?
  8.      ХІХ ғ. аяқ кезінде қазақтардың егін егуге бет бұруының себебі неде?

Видеоролик:

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1.   Ұлттық мерекелер
  2.   Ұлттық ойындар
  3.   Қазақтардың денсаулығы
  4.   Халық емшілері
  5.   Атақты қазақ спортшылары

Әдет-ғұрып пен дәстүрлердің қазақ халқы өміріндегі рөлі

2-тапсырма: Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар

І топ

Білу

Ұлттық мерекелер

Наурыз, сүндет той, тоқым қағар,

 

ІІ топ

Түсіну

Ұлттық ойындар

Көкпар, аударыспақ, ақсүйек, айгөлек

 

ІІІ топ

Қолдану

Қазақтардың денсаулығы

И.Г.Андреев, Ф.фон Шварц, А.Гейнс

 

ІҮ топ

Талдай

Халық емшілері

Ибн Сина, жусан, арша, аю, борсық, бақсы-балгер

 

Ү топ

Жинақтау

Атақты қазақ спортшылары

Балуан Шолақ, Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Постер қорғау, әр топқа қағаз, түрлі-түсті пламастерлер беріледі:

3-тапсырма: Тарихи диктант

Алтын Орда, Қымызмұрындық, Аударыспақ, Тамырлық, Арша, Наурыз, Балуан Шолақ, Гейнс, Сперанский, Төрт түлік мал, Эссен, Шыңғысхан, Ресей, Ибн Сина, Емші.

4-тапсырма: Кері байланыс

  1.   Қазақтар көктемгі күн мен түннің теңелуін Жаңа жылдың басын қай аймен байланыстырады?
  2.                         Қыркүйек
  3. Наурыз
  4. Қаңтар
  5.   Балалардың ең көп тараған ойыны?
  6.                         Айгөлек
  7. Көкпар
  8. Қазақша күрес
  9.   Ер адамдардың кеңінен тараған ойыны?
  10.                         Алтыбақан тебу
  11. Асық ойнау
  12. Көкпар
  13.   «Олардың (қазақтардың) арасында көптеген адамдар 100 жасқа дейін, тіпті одан да көп жасаған» – деп жазған орыс зерттеушісі?
  14.                          А.Гейнс
  15. Ф. фон Шварц
  16. И.Г.Андреев
  17.   Қазақтардың баланы жас кезінен атқа отырғызатыны туралы жазған неміс зерттеушісі?
  18.                         А.Гейнс
  19. Ф. фон Шварц
  20. И.Г.Андреев
  21.   Сынған сүйекті салушыларды халық арасында қалай атады?
  22.                         Тәуіп
  23. Сынықшы
  24. Оташы
  25.   Халық емшілері кімнің медициналық трактаттарымен таныс болатын?
  26.                         Әл-Фараби
  27. Гиппократ
  28. Ибн Сина
  29.   Психикалық дерті бар адамдарды емдегендер:
  30.                         Оташы
  31. Бақсы-балгер
  32. Дәрігер
  33.   Бала кезінде қолының саусақтарын күйдіріп алғандықтан Балуан Шолақ атанып кеткен балуан?
  34.                         Қажымұқан Мұңайтпасұлы
  35. Жақсылық Үшкемпіров
  36. Нұрмағанбет Баймырзаұлы
  37.   ХІХғ. аяғы ХХ ғ. І жартысында бүкіл әлемге танылған қазақтың ұлы балуаны?
  38.                         Қажымұқан Мұңайтпасұлы
  39. Жақсылық Үшкемпіров
  40. Нұрмағанбет Баймырзаұлы

Тест қорытындсы:

 1.В, 2.А, 3.С, 4.С, 5.А, 6.В, 7.С, 8.В, 9.С, 10.А

Бағалану критериі

10-9 = 5

8-7=4

6-5=3

4-1=2

ІV. Сабақтың қорытындысы:

Дәстүрлі қазақ қоғамының өмірінде мерекелердің, ұлттық ойындар мен спорт жарыстарының алатын орны ерекше. Мерекелерде адамдар жаппай бас қосып, бір-бірімен сөйлесуге, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алды. Ұлттық ойындар мен спорт жарыстары жастарды төзімділікке, ұстамдылыққа, тапқырлық пен әбжілдікке баулиды. Олар кез келген дене еңбегі мен ауыр сынаққа әрқашан дайын болып өседі. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

V. Бағалау:

Өзін-өзі бағалау

Мазмұны

Өте жақсы түсіндім

Жақсы түсіндім

Орташа түсіндім

Түсінбедім

Ұлттық мерекелер

 

 

 

 

Ұлттық ойындар

 

 

 

 

Қазақтардың денсаулығы

 

 

 

 

Халық емшілері

 

 

 

 

Атақты қазақ спортшылары

 

 

 

 

 

VI. Үйге тапсырма беру:

Ұлттық ойындар мен спорттық жарыстадың ережелері туралы мәлімет жинау. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения