Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
24.05.2015
0
681
0

Жәндіктер

Қазақстан, Павлодар облысы, Качиры ауданы, Песчан ауылы

Песчан «Балдырған» балабақшасы

Қазақ тілі мұғалімі

Абишева А.А.

Мақсаты: а) Балаларға жәндіктер жайлы түсінік беру.

ә) Балалардың сөйлеу тілін дамыту, тілдерін жаттықтыру.

б) Жәндіктерге қамқорлық сезіммен қарай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: жәндіктер бейнеленген суреттер, жәндіктердің дыбысы жазылған аудиожазба, араның ұясына жетуге арналған сызба.

Қостілділік компонент: жәндіктер-насекомые, көбелек-бабочка, инелік-стрекоза, шегіртке-кузнечик,  қоңыз-жук, құмырсқа-муравей, маса-комар.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Аманбысын жарқын күн,

Аманбысын достарым.

Бүгінгі күн нұрлы күн,

Шаттығын бізге сыйлайтын!

 

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Ал, сендер көктем айларын білесіңдер ме?

-Көктемнің қандай ерекшеліктері бар?

 

Шаттық шеңберіне тұрып мұғаліммен амандасады.

 

 

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Жаңа тақырып.

Мұғалім балаларға жәндіктердің дыбысы жазылған аудиожазбаны тындатады.

-Балалар, сендер жаңа ненің дыбысын тыңдадыңдар?

-Өте жақсы, балалар, дұрыс айтасыңдар. Біз жәндіктердің дыбысын тыңдадық.

Көктем мезгілінде жәндіктер де өз тіршілігін бастайды. Инеліктер мен көбелектер бір-бірімен жарыса ұшады, шегіртке шөптен шөпке секіреді, құмырсқа өз илеуіне дән тасиды. Біз жәндіктерге қамқорлық сезіммен қарауымыз керек.

Жәндіктердің суретін көрсетіп, атын атап, қайталатады.

 

 Дыбыстық жаттығу.

құ-құ-құ - құмырсқа

лік-лік-лік – инелік

кө-кө-кө – көбелек

қо-қо-қо-қоңыз

 

Сергіту сәті.

Мұғалім балаларға жәндіктердің суретін көрсетеді.

Көбелек

Қоңыз

Маса

Шегіртке

 

 

Дидактикалық ойын. «Жұмбақ сурет»

Бір балаға жәндіктің суретін беріп, оны суреттетеді. Қалған балалар оның қай жәндік екенін табады.

 

 

 

 

Қызықты тапсырма.

-Балалар, мына ара ұясын жоғалтып алыпты. Сендер оған ұясына жетуге көмектесулерің керек. Ол үшін үзік сызықтарды бастырып жазуларын керек. Сонда ара ұясына жетеді.

 

                   

 

 

Дидактикалық ойын.

«Тез ата»

Балаларға жәндіктердің суретін көрсетеді.

 

Жаттап ал.

 

Құмырсқа-ау, құмырсқа,

Аялда, сәл тыныста.

Айтшы неге таң атпай,

Асығасың жұмысқа.

(Г. Абдрахимова)

 

 

 

 

-Жәндіктердің.

 

 

 

 

 

Мұғалімнің әңгімесін тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Жәндіктерді атап қайталайды.

 

Сөз бөліктері арқылы жаңа сөздерді қайталап айтады, тілдерін жаттықтырады.

 

 

Көрсетілген суретке сәйкес қимылдар жасайды.

Көбелек сияқты ұшады.

Қоңыз сияқты жүреді.

Маса сияқты ұшады. Шегіртке сияқты секіреді.

 

Суретті ұстаған бала өз ойынан жұмбақ құрастырады:

-Бұл жәндіктің төрт қанаты бар. Өте әдемі жәндік.

Балалар қай жәндік екенін табады:

-Бұл-инелік.

 

 

Балалар араға ұясына жетуге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретте көрсетілген жәндікті тез атайды.

 

 

Өлең шумағын жаттап алады.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорыту.

Сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау.

-Балалар, біз бүгін сабақта қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Араға қандай көмек көрсеттік?

-Не үйрендік?

Сұрақтарға жауап береді

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Сабақта өтілген жаңа сөздерді.

Нені меңгереді: Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдап түсінуді.

Нені игереді: Жәндіктерге қамқор болу керектігін.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения