Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
24.05.2015
0
432
1

«Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері»

Казахстан, г. Астана

ГУ «Школа-гимназия №32»

Учитель казахского языка и литературы

Досимова Л.Н.

 

«Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»

 

(Л. С. Выготский)
       «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
       Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі - оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатында жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.
       Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технолгиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқудың әр түрлі құралдары, кестелері, оқулықтары, техникалық құрал – жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Қазақ тілі мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға көтеру үшін шәкірттерінің білім – құмарлық қасиеттерн дамытып, білім алуға қызығушылығын арттыруды көздейді. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет.
        Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, сонда ғана біз басқа ұлт балаларын қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.
Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді. Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. Мен өз тәжірибиемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлессіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:
• Сыйластық ( бір – біріне бірдей бағынышта болу);
• Жауапкершілік ;
• Топқа бөлгендегі әр тектілікті ұмытпау;
• Топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету;
• Тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру;
• Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету;
• Топта ұтымды жұмыс істеу.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:
• Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы;
• Жиі- жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;
• Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы;
• Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы;
• Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.
        Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.
        Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдың қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал мұғалімнің мақсаты- оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды.
        Сонымен, қорыта келгенде, айтарым – орыс мектебінде қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі бұдан да кем емес.
Сөйтіп, осында жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күннен- күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады, өзін – өі бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді. 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения