Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
24.05.2015
0
493
0

Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы

№15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі

Үсенова Айнұр

Оқыту  мақсаты:    Мәтінді  пішімдеудің   негізгі  тәсілдерін (қаріп, абзац)    АКТ-ны   практикада   қолданудың  нәтижесінде тақырыпты   өзара  меңгерту.

Табыс   критерийі:

  1.     Мәтінге  ақпаратты   енгізуді  білем.
  2.     Мәтінді    ерекшелеу   тәсілдерін   қолданамын.
  3.     Үзінділермен  жұмыс  істеп,  ақпаратты   өңдеп, жинақтаймын.

 

Сабақтың  барысы:

Сабақ  кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушының  іс-әрекеті

Көрнекіліктер

Кіріспе

 

3 минут

Сәлемдесіп «Шаттық   шеңберін  құру»  арқылы   ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыру

 

Топқа  бөлу . Түрлі-түсті  стикерлер   бойынша  топқа  бөлу

Оқушылардың  көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне ыстық  лебіздерін   білдіреді.

 

Оқушылар стикердің түсіне қарай 4 топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

Спикерлер

Тұсаукесер

 

 

 

  5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қарлы кесек» әдісін  қолданып өткен  тақырыпты  қайталауға  арналған сұрақтарын  жасырамын:

1.Бос  әріпті  қалай  енгіземіз?

2.Бос  орын  қай  кезде   қойылады?

3.Enter   пернесін  қай   кезде  басу керек?

4.Ұзын  сызықша  қалай  қойылады?

5.Мәтін  бойынша  жылжу   пернелерін  атаңдар.

 

 

 

Оқушылар  берілген   сұрақтарға  жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

Қима  қағаз

 

 

 

Негізгі  бөлім

 

10 минут

«Миға   шабуыл»  әдісімен  жаңа тақырыпқа   байланысты  сұрақтар  бердім

1.Мәтіндік  редактор    дегеніміз  не?

2.Мәтіндік  редактордың   қызметі  қандай?

3.Қалай қолдануға  болады?

4. Мәтінді  қалайша    ерекшелеуге  болады?

Оқушылар  топтық  жұмыс  жүргізе  отырып жауаптарын   плакатқа  түсіреді. Постер   қорғайды.

Плакат,

Маркер

Түрлі-түсті қағаз

Жаңа  тақырыпты  пысықтау

15 минут

 

5 минут

 

Компьютермен  жұмыс.

А,В,С  деңгейлі  тапсырманы  беру.

 

«Сәйкестендіру»  тесті арқылы   сабақты  қорыту

 

Әр  топ  компьютермен   тапсырманы   орындайды.

 

 

Әр  оқушы  тапсырманы   жеке  орындайды

 

Оқулық, ноутбук

 

 

Оқулық , жұмыс дәптері

 Қорытынды  бөлім

2 минут

Рефлексия

БББ   әдісімен оқушылар сабақта білетінін, білгенін, білгісі келетінін  жазады

Сабақтан алған  әсерлдерін   стикерге  жазып, іледі

Стикер,

 

Бағалау

2 минут

Критерий  арқылы  өзара бағалау парақшасын   таратамын.

Топбасшы  өз тобын бағалап жиынтық баға шығарады.

 

Үйге  тапсырма

3минут

 § 22  оқып келу.  Өзің   тексеруге  арналған   тесті орындауға   тапсырамын

Күнделіктеріне   жаздыру. Түсінбеген  сұрақтарын сыныпта талқылау

 

 

                            №1  сабаққа   рефлевсивтік     есептер

Сабақ   қалай  өтті? Кембридж   тәсіліндегі   теориялық   білімдерімді  мектептегі  тәжірибе   кезеңінде алғашқы    тізбектелген   сабағымды  5 «ә» сыныпта     «Мәтін  үзінділерін    ерекшелеу»  тақырыбында   өттім. Сабақты    ынтымақтастық  атмосферасын   құру  мақсатында  «Шаттық   шеңбері »  арқылы   бір-біріне  тілек айтты. Сабағым  8 наурыз  қарсаңында  болғандықтан  , олар  Наурыз   мерекесімен  құттықтады. Кейін   топқа   бөлу үшін    көздерін   жұмғызып  4 түсті  спикерлерді  шекелеріне  жабыстырып  шықтым. Оқушылар  көздерін   ашып   өздерінің   түсіне   қарай   4 топқа  бөлінді. Дайын  болған   топ   үш  шапалақпен   белгі  білдірді.

       Сабақты    өткен   тақырыпты    қайталау  мақсатында   «Қарлы  кесек» әдісін   қолданып ,   үй  тапсырмасын  параққа   жазып  топтар бір-біріне  лақтырады, жауап берген   топқа  күліп тұрған смайлик беріледі.   Үй тапсырмасын   қайталап  болған соң   жаңа тақырыпты   «Миға  шабуыл» әдісімен  бірнеше   сұрақтарға  жауап  бере  отырып  топтық  жұмыс  жүргізеді. Оқулықтан  , интернеттен  сұрақтарға жауап беріп, постер   қорғайды . Оқушыларда   сыни  тұрғыдан  ойлана   жауап  айтады. Сонымен   қатар   оларда  топтық  диалог  жүреді. Себебі   өзара  келісу арқылы   білгендерін   плакатқа  түсіреді.

     Жаңа  тақырыпты     қолдану  мақсатында оқулықтан   компьютермен  жұмыс  жасау   үшін   А,В,С  деңгейлі  тапсырмаларды    бердім.Бұл  тапсырмада   топтық   жұмыспен  орындалады. Әр топ  ноутбукпен  жұмыс жасағанда  тізгінді    көшбасшы  оқушылар   өз  қолдарына  алады.  Тапсырманы  орындау барысында   оқушылар  сыни   ойланады .

    Тақырыпты    пысықтау  үшін    «Сәйкестендіру  тесті»  жаттығуын  орындаттым.  Бүгінгі  сабақтан   не  білгенін, не  түсінгенін    байқау  мақсатында   тесті  оқушылар   жеке   орындады.

    Сабақ  соңында   «БББ» стратегиясымен  кері  байланыс   жүргіздім. Оқушылар  түгел   өз ойларын  жазып, өздерін  бағалады.

   Не  сәтті   болды?

 Оқушыларды  сабаққа   түгел  қамтылды. Өздерін  бағалау   оқушыларға  ұнады. Пәнге   деген   қызығушылықтары  артты.

Не   сәтсіз  болды?  Уақытты тиімді  пайдаланбауым.  Оқушылардың   топ   ережесін    сақтамауы.  В оқушымның    топқа  қосылмауы.

 

Келесі сабақта   кедергіні  жою  жолдары:  уақытты  тиімді  қолдануға  оқушыларды  дағдыландыру, топ  ережесін  қайталау, В  оқушыма   төменге  деңгейлі  тапсырмаларын  беру. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения