Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
22.05.2015
0
1048
6

Математикадан ашық сабақ "5 санын қосу және азайту"





 

БҚО, Орал қаласы

№20 орта жалпы білім беретін мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Аманшина Гульнара Букесовна

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:  Білімділік: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ізденуін, ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой- өрісін ойлау қабілеттерін дамыту. Математикаға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

                                                                                                     

Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы

Сабақтың тегі: ойын сабақ

 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, шығармашылық жұмыс.

 

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

 

         Сабақтың көрнекілігі: Аққала макеті, топшамалар, логикалық тапсырмалар, ойындар.

 

Сабақтың барысы:

 

I. Ұйымдастыру бөлімі:

 Психологиялық дайындық.

 

Біз ақылды баламыз,

Бар білімді саламыз.

Есеп, өрнек ойынның,

Жауабын тез табамыз.

 

II. Қызығушылығын ояту.

 

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-        Қыс мезгілі.

-        Ендеше, біз бүгін қыс мезгіліне саяхатқа шығамыз.

-        Қыс мезгілінде қандай ойын ойнайсыңдар?

-        Шана, шаңғы тебеміз, қар лақтыру, аққала жасаймыз.

-        Олай болса, аққала жасап ойнайық. Ол үшін тапсырмаларды орындауымыз қажет.

-        I-топ «Алғырлар»   II-топ «Тапқырлар»      III-топ «Ойшылдар»

Үй тапсырмасын тексеру.

Мысал 4

 

10-1=9                  9-3=6                 8-5=3

7+2=9                   6+4=10               7+1=8

5-4=1                    4+4=8                 6-3=3      (Аққаланың бірінші бөлігін орналастыру.)

 

Қосу және азайту амалдарының атауларын ауызша сұрау.

Алма ағашынан алма теру арқылы үй тапсырмасын қорытындылайық.

6*9       8*5        4*7         3+6      4+5       10-4

 

 

III. Жаңа сабақ

 

Оқушылар мен сендерге санамақ жолдарын айтамын, осы санамақ арқылы жаңа сабағымызды анықтап аламыз.

 

Бас бармағым-әкем

Балан үйрек-анам

Ортан терек-ағам

Шылдыр шүмек-әпкем

Кішкене бөбек –сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз

 

Жұмбақтар

 

 

Алма бағы жайнаған, қызыл алма айналам,

Алдым үзіп үшеуін, тағы алдым екеуін

Алдым сонда нешеуін?

                                      (бес)

 

Ағаш басында 1 торғай отыр. Тағы 4 торғай ұшып келді. Бұтақта барлығы неше торғай болды?

 

Өрісте 10 қой жайылып жүр. 5 қойды қораға айдап кіргізді. Өрісте неше қой қалды?

 

Самат 3 алабұға және табан балықтың 2-еуін артық аулады? Неше табан балық аулады?

(Аққаланың екінші бөлігін орналастыру.)

 

Олай болса балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 5 санын қосу және азайту. Санның құрамы

   5 қандай сан?  Натурал сан, біртаңбалы, қасиетті сан.

                     

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

 

Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.

 

Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.

 

                                              +                                                   = 10

 

 

Сурет бойынша кесте құру:

 

1+5=6                             3+5=8                    5+5=10            5+2=7        5+4=9

 

 

2+5=7                             4+5=9                    5+1=6              5+3=8         5+0=5

 (Аққаланың үшінші бөлігін орналастыру.)

 

Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

-оқулығымызды ашайық.

 

 

 

№1 Өз бетіндік жұмыс.

Қосылғыштарының бірі 5 болатын қосындыларды жаз және мәндерін тап.

 

5+4=9          5+3=8          5+2=7        5+1=6

 

Азайтқышы 5 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап.

 

10-5=5         9-5=4            8-5=3              7-5=2        6-5=1      5-5=0

 

Кез келген санға 0-ді қосқанда, сол сан өзі шығады.

Кез келген санға 1-ді қосқанда, келесі сан шығады.

Кез келген санға 2-ні қосқанда, екі аттағандағы сан шығады.

Кез келген санға 3-ті қосқанда, үш аттағандағы сан шығады.

Кез келген санға 4-ті қосқанда, төрт аттағандағы сан шығады.

Кез келген санға 5-ті қосқанда, бес аттағандағы сан шығады.

(Аққаланың екі қолын орналастыру.)

 

№2

 

5+5=10      10-5=5      4+5=9     9-5=4

 

№3

 1, 5, 9                                       I-топ

өсу реті: 5, 6, 7, 8, 9, 10           II-топ

кему реті: 10, 9, 8, 7, 6, 5         III-топ

 

 

№5 есепті шығару.

 

Есепті оқу, талдау.

-Есепте не туралы айтылған? (есепте ою туралы айтылған)

-Не белгілі? (Аиданың 9 сурет салып, 5-уін бояғаны белгілі)

-Не белгісіз? (неше оюды бояуы керек екені)

Салды-9 ою

Бояды-5ою

Бояуы керек?

Шешуі: 9-5=4

Жауабы: 4 ою бояуы керек.

(Аққаланың бас киімін кигізу.)

 

Сергіту сәті:

Логикалық қызықты әзіл есептер.

1.Тауық 1 аяқпен тұрғанда 5 кг. Екі аяқпен тұрғанда неше кг? (5кг)

2.Заттарды бір- біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз? (қосу амалы)

3.4 жұмыртқа 4 минутта  піседі. 1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минут)

 

 

 

Ойын: «Құлпынай теріп алайық»

 

 

«Көршісін тап ойыны»

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения