Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
28.12.2012
0
3781
0

Қонақ күту

Год: 2012

Страна: Казахстан

Астана қаласы

№28 орта мектебі

Өткізген: Букенбаева С. Н.

Сабақтың тақырыбы:

Қонақ күту 

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: өткенді қайталау, қонақ күту   туралы қысқаша әңгіме құрату, білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Тыңдап түсіну, сөйлеу, жазу әрекеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, білімнің қажеттілігін терең ұғына білуге тәрбиелей түсу, қазақ халқының  салт - дәстүрін  құрметтей білуге, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, аудару, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Оқыту формалары: жеке, жұптық, топтық.

                                                       

                                                  Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
  2. Психологиялық дайындық.

Бір-біріне сәттілік тілеу.

Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін  өте қуаныштымын.

Қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.
Балалар, бүгінгі күнімізге, өзімізге және сабағымызға  жақсылық , көңіл күй тілей отырып ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.
ІІ Жаңа сабақ.

1.Оқушыларды III топқа бөлу.

Сары, қызыл, жасыл жапырақтарды бөліп алу.

2.Топ басшысын сайлау.

Сабақ тақырыбын хабарлап, дәптерлеріне жаздыру.

3.Ой қозғау. «Қонақ» деген сөзді қалай түсінесіңдер. Ассоциацияларын жасыңдар.

Ассоциацияларын  постерге жазу

береке     мейірімді     сыйлы          құрметті         ағайын         тәртіпті

 

       
       

 

 


төрде отырады                                                             

 


                                                                                                           қымбат

жақсы

              әдепті    кәде       

                                          

                                      құт      сыйлық     ырыс     көпшіл        туыстар

қарым - қатынас                                                  

Балалар, сендердің үйлеріңе қонақтар келе ме?

- Иә, біздің үйге қонақтар келеді.

- Олар кімдер?

- Достарым, туыстарым, ағалар, аталар, әжелер, көршілер, құдалар, шақырған адамдар, таныстар.

- Дұрыс. Оларды қалай қарсы аласыңдар?

- Амандасамыз, үйге кіруге  шақырамыз. Төрге отырғызамыз. Дастарқан төсейміз.

- Дастарқан үстіне тағамдар қоямыз.  Жақсы лебіздерімізді білдіреміз.

- Өте жақсы. Дұрыс, балалар. Бүгін біз қазақ халқы дәстүр бойынша қонақты қалай  күткенің  танысайық.

4.Презентация арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

« Қонақ келсе – құт кел» - қазақ халқының мақал – мәтелі бар.

Осыны біліп отырып қазақ халқы қонақты жақсы көңілмен, төрге отырғызып, дастарқан әзірлеп, қонақтарына жақсы жағдай жасап береді.

«Батамен ел көгерер, еңбекпен жер көгерер» - тағы бір мақал – мәтеліміз бар.

Қонағын жақсы күткен үй иесіне, келген қонақ риза болса, сол кезде қонақ үй иесіне бата береді.

5.Енді,  мәтінмен жұмыс өткізейік.

  1. 1.      Мәтінді мәнерлеп оқу.
  2. 2.      Сөздік жұмысы.

Білетін сөздерге қанат белгісін қояйық.

Білмеген сөздерге сұрақ белгісін қояйық

Білмеген сөздермен жұмыс өткізу. Сурет бойынша жұмыс.

 

            төрге отырғызу                                  дастарқан әзірлеу

 

 

       

 

      ән айту, күй тарту                           ағайын – туыстарын сыйлау

 

 

   ел – жұртты құрметтеу

 

 

  1. 3.      Мәтінді оқу.
  2. 4.      Бәйге. Ойын. Кім жылдам.

-          Қай үйді Қонақжай дейміз?

-          Жылы  қарсы алған үйді.

-          Қазақ халқы  қалай қонақты қарсы алады?

-          Дастарқан әзірлеп, жылы көңілмен қарсы алады.

-          Қонақ  қалай ризашылығын білдіреді?

-          Жақсы әңгіме айтады, ән шырқайды, күй тартады.

 

  1. 5.        Грамматикалық тапсырма

1топ. Көп нүктенің орнына ілік септіктің жалғауын қой. Сөйлем құрастыр.

Дастарқан..., қонақ..., үй иесі..., ән..., күй...

2 топ. Көп нүктенің орнына барыс септіктің жалғауын қой. Сөйлем құрастыр.

Дастарқан..., қонақ..., үй иесі..., ән..., күй...

3топ Көп нүктенің орнына табыс септіктің жалғауын қой. Сөйлем құрастыр.

Дастарқан..., қонақ..., үй иесі..., ән..., күй...

 

  1. 6.      Топпен жұмыс. Әр топ сұрақтарға жауап береді. 

1 топ. Сурет бойынша әңгіме құру.

2 топ. Эссе жазу.

3 топ.  Диалог құрастыру. Үй иесі мен қонақ.

 

  1. 7.      Сергіту сәті.
  2. 8.      Венн диаграммасын толтыру.

Постерге сызып айырмашылықтарын жазу.

 

IV Қорытынды.

-       Балалар, бүгінгі тақырыбымыз  не туралы?

-       Қонақжайлық. Қонақ күту.

-       Біз бұл сабақта  нені үйрендік?

-    Қонақты қалай күту.

-    Сонымен қатар конақ күту нені білдіреді?

-    Адамдарға жақсы көңілмен қарау.

-    Үлкендерді сыйлау, құрметтеу.

-    Кішіге қамқор болу.

 

V. Үйге тапсырма.  Мәтінді мазмұндау. Бата жаттау. Диалог құру.

VI. Бағалау парағы бойынша бағалау.

VII.  Рефлексия.

 

Скачать урок

konak-kutu.doc [201,5 Kb] (cкачиваний: 72)

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения