Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
28.12.2012
0
3174
0

Тамақтану әдебі

Год: 2012

Страна: Казахстан


Астана қаласы

№28 орта мектебі

Өткізген:

Баймұратова Гүлнәр Бекетайқызы


Сабақтың тақырыбы:

«Тамақтану әдебі»

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды тамақтану әдебі жайында айта білуге үйрету. Дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Тәуелдік жалғауы мен ілік септігінің байланысы жайында білімдерін жаңғыртып, еске түсіру, түсіндіру. Дауысты дыбыстарының жіктелуін білу. 2. Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. 3. Әдепті,тәрбиелі, ұстамды болуға тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап.

Түрі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ұйымдастырылған

             интерактивті сабақ

  Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі,биология, өзін-өзі тану

  Көрнекілігі: интерактивті тақта,тапсырмалар жазылған парақтар, суреттер.  Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа назарларын аударту.  

ІІ.Психологиялық ахуал

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар, маған қарап күлімдейміз,

Бір-бірімізге қарап күлімдейміз.

Қонақтарға қарап күлімдейміз.

Бүгінгі күнгі сабағымызда

Бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1-бала: Еліме тыныштық тілеймін!

2-бала: Күніміз жарық болсын!

3-бала: Аспанымыз ашық болсын!

4-бала: Деніміз сау болсын!

5-бала: Нанымыз көп болсын!

6-бала: Көк туымыз биік болсын.

Сабақтың ережесі: Белсенді қатысу
                                              Тыныштық сақтау
                                              Бірін-бірі тыңдау
                                              Ойын ашық айту
                                              Бір-бірін сынамау
                                              Ынтымақтылық

Сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тамақтану әдебі».Мақсатын айту.   Балалар, бүгінгі сабағымызда тамақтану әдебі туралы оқимыз,білеміз  септеулік шылаулар туралы ережелерді еске түсіреміз.

ІІ.Топқа бөлу.(түрлі-түсті қағаздарды таңдау арқылы)

І. Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Ой шақыру» 

           1.Адамның денсаулығы неге байланысты?

2.Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?

3.Күніне неше рет тамақтануымыз керек? 

4.Тамақ ішер алдында қандай гигиенаны сақтауымыз керек? 

5.Адамға не пайдалы? 

   (Оқушылар постерге жазып,түсіндіреді).

1.Денсаулыққа дұрыс тамақтанудың маңыздылығы

                пайдалы                                     зиян

(әр топ постер арқылы ойларын жазып түсіндіреді)

2.Үй жұмысын сұрау: «Қазақ халқының ұлттық тағамдары» тақырыбына диалог жазып келіп, айту.

  Тірек сөздер: Тәбет,мәдениетті,кепіл.қанағат,қомағайлық,күнә,зиян;

  Осы сөздердің мағынасын ашу, сөз тіркестерін құрастыру.

3.Қазақ халқының асқа байланысты қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?

   (әр топ постер арқылы ойларын жазып түсіндіреді)

  4.Берілген мәтін бойынша септік шылаудың қай түріне жататынын анықтап,

     тіркесіп тұрған зат есіммен көшіріп жазу.

5.Тамаққа байланысты ырымдар мен тиымдар жазу.

  (әр топ постер арқылы ойларын жазып түсіндіреді)

ІV. Қорытындылау.

 

білемін

үйрендім

білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

V. Үйге тапсырма: 87 б, 5 тап.

VІ. Бағалау.

        ҮІІ. Рефлексия

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік:

Абай кім? Абайдың өмір жолынан қысқаша мәлімет беру. Абайдың  мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы екенін ұғындыру.

Дамытушылық:

Оқушының ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту.Шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Сөздік қорын молайту.Түсінгендерін жан-жақты өз сөздерімен шебер баяндауға үйрету.

Тәрбиелік:

Қазақтың біртуар ұлы Абай атаға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату.

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап.

Түрі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ұйымдастырылған

             интерактивті сабақ

  Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі,тарих, өзін-өзі тану

  Көрнекілігі: интерактивті тақта,тапсырмалар жазылған парақтар, суреттер.  Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа назарларын аударту.  

ІІ.Психологиялық ахуал

Балалар, маған қарап күлімдейміз,

Бір-бірімізге қарап күлімдейміз.

Қонақтарға қарап күлімдейміз.

Бүгінгі күнгі сабағымызда

Бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

Енді бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1-бала: Еліме тыныштық тілеймін!

2-бала: Күніміз жарық болсын!

3-бала: Аспанымыз ашық болсын!

4-бала: Деніміз сау болсын!

5-бала: Нанымыз көп болсын!

6-бала: Көк туымыз биік болсын.

Сабақтың ережесі: Белсенді қатысу
                                              Тыныштық сақтау
                                              Бірін-бірі тыңдау
                                              Ойын ашық айту
                                              Бір-бірін сынамау
                                              Ынтымақтылық

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абай Құнанбаев

  «Ғылым таппай мақтанба».

Мақсатын айту.(интерактивті тақта арқылы) 

ІІ.Топқа бөлу.(түрлі-түсті қағаздарды таңдау арқылы)

І. Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Ой шақыру»

Абай қашан туып, қашан қайтыс болған?

 Абай қай жерде туған, бұл жерде кімдер туған?

 Әкесі кім болған?

       Анасы қандай адам ?

 Абайдың шын аты кім?

 Абай қайда оқыған?

 Абайдың өлеңдерін атаңдар?

 (әр топ постер арқылы ойларын жазып түсіндіреді

ІІ. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқу.

ІІІ.Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Өлең қандай тақырыпқа жазылған?

Абай жастарды қандай болуға шақырады?

Нақыл сөздер (афоризмдер)  дегеніміз – күрделі мәселелерді терең, өте дәл жеткізетін ой шалымы кең,қысқа қайырымды шешен сөз.

  Тірек сөздер:       

Мақтанба,баптанба,ойнап босқа күлуге, қашық бол,терең ой,асық бол,талап,жамандықтан жирену,біреу үшін,тұл,көңіл, қанағат,болмасаң да ұқсап бақ,өсек,өтірік,еріншек,дұшпан

  Осы сөздердің мағынасын ашу, сөз тіркестерін құрастыру.

ІҮ. Абай  Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

     Бес асыл іс

     Бес дұшпан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

              Менің ойым

     Бес асыл іс

     Бес дұшпан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   (әр топ сызба арқылы ойларын жазып түсіндіреді)

V. Қорытындылау.

 

білемін

үйрендім

білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

VІ. Үйге тапсырма:  «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.

VІІ. Бағалау.

ҮІІ. Рефлексия

 

Скачать урок

baymuratova.docx [30,62 Kb] (cкачиваний: 30)


 



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения