Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
18.05.2015
0
1693
8

Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 8 сынып "Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы"

 

Қысқа мерзімді  сабақ  жоспары

Пән

Қазақстан тарихы

Сынып

8

Өтілетін мерзім

Тақырыбы:

Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.      

Мақсаты:

         ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы және қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы туралы білуі тиіс.

Күтілетін нәтиже:

1.Қазақстан өнеркәсібінің дамуының басымдылықтарын ажыратып көрсете  алады.

2. қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайын ашып айта алады.

Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер:

мәтінмен  жұмыс,сұрақ-жауап,калаш жасау, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс.

Қолданылған модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,Оқыту мен оқудағы АКТ-ны,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, талантты және дарынды балаларды оқыту

 

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар мен сұрақтар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау түрі

Кіріспе

Балалармен сәлемдесу, оқушылардың зейінін сабаққа аударту.

Оқушылармен амандасады, оқу шылардың назарын сабаққа бағыттайды.

Сабаққа дайындық, зейіндерін аударады.

 

Тренинг

«Таңғы жаттығу» сергіту сәті.

Мақсаты:Сергіту сәті арқылы оқушылардың бойларын жазу.

Интерактивті тақтадан жаттығуды жіберіп,барлығының да орындауларын сұрайды.

Өзара жылы қарым-қатынас орната отырып, бойларын сергіте отырып жаттығуды орындайды.

 

 

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін құрып,бойлары бойынша топқа бөлу

Мақсаты: Барлық сынып оқушылары арасында байланыс орнату.

Құрылғн топтардың орындарына отыруын сұрайды.

Оқушылар топтарын анықтап,әркім өз тобына жайғасады.

 

Үй жұмысын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі.

Өз еркімен келіп сабақ айтушыларды ортаға шақырады.Қосымша сұрақтар қойылады.

Оқушылар шығып өз білгендерінортаға салады, және қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

Жаңа сабақ

Интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы мен мақсаты беріледі.

Жаңа тақырыпқа өту мақсатында интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.

Интерактивті тақтаға назар аудартып,көрсетілген суреттер бойынша балалардың сөйлеулерін сұрайды.

Балалар сабақтың тақырыбы және  мақсатымен  таныса отырып, көрсетілген суреттер және қойылған сұрақ төңірегінде ойланып жауап береді.

 

Жеке жұмыс

Деңгейлік сұрақтар үлестіріледі.

Мұғалім оқушының деңгейін ескере отырып деңгейлік сұрақтарды таратады.

Берілген сұраққа іздене жауап береді.

 

Топпен жұмыс

 

 

Тақырып негізінде калаш жасау.

Алдын ала дайындалған суреттерді екі топқа бірдей етіп үлестіреді.

Оқушылар өздерінің бар шығармашылықтарын ортаға сала отырып, жұмыла тапсырманы орындауға кірісіп кетеді.

Жұптық бағалау(жұлдызша,жалау,үшбұрыш)

Сабақты қорытындылау

Калаштарындағы суреттер бойынша сабақты қорытындылау сұрақтар қойылады.

Сұрақ қоя отырып оқушылардың толық жауап беруін өтінеді.

Калаш бойынша қойлған сұрақтарға жауап береді.

 

Үйге тапсырма

Пар.35 .Тарау бойынша қайталау.

 

 

 

Кері байланыс

Сұрақтар бойынша  іске асырылады.

1.Өте қызықты

2.Қызықты

3.Мүлдем қызық емес

Кері байланыс парағы үлестіріледі.Сұрақтарға толық қанды жауап берулерін сұрайды.

Оқушылар сабақтан алған  көңіл-күйлеріне байланысты сұрақтарға өз жауаптарын жазады.

 

Бағалау

Үй тапсырмасындағы «ыстық орындық»және жұптық бағалау бойынша жиынтық бағалары қойылады.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения