Жакишева Светлана Викторовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Акмолинская область город Степногорск
17.05.2015
1
1208
3

3 сынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Жүйке жүйсі.

8-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Жүйке жүйсі.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: жүйке жүйесі туралы білім алады.

Дамытушылық: жүйке жүйесі туралы білімдерін дамытады.

Тәрбиелік: денсаулықтарын күтуге тарбиеленеді.

Көрнекілігі:  слайд суреттер, топтардың аты, сұрақ парақтары, маркерлер, А-3 қағаздары.

Сабақтың барысы:

 I. Қызығушылықты ояту                                 

     Сабақ барысында жүйке жүйесінің жұмысымен таныстыру ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

Үй тобы:

I-топ    -   Тыныс алу.

II-топ   -   Дәм сезу.     

III-топ  -   Ас қорыту.

IV-топ  -   Қан айналым.

V-топ  -    Жүйке жүйесі.

VI-топ  -   Көру.

«Топтастыру» стратегиясы

-         Балалар, «Жүйке»  дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

 

 

 

Жүйке

 

     Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп – көршісімен бөліседі, одан кейін – топ, барлығы білгендерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс – топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Жүйке жүйесі:

1)  көңіл күй

2)  ренжу

          3)  қуану

          4) жылау

II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. Жұмыс тобы:

I-топ    -  Ми.

II-топ   -  Жұлын.

III-топ  -  Жүйке.

IV-топ  -  Бұйрық.

Жүйке жүйесінің қызметін ескере отырып: «Ми», «Жұлын», «Жүйке», «Бұйрық» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім.

Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді.

Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне.

          Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Жүйке жүйесі», яғни ми мен жұлын жүйке арқылы барлық мүшелермен жалғасып, үнемі жұмыс істеп тұратыны туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.

I – топ.

1. Біз қоршаған ортаны қалай танып білеміз ?

2. Сезім мүшелерін ата.

Адам организмінің барлық мүшелері бірлесіп жұмыс істейді және ешқашан «қателеспейді». Біз тыныстағанда – тыныс аламыз және тыныс шығарамыз. Қолымызбен өзімізге қажет заттарды аламыз. Қажет жаққа барамыз. Осының бәрін жүйке жүйесі қадағалап отырады екен.

«Жүйке жүйесінің» суретін қара. Жүйке жүйесіне нелер жататынын ата. Біз не істесек те ми мен жұлынның әміріне бағынамыз. Ми мен жұлын көруге, естуге, сөйлеуге, жазуға, ойлауға, қозғалыс жасауға, қабылдағанның бәрін есімізде сақтауға мүмкіндік береді.

Эксперт парағы:

1. Қандай дене мүшелерін білесің?

2. Дене мүшелері адамға не үшін керек?

3. Жүйке жүйесі қандай қызмет жасайды?

4. Ми мен жұлын не үшін керек?

II – топ.

Ми – бас сүйекте, ал жұлын – омыртқа түтігінде орналасады. Жіңішке жіптей жүйкелер ми мен жұлынды барлық мүшелермен жалғастырады. Олар арқылы мүшелерден ми мен жұлынға дабыл түседі және жауап ретінде қайтадан мүшелерге бұйрық жіберіледі.

Эксперт парағы:

1. Ми және жұлын қайда орналасқан?

2. Барлық мүшелермен ми мен жұлын не арқылы жалғасады?

3. Жүйкелер ми мен жұлынға не жібереді?

4. Ми мен жұлынға дабыл қалай түседі?

III – топ.

Сенің қолыңа кактус тікені қадалып еді, дереу қолыңды тартып алдың. Бұл қалай жүзеге асады ? Тікен қадалған жерден жүйкелермен ауырды деген дабыл жіберілді. Ми оны қабылдады да. Бұлшықеттерге тартыл деген әмір берді. Бұлшықеттер қозғалысқа келді де, қол тартып алынды.

Жүйкелер арқылы сезім мүшелері – көз, құлақ, тері, тіл, мұрыннан миға дабыл беріледі. Олар сенің төңірегіңде және ішіңде не болып жатқанын хабарлайды.

Эксперт парағы:

1. Қолыңа тікен кіргенін қалай сезесің?

2. Миға дабыл түскен кезде бұлшықет не істейді?

3. Жүйкелер қандай мүшелерге дабыл береді?

4. Ми дабылды қабылдап, қай мүшеге дабыл жібереді?

IV – топ.

Жүйке жүйесі тоқтаусыз жұмыс істейді. Ол ағзаның барлық бөліктерін біртұтас етіп біріктіреді және оның жұмысына басшылық жасайды.

Жүйке жүйесінің жұмысы бұзылмас үшін өз күніңді дұрыс жоспсрла. Дұрыс тамақтан, денеңді шынықтыр, уақытында ұйықта. Сонда сен өзіңді дені сау,кез келген жұмысты орындауға дайын адам сезінесің.

Эксперт парағы:

1. Жүйке жүйесі қалай жұмыс істейді?

2. Жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі неде?

3. Жүйке жүйесінің жұмысы бұзылмау үшін не істеу керек?

          4. Жаттығу жұмыстарының қандай әсері бар?

III. Ой қозғау

-         Яғни, «Жүйке жүйесінің қандай қызметі бар?»  деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

I-топ    -   Тыныс алу туралы шағын эссе жазып әкеледі.

II-топ   -   Дәм сезу туралы шағын эссе жазып әкеледі.      

III-топ  -   Ас қорыту туралы шағын эссе жазып әкеледі.

IV-топ  -   Қан айналым туралы шағын эссе жазып әкеледі.

V-топ  -    Жүйке жүйесі туралы шағын эссе жазып әкеледі.

 

VI-топ  -   Көру туралы шағын эссе жазып әкеледі.

Комментарии пользователей /1/
akma150878 | 17 октября 2016 14:58
Сәлеметсіз бе, сабағыңыз өте жақсы құралған екен. Еңбегіңіз жана берсін. Рахмет!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения