Жакишева Светлана Викторовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Акмолинская область город Степногорск
17.05.2015
0
399
1

Қаңқа – дененің тірегі

2-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Қаңқа – дененің тірегі.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: балалар қаңқа, оның құрылысы, қызметі,  дененің тірегі –  қаңқа туралы білім алады.

Дамытушылық: дене мүшелері, олардың әрқайсысының қызметтері туралы білімдерін дамытады.

Тәрбиелік: дененің тірегі –  қаңқа сүйектерін түрлі зақымдардан сақтандыруға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: сұрақ парақтары, слайд, суреттер, А-3 қағаздары, маркерлер.

 

Сабақтың барысы:

I.                  Қызығушылықты ояту.

I-топ – Бас сүйектері.

II-топ – Жамбас сүйектері.

III-топ – Қол сүйектері.

IV-топ – Омыртқа сүйектері.

V-топ – Аяқ сүйектері.

VI-топ – Қабырға сүйектері.  

«Топтастыру» стратегиясы.

-         Балалар, «қаңқа» дегенде сендердің көз алдарыңа не келеді?

Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп – көршісімен бөліседі, одан кейін – топ, барлығы ақылдарын ортаға салады. Ақыры – сыныппен жұмыс – топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Қаңқа - адамның сүйектері:  1).  бас;

                                                 2).  Кеуде;

                                                 3).  Қол;

                                                 4).  Аяқ.

 

Қаңқа

 

 

II. Мағынаны тану 

         Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім.

I – топ   –   Бас.     

II – топ –   Омыртқа.

III – топ  – Төс.

IV – топ  – Қол – аяқ.

Қаңқа сүйектерден  тұратындығын ескере отырып: «Бас сүйектері»,  «Омыртқа сүйектері» , «Төс сүйектері» , «Қол, аяқ сүйектері» атына сай, оқулықтың бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім.

Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді.

Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне.

Сонымен, сабақтың тақырыбы «Қаңқа – дененің тірегі», яғни қаңқа сүйектері туралы алған білімдері ортаға салынып, әр топтағы оқушы тақырып бойынша толық мағлұмат алады.

 

I – топ.

         Қаңқа сүйектерден тұрады. Сүйектердің жалпы саны – 206. Олар – бас, кеуде, қол және аяқ сүйектері. Бас – мықты сүйектен тұрады. Оның астында ми орналасқан. Бас сүйек миды зақымданудан сақтайды. Бастағы тек жақ сүйек қана қозғалады, басқалары қозғалмайды. Жақ сүйек тамақты шайнауға және сөйлеуге мүмкіндік береді.

Эксперт парағы:

1. Қаңқа неден тұрады?

2. Сүйектердің жалпы саны қанша ?

3. Бассүйек не үшін керек?

4. Қандай сүйектер қозғалады?

 

II – топ.

Дененің қаңқасы – омыртқа жотасы, төс сүйек, қол мен аяқ сүйектерінен тұрады. Омыртқа жотасында 33 – 34 омыртқа бар. Олар бір – бірімен серпімді шеміршектер арқылы байланысқан. Сондықтан адам еркін еңкейе алады.

Эксперт парағы:

1. Қаңқа қандай сүйектерден тұрады?

2. Адамда қанша омыртқа бар?

3. Не арқылы адам еркін еңкейеді?

4. Омыртқалар бір – бірімен қалай байланысқан?

 

III – топ.

Әр омыртқаның ортасында саңылау бар. Омыртқалар бір – бірімен жалғасқанда бұл саңылаулар тұтасып, түтік құрайды. Онда жұлын орналасады. Омыртқа жотасы жұлынды зақымданудан сақтайды.

Төс – омыртқа жотасы мен төс сүйекке бекіген 12 жұп қабырғадан тұрады.

Эксперт парағы:

1. Омыртқалардың ортасында не бар?

2. Жұлынды зақымданудан не сақтайды?

3.Омыртқа жотасында не орналасқан?

4. Адамда қанша қабырға бар?

 

IV – топ.

Қаңқаның жоғарғы бөлігінде қол сүйектері орналасқан. Омыртқа жотасының төменгі бөлігінде жамбас сүйектер орналасқан. Олардан аяқ сүйектері тарайды. Қол мен аяқ сүйектері бір – бірімен буындар арқылы жалғасады. Буын қол мен аяқты еркін бүгіп, жазуға, түрлі қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді.

Қаңқа – адам денесінің тірегі. Ол ішкі ағзаларды зақымданудан қорғайды.

Эксперт парағы:

1. Қаңқаның жоғарғы жағында не орналасқан?

2. Омыртқа жотасының төменгі бөлігінде не орналасқан?

3. Қаңқа не үшін керек?

4. Адам аяқ – қолдарын не арқылы бүгеді, жазады?

 

III. Ой қозғау

Яғни, «Қаңқа қандай сүйектерден тұрады?»  деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Егер менде омыртқа болмаса...» деген тақырыпқа шағын эссе жазып кел.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения