Жакишева Светлана Викторовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Акмолинская область город Степногорск
17.05.2015
0
1594
3

1 cынып Сауат ашу ҚМЖ Д дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы және әрпі.

Сабақтыңмақсаты: д дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады, оқуға, жазуға үйренеді. 

Білімділік: д дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады, оқуға, жазуға үйренеді; өткен дыбыстарды қайталайды, зейінін сабаққа аударып отыру керек екенін бақылайды, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйренеді, кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құруға, д дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйренеді.  

Дамытушылық: д дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру арқылы ойлау қабілеттерін, жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамытады.

Тәрбиелік:бір-бірімен қарым-қатынас жасауға; бірін-бірін тыңдауға,  дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге, оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленеді, жазуға қолдарын жаттықтырады.

Әдіс–тәсілдер: сұрақ–жауап, түсіндіру, әңгімелесу, сөзжұмбақ тапсырмасы.

Мерзімі:                  2014 ж

Құралдар: кеспе әріптер, әріп таңбасы, текшелер, Алдаркөсе, домбыра, доп.

 

Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс–әрекеті

Оқушының іс–әрекеті

Күтілетін нәтиже

Мотивациялық қозғаушы

 

 

                 Балалар орындарыннан тұрып

Армысын, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

 

Балалар орындарынан тұрып шаттық өлеңін айтады.

 

 

 

Іздену–ұйымдас-тырушылық

 

-Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Алдармен бірге «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.         

-Алдар немен жүреді?

- «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?

- Ат қалай жүреді? Аттың жүрісін тілімізбен көрсетейік.

- Балалар, мен ол баққа Алдармен бірге «Білім көлігімен» барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?

- Онда біз өткен әріптерді қайталайық.

- Тасбақа деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Oрындық деген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Нандеген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Роботдеген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Ғарышдеген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Пілдеген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Аққудеген сөз қандай дыбыстан аяқталады?

  - Шағала деген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Қауындеген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Лақдеген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Айдеген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Алма деген сөз қандай дыбыстан басталады?

  - Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

  - Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар!

- Онда қарап отырмайық.

Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Дауылда бар, боранда жоқ.

Дәуірде бар, заманда жоқ.

Қандай дыбыс?

 

  -  Бүгін біз қандай  дыбыс және әрпімен танысамыз?

- Д  дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы?

- Дұрыс айтасыңдар доп д дыбысынан басталады.

- Д дыбысы дауысты ма? Әлде дауыссыз ба?

- Қандай текшемен белгілейміз?

- Дұрыс, дауыссыз дыбыстыкөкпен белгілейміз.

- Неге? Не үшін?

- Неге ол дауыссыз деп саналады?

- Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық.

- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

- Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады.

- Қане, альфавит ішінде  Д дыбысын табайық.

Сергіту сәті. 

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Жазу дәптермен жұмыс:

-Д дыбысына мысалдар келтіріңдер. Осы сөздерді алақанмен шапалақтап ұра отырып буынға бөлейік.

- Дұрыс, өте жақсы.

-Ал, енді буындарды оқиық.

-Қәне, дәптердегі д әрпін үлгіге қарап жазайық.

Жазу жолдың ортасында сергіту сәтін орындайды.     

                   Бала, бала, балақан,

Қәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай, былай, ойнап.

Топ – топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса – жаса жарқын күн

Жаса – жаса алтын күн.

Жазуымызды жалғастырайық.

 

 

 

-Атқа мініп жүреді.

-Атпен барайық.

 

 

-Ия, дайынбыз.

 

 

 

 - Тасбақа деген сөз Т  дыбыстан                      басталады.

 – Oрындық деген сөз О дыбыстан                      басталады.

  – Нандеген сөз Н дыбыстан                      басталады.

 – Роботдеген сөз Р дыбыстан                      басталады.

 – Ғарышдеген сөз Ғ дыбыстан                      басталады.

 – Пілдеген сөз П дыбыстан басталады.

 

 – Аққудеген сөз У дыбыстан аяқталады.

 

 – Шағала деген сөз Ш дыбыстан басталады.

  – Қауындеген сөз Қ  дыбыстан басталады.

 – Лақдеген сөз Л дыбыстан басталады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения