Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
16.05.2015
0
470
0

Бар мейіріміміз балаларға

Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№ 4 орта  жалпы  білім  беретін  мектеп
География және  биология  пәні  мұғалімі 
Ермуханова Анар  Абдолқызы

Мақсаты:

       Жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанатын ұйымдастыру. Демалушы ұландарға «1 маусым-балалар күні» мерекесінің маңыздылығын ұғындыру. Лагердегі ұжымның қарым-қатынасы, деңгейі, өзара сыйласымдылығы,  дәрежесі және бірін-бірі толық танып білуге шақыру. Сөз бен істің бірлігіне, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

Өткізілу түрі: мерекелік концерт

Өтетін орны:  мектеп алаңы

І. Ұйымдастырылу бөлімі.

Мерекелік шара өтетін орынды безендіру. «Қарлығаш» жазғы демалыс лагерінің қабырға газетін дайындау. Келген қонақтарды қарсы алу. Оқушыларды екі топқа бөліп, орындарына тұрғызу.

ІІ. Негізгі бөлім.

а) ашылуы

б) құттықтау сөз

1. Мектеп директоры

2. Келген қонақтарға  сөз..

в) әдеби-музыкалық монтаж

ІІІ. Қорытынды бөлім.

а) «Әлем сәби көзімен» асфальтқа сурет салу.

Жүргізуші:

Бақшаға біз гүл ексек

Балдырғаным сен үшін.

Бақытыңды жыр етсек

Балдырғаным сен үшін.

Жігіт болар күн ертең

Балдығаным, гүл еркем.

Бақытты боп өсе бер

Құтты болсын мерекең!

- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, келген қонақтар және демалушы ұландар! Бүгін №4 орта жалпы білім беретін мектебінің жанынан ашылған «Қарлығаш» жазғы балалар демалыс лагерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

-         Балалар, 1-маусым қандай күн?

-         «1-маусым -  Халықаралық балаларды қорғау күні» (бірге)

Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен! Олардың жүректерін қайғы мұң шаламаса екен!

Арманы бір, үні бір

Аға ардақты, іні гүл

Бақыт туын  көтерген

Балалардың күні бұл.

Ән: «Армансыз күнім болмайды» Есімқызы Анаят

Жүргізуші:

- Қымбатты балалар, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.

«Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Мәулен Ермекұлы Дилмагамбетовке ұсынамыз.

Жүргізуші:

Қабыл алшы өнерлерін баланың

Тілектері орындалсын ананың

Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,

Өздеріңсің жалғастырар бабамның – демалушы ұландарды жыр шумақтарымен ортаға шақырайық.

1 оқушы:

Біз өнерсіз баламыз ба?

Көрсін аға, апалар

Көрсін мама, папамызда

Ырза болсын балалар

2 оқушы:

Ән айтайық қосылып,

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт

Балалар деп үлгілі.

3 оқушы:

Құшағымыз қызыл гүл

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

4 оқушы:

Қайғы бұлты шегінді

Ән көмейден төгілді.

Балалармен дүние

Көрікті де көңілді.

Жүргізуші:

Жан иірімі біле білсең би деген,

Кімдерің бар биді ұнатып, сүймеген.

Тамылжытып, би өнерін паш етер

Алдымызда арулар бар билеген.

Би «Роккен рол» «Нұр-Ай» бишілер тобы

Жүргізуші: - мерекемізді жалғастыра отырып, келесі құттықтау сөз кезегін келген қонақтарымыз күтеміз. Қалалық депутат Асқар Тілекқабылұлының көмекшісі Болдрива Татьяна Владимировна , қалалық депутаттың бас маманы Изгалиева Гульмира Ерсайынқызына сөз береміз

Жүргізуші:

Әнші болғым келеді бұлбұлдайын.

Әміредей болуды армандаймын.

Қанатымды қондырып ұшқан кезде

Арманыма жақындап қалғандаймын.

Ән: «Момонтенок» орындайтын Кеңесова Мадина

 

Қорытындылау.

«Әлем сәби көзімен» асфальтқа сурет салу

Би «Самбо» 1 сынып ұл-қыздары

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз.

Жоғалмасын ешқашан берекеміз.

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз

Құтты болсын бүлдіршін мерекеңіз!

- Бүгінгі «Қарлығаш» жазғы балалар демалыс ларгерінің ашылу салтанаты аяқталды. Қарлығаш өзінің достарын шақырады. Келген қонақтар мереке күндерде жолыққанша! Қош, сау болыңыздар! 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения