Пользователь с логином Venera не найден.
24.12.2012
0
2144
1

Word мәтіндік редакторында сурет енгізу

Ордина Венера Кулаевна
Информатика пәні мұғалімі
Шалқар ауданы, І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп.

“ Word мәтіндік редакторында сурет енгізу „



Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторында сурет енгізу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға WORD-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету.
Графикалық бейне, мәтін кірістіруді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін
арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шың-
дау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, мәтіндік
құжаттарын графиктік бейнелер мен мәтіндермен безендіре білу
дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Шығармашылықпен жұмыс жасауға, жауапкершілікке, өз
бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, компьютерлік
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: практикалық
Пән аралық байланыс: әдебиет, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, иллюстрациялық файлдар, интерактивті тақтаны пайдалану, Activstudio да тапсырмалар орындау, презентация (PowerPoint-та дайындалған), электронды оқулық, үлестірмелі материал – жұмыс дәптері (әр оқушыға арналған).
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру. (2 мин).
2. Сабақтың өзектілігі. (6 мин).
3. Жаңа материалды меңгеру (10 мин).
4. Сергіту сәті. (3 мин).
5. Жаңа тақырыпты қортындылау. (15 мин).
6. Жаңа тақырыпты бекіту . (5 мин).
7. Үйге тапсырма. (2 мин).
8. Бағалау. (2 мин)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Презентация. 1 - слайд
Уа жараңдар, жараңдар.
Мына бізге қараңдар,
Мінекей бізде тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Информатика жайында,
Сабағымызды бастаймыз!
ІІ. Сабақтың өзектілігі.
2 слайд . «Өнеге» баспасы

Мұғалім: Балалар! Бүгін бізде өзгеше сабақ: біз бүгін өзіміздің сыныбымыз-
да емес, мектебіміздің ақпарат құралы «Өнеге» газетінің баспаха-
насындамыз. Сіздер MS Word-пен жұмыс істегенде парақ бетін
безендіруді, әр түстермен жазуды меңгердіңіздер. Ал бүгінгі біз-
дің мақсатымыз осы жазған мәтінімізге сурет қоюды үйренеміз.
3 cлайд. Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторында сурет енгізу.
Мұғалім: Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Word мәтіндік редакторын
да сурет енгізу». Әрқайсыңыз өз жұмыс дәптерлеріңізді алыңыз -
дар және сабақ барысында біз сіздермен мынандай тапсырмалар-
ды орындаймыз.
Мұғалім: бүгінгі жаңа тақырыбымызға кіріспестен бұрын парақты
безендіруге керекті негізгі әрекеттерді есімізге түсіре кетейік.
Мұғалім: Мәтіндік редакторда парақты безендіруде қандай әрекеттер
жасауымыз керек еді?
Оқушылар: Парақтың параметрлерін орналастыру мен түсін және жиектей
білуіміз керек
Мұғалім: Дұрыс, ал парақ параметрлерін қалай орнатамыз?
Мұғалім: Балалар, өздеріңнің жұмыс дәптерлеріңе 1-ші тапсырманы орын-
даңыздар.

Мұғалім: Ал параққтың түсін қалай қоямыз?
Мұғалім: 2-ші тапсырманы орындаймыз

Мұғалім: Ендіпарақтың жиегін қалай жиектейміз?
Мұғалім: 3-ші тапсырманы орындаймыз
№3 Тапсырма.
Бетті қалай жиектейміз?








2007 бойынша






Мұғалім: Алдын ала көру үшін қандай батырмаларды басамыз және түсті
жазуды қалай жазамыз?
Мұғалім: 4-ші тапсырманы орындаймыз
№ 4. Тапсырма
Құжатта алдын ала көруде қай батырманы қолданамыз?
2007 бойынша

Мұғалім: Сонымен, парақ беттерін әшекейлеуді біз сіздермен еске түсірдік.
4 слайд . Суретті қалай кірістіруге болады?

Ал енді мәтіндік редакторда суретті қалай кірістіруге болатынын үйренейік.
ІІІ. Жаңа материалды меңгеру. Электронды оқулықты пайдаланып
таныстыру.

5 слайд . Суретті кірістіру.
Мәтіндік редакторда суретті кірістіру үшін мына алгоритм тізбегін орындайық
1. Қою – Сурет- Файлдан
2. Суреттер жинағы қапшығы терезесінен , сақталған Суреттерді ашайық
3. Өзімізге керекті суретті белгілеп, содан соң КІРІСТІРУ батырмасын басамыз
Жұмыс дәптерлеріңіздегі 5-ші тапсырманы орындаймыз
№5 Тапсырма.
Құжатқа суретті қою алгоритмінде қалдырылып кеткен сөздерді қойыңыз
1. Қою  ____________  файлдан .
2. Суреттер жинағы қапшығы терезесінен , сақталған Суреттерді ашайық
3. Өзімізге керекті суретті белгілеп, содан соң батырмасын басамыз

Жұмыс барысында суретті кірістіре отырып мындай әрекететтерді қоса орындауға болады: айналдыруға, қозғалтуға және өлшемін өзгертуге
6 слайд . Қозғалту, айналдыру, суреттің өлшемін өзгерту
Енді суретті орналастыру, айналдыру немесе өлшемін өзгерту үшін келесі алгоритм тізбегін орындайық.
1. Суретті белгілеп, сол жерде тышқанды шертеміз.
2. Пайда болған КӨРІНІСІН баптау панелінде Мәтінде көркемдеудің ( күшік) ---- мәтін тасымалы таңдаймыз
3. Пайда болған жасыл маркердің көмегімен айналдыруымызға, ақтың көмегімен өлшемін өзгертуімізге болады.
4. Суретте тышқанды жібермей басып тұрып, оны өз қалаған жерімізге орналастыруымызға болады.
Жұмыс дәптерлеріңізге 6-шы тапсырманы орындаймыз
№ 6 Тапсырма.
суретті айналдыру, қозғалту немесе өлшемін өзгерту агоритмінде қалдыры лып керек сөздерді қойыңыз.
1. Суретті , тышқанды шертеміз.
2. Пайда болған баптау панелінде Мәтінде көркемдеудің ( күшік)
таңдап ----
3. Пайда болған маркердің көмегімен айналдыруымызға, көмегі
мен өлшемін өзгертуімізге болады.
4. Суретте тышқанды жібермей басып тұрып, оны орналастыруымызға
болады.

7 слайд . Суретті өшіру
Суретті өшіру үшін келесі алгоритм тізбегін орындаймыз.
1 Тышқанмен шертіп суретті ерекшелейміз.
2. Пернетақтадағы DELETE пернесі арқылы өшіреміз.
8 слайд. Назар аударыңыз

Мұғалім: Назар аударыңыз!!! Суретпен кез-келген әрекет жасау үшін, алды-
менен оны белгілеп алу керек.
9 слайд Сергіту сәті.

ІҮ. Сергіту сәті.
Мұғалім: біз біршама жұмыстар жасадық, енді бойымызды жазып алсақ.
Орындарыңызда өз парталарыңыздың жанында тұрып менімен бірге мына қимылдарды қайталаңыздар..
Көзді дем алдыру жаттығулары:
 Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен кз тігу;
 Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау;
 Көзді жұмып және оны қолмен жауып 1-1,5 минут отыру.
Шаршағанда (арқа талғанда) орындайтын жаттығулар:
 Басты сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта басты бұру;
 Басты екі жаққа кезекпен бұру;
 Жұдырықты түйіп, жазу;
 Керілу.
Мұғалім: балалар жұптарға бөлініп компьютерге отырыңыздар да, жұмыс
дәптерлеріңізді алыңыздар.
Ү. Жаңа тақырыпты қортындылау
10 слайд. Тапсырыс

Біздің «Өнеге» баспамыздан «Алтын балық» ертегісінің сыртын безендіруге ТАПСЫРЫС түскен екен. Қараңыздаршы, біздің кітабымыздың сыртында не болу керек?
Оқушылар: Авторы, сурет
Мұғалім: Сыртын безендіруге кірісеміз
1. Word МР – ын ашамыз.
2. Беттің параметрлерін өзгертеміз
3. Өзіміздің парақ бетіне түс берейік
4. Парақ бетін жиектейік
5. Автордың аты-жөнін:
6. Кітаптың бетін түсті жазумен жазып, жиектейміз. Суретті сәл қисайтып,
өлшемін өзгертеміз.
7. Алдын ала көру батырмасының көмегімен қалай орналасқанын көреміз. Не
жетіспейді, әрине картинка керек
8. Көрінісін қоямыз.
( оқушылардың компьютерінде ертілерден сурет болуы керек.)
9. Алдын ала көру батырмасының көмегімен қалай орналастырғанымызды
көреміз. Суретті қозғалтып, өлшемін өзгертіп өзіміз қалаған жерге орна –
ластырамыз
10. Қарайық, не болды? Сырты дайын. Осы жұмысты ертегінің аты мен және
өзіміздің сыныпты көрсетеміз.

ҮІ. Жаңа тақырыпты бекіту
Мұғалім: Тапсырыс бергеннің сенімді өкілі ретінде, мен сіздердің жасаған
кітаптын сыртына баға беремін.
Мұғалім: Балалар, Сіздер бүгін мәтіндік редакторда сурет кірістіруді үйрен-
діңіздер. Бұл жасаған жұмыстарыңызға басқа сабақтардан баян –
дама, реферат жасағанда қолданасыздар.
ҮІІ. Үйге тапсырма
Мұғалім: Тақтаға қараңыздар – сіздерге үй жұмысы. Бұл сіздердің жұмыс
дәптерлеріңіздің соңғы бетінде орналасқан № 7 тапсырманы
орындап келу, бүгінгі тақырыпты жақсы меңгергендіктеріңізді
таныту үшін Жаңа жыл мерекесіне арналған құттықтау қағазының
дизайынын жасап келу
Өз жұмыс орындарыңызды ретке келтіріңіздер.
ҮІІІ. Бағалау.
11 слайд Бағалау парағы
12 слайд Ынталарыңызға рахмет. Сабақ аяқталды сау болыңыздар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения