Жанибек Раушан
Должность:учительница по самопознании
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:обл. Кызыл-Орда, р. Казалинск, кент Айтеке би
15.05.2015
0
615
4

Іздегенде табылатын қасыңнан 8- сынып





 

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

№249 мектеп – лицей

Өзін-өзі тану мұғалімі

Жанибек Раушан Жанибеккызы

Бекітемін:   
№249 мектеп-лицей директорының                                                                                                   оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                                       Г. Дөңесова     
   

Мектеп:  №249 мектеп – лицей                     Мерзiмі: ____________           № 13

Тақырып:  Іздегенде табылатын қасыңнан       

Құндылық    дұрыс әрекет             Қасиеттер: сыйластық, адалдық

Мұғалiм: Жанибек Раушан Жанибеккызы     Сынып: 8____   Оқушылар саны: ___

 

Сабақ мақсаты:

-      - Оқушыыларға құрбыларының арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға тәрбиелеу, айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.

-      Сабақтың міндеті:

-        Адам қарым-қатынасындағы «дос», «достық» ұғымдарына түсінік беру.

-        Оқушыларға достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру, достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

-        Оқушыларды сыпайылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, сезімталдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.  Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.  

Сабақ барысын талқылау:

релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыпқа шолу.

Дос туралы ұғымды еске түсіру

 

2.     Дәйексөз.

«Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар»

Аристотель

Осы дәйексөздің мазмұнын ашу үшін төмендігідей өрбуі тиіс:
Көзқарас:
Себебі:
Мысал:
Жалпылау

3.     Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы).

Сый ретінде достық туралы видео көрсетіледі. Видеода екі достың өмірі көрсетіледі.

Және достық, дос туралы ұғымдардың мағынасын ашу

Оқушылармен бірге видеоны талқылау. Мағынасын ашу.

4.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-     Дос туралы постер құрастыру,

2-      Достық эмблемасын жасау

3-     Дос туралы 1 шумақ өлең шығару

Оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.

Топпен ән айту

«Жан досым»

 

6.     Үй тапсырмасы.

Дос туралы эссе жазу.

 

7.     Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Ыңғайланып отырыңыз.Көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!

релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс. Сабақ осылай қорытындалады.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения