Жакишева Светлана Викторовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Акмолинская область город Степногорск
15.05.2015
0
733
1

3 сынып ДүниетануCабақтың тақырыбы: Адам. Адам организмі.

1-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Адам.  Адам организмі.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: aдам организмі, оның құрылысы, атқаратын қызметі туралы түсінік алады.

Дамытушылық: aдам организмі жәйлі алған мағлұматтарын кеңейтеді, дамытады.

Тәрбиелік: дене мүшелері туралы білім алып,  денсаулығын жас кезінен нығайтуға, сымбатты болып өсуге тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: топтардың аттары, слайд, суреттер, маркерлер, А-3 қағаздары.

 

Сабақтың барысы:

I.                  Қызығушылықты ояту.

Сабақ барысында туралы мағлұмат алу ретінде балаларды «Жанұя» топтарына  бөлдім:            

I    топ –  Көз.

II   топ –  Жүрек.

III топ –  Асқазан.

IV топ –  Бауыр.

V  топ –  Өкпе.

VI топ –  Ми.

 

«Топтастыру» стратегиясы.

-         Балалар, «Адам ағзасы» дегенде сендердің көз алдарыңа не келеді?

Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп – көршісімен бөліседі, одан кейін – топ, барлығы ақылдарын ортаға салады. Ақыры – сыныппен жұмыс – топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

 

 

Адам ағзасы


                                                                 Көз

                                    Мұрын                                 Ауыз



                      Құлақ                                                               Жүрек

 



                  Асқазан                                                                       Өкпе

                            Бауыр                                                         Ми

                       

                                 Ішек                                                     Қуық

                                                               Бүйрек

 

II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» топтары 4 топтан тұратын «Жұмыс» топтарына бөлінеді:

I топ –   Бас. 

II топ –  Кеуде. 

III топ – Қол сүйектері.   

IV топ – Аяқ сүйектері.

 

I-топ.

Адам – тірі табиғаттың бір бөлігі. Басқа да иелері сияқты ол тыныс алады, тамақтанады, өседі, дүниеге ұрпақ әкеледі. Өсімдіктер мен жануарлар сияқты адам да ауа, су, жарық, тамақ және жылу қажет. Адамның жануарлардан ерекшелігі – адам ойлай алады, сөйлейді, тік жүреді, еңбек етеді. Осының арқасында ол қалалар, жолдар, фабрикалар мен зауыттар салады, автомобильдер мен ұшақтар, телефон, теледидар, компьютерлер жасайды. Адамдар кітап жазады, музыка шығарады, мүсіндер жасайды, картиналар салады. Адамның қолынан бәрі келеді. Не істегісі келіп талпынса, соның бәрін істей алады. Бірақ бұл үшін білім керек. Білімді болу үшін оқу керек.

Эксперт парағы:

1.     Неліктен адамды тірі табиғатттың бір бөлігі дейді?

2.     Адамдар мен жануарлардың қандай ұқсастығы бар?

3.  Ажамдардың жануарлардан қандай айырмашылығы бар?

4.  Адам білімді болу үшін не қажет?

 

II-топ.

Адам – тіршілік иесі (организм).  Адам организмі жеке бөліктерден – мүшелер мен ағзалардан тұрады. Көз, жүрек, асқазан, бауыр, өкпе – мүшелер. Әр мүшенің құрылысы бөлек және ол белгілі бір қызмет атқарады. Мәселен, адам көзімен төңірегінің бәрін көреді. Көз – көру мүшесі. Асқазан арқылы адам қоректік заттарды қабылдайды. Асқазан – ас қорыту мүшесі. Ал өкпе арқылы тыныс алады. Өкпе – тыныс алу мүшесі. Жүрек арқылы қанмен дененің барлық бөліктеріне қоректік заттар тарайды. Жүрек – қан айналым мүшесі.

Эксперт парағы:

1. Адам деген кім?

2. Адам организмі нелерден тұрады?

3. Адамға дене мүшелері не үшін керек?

4. Адамның әр мүшесі қандай қызмет атқарады?

 

III-топ.

Ми – аса маңызды ағза. Адамның ойлауы және басқа мүшелердің дұрыс жұмыс істеуі мимен байланысты.

Бастағы миға жұлын жалғасып жатады. Ми мен жұлыннан бүкіл мүшелерге ақ жіпке ұқсас жүйке тарайды. Олар арқылы миға әртүрлі сигнал түседі, ал мидан дененің барлық мүшелеріне кері сигнал тарайды.

1. Адамға ми не үшін қажет?

2. Бастағы миға не жалғасады?

3. Ми мен жұлыннан не тарайды?

4. Миға жүйке қандай қызмет көрсетеді?

 

IV-топ.

Дененің барлық мүшелері үйлесімді жұмыс атқарады. Біз адам организмінің құрылысын және қалай жұмыс істейтінін білуіміз керек. Ол денсаулықты сақтау және нығайту үшін қажет. Қаңқа – дененің тірегі. Қаңқа сүйектерден тұрады. Олар – бас, кеуде, қол және аяқ сүйектері.

Эксперт парағы:

1. Дененің барлық мүшелері қандай қызмет атқарады?

2. Неліктен адаморганизмінің құрылысын білуіміз керек?

3. Қаңқа не үшін керек?

4. Қаңқа нелерден тұрады?

 

III. Ой қозғау

Яғни, «Неліктен адамды табиғаттың бір бөлігі дейді?»  деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.

 

Бағалау.

 

Үйге тапсырма:

I    топ –  Көз атынан ЭССЕ жазып келеді.

II   топ –  Жүрек атынан ЭССЕ жазып келеді.

III топ –  Асқазан атынан ЭССЕ жазып келеді.

IV топ –  Бауыр атынан ЭССЕ жазып келеді.

V  топ –  Өкпе атынан ЭССЕ жазып келеді.

VI топ –  Ми атынан ЭССЕ жазып келеді.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения