Жумабаева Татьяна Маратовна
Должность:учитель русского языка и литературы школы с гос. языком обучения
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Костанайская область,Тарановский район, с.Новоильиновка
09.05.2015
0
425
0

Оқушыларды қорыытнды аттестацияға дайындау

              Оқушыларды қорытынды аттестацияға дайындау.

 

         Жақында  Таран ауданы «Новоильинов орта мектебі» КММ-де мемлекеттік  тілде  және орыс тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті,қазақ тілі мен әдебиеті, математика, шағын орталық мұғалімдерінің  педагогикалық  кәсібилігін көтеру, озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарату, мұғалімдердің арасындағы инновациялық кеңістіктің аясын кеңейту арқылы бәсекеге қабілетті білім беруді қамтамасыз ету мақсатымен «Пән мұғалімінің оқушыларды қорытынды аттестацияға дайындау жүйесі  » тақырыбында  аудандық семинар өткізілді.

  Семинарды Таран аудандық білім бөлімінің әдіскері Жармухамбетова Ы.Т. ашып,оның мақсаты мен міндетіне тоқталды.

    Шәкірттердің шығармашылық қабілетін,шеберлігін,бейнелеушілігін дамыту және өз беттерінше орындайтын жұмыс деңгейін көтеруді мақсат тұтқан,жаңа формация мұғалімдерінің кәсіби шығармашылығын дамытуға арналған семинар жоспарлы түрде жүргізілді.

      Мерекеге толы 2015 жылдың басты  Ұлық мерекесі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай келген қонақ мұғалімдерге Георгиев лентасы таратылды. Қазақ елінің іргетасы қаланғанына 550 жыл толуына байланысты ұлттық киім киген қолына домбыра алған жас ұстаздар  келген қонақтарға ауылдың алтыауызын айтып, шашу шашып қарсы алды.

   Қазақстан Республикасы халқының Ассамблеясының 20 жылдығына сай көркем безендіріліген сахнада Новоильинов селосында тұратын 7 ұлттың балалары өздерінің ұлттық киімдерімен шығып,қазақ,орыс, ағылшын  тілдерінде өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би биледі.

    Осындай көтеріңкі көңіл күй сыйлаған шәкірттер өздерін сабақта да жақсы орында көрсете білді.

   Набережный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің бірінші санатты мұғалімі Жапкараева Ж.К.  7 сыныпта Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі бойынша өткізген сабағын қатысушылар зор ынта қойып тыңдады.

    Ал Новоильинов орта мектебінің математика пәні мұғалімі, ағарту ісінің ардагері Повжик Наталья Ивановнаның  «Тригонометриялық өрнектердің мәнін табу» тақырыбындағы сабағы,  бірінші санатты қазақ тілі мамандары Нурмухамбетова Г.Г.   мен Аулиясова Д.А. шығармашылық жұмыстары семинарға қатысушылардың назарын өзіне аударды.

   Сондай-ақ ,Май орта мектебінің математика пәні мұғалімі  Лутченко А.Н. 11 сыныпта «Вектор » тақырыбында шебер-сынып өткізді.

     Новоильинов орта мектебінің жоғарғы кәсіби санатты орыс тілі маманы Жумабаева Татьяна Маратовна 9 сыныпта «Сөз тіркесі мен жай сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өту арқылы өзінің іс-тәжірибесін ғылыми негізде көрсетуі де педагогикалық қауымның көңілінен шықты.  Татьяна Маратқызының әріптесі Набережный орта мектебінің  бірінші кәсіби санатты орыс тілі мұғалімі Аубакирова Л.Г. 5 сыныпта «Зат есім» тақырыбында өткізген сабағы ,оның оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық жұмысы сапалы да мазмұнды тұстарымен ерекшеленетінін көрсетті. Шағын орталық тәрбиешілері аналы –балалы  Анна Ивановна мен Наталья Васильевна Куликовалар  өз топтарында үлгілі сабақ беріп  балаларды ұлттық өнерге,үлгі-нақышқа тәрбиелеудің тиімді жолы екенін дәлелдей білді. 

       Өз әріптестерімен тәжірибе бөлісуге келген аудан ұстаздары Нагорный негізгі мектебінің  орыс тілі мұғалімі Ансабаева Г.С. және Тобыл орта мектебінің орыс тілі мұғалімі Бармина Е.В оқушыларды қорытынды аттестацияға дайындаудың тың әдістерімен әріптестерін таныстырды.

     Семинарда түскі  үзілістен кейін « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау »  тақырыбында коучинг-сессия өткізілді.Оны Новоильинов орта мектебінің жоғарғы кәсіби  санатты 2 деңгей мұғалімі,орыс тілі маманы Жумабаева Т.М. жүргізді. Ал аталған мектептің орыс тілі мұғалімі Галиева Э.И. мен Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінің мұғалімі Мухамедина Г.А «Пән мұғалімінің оқушыларды қорытынды аттестацияға дайындау жүйесі  » тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Семинар  барысында Тобыл орта мектебінің жоғарғы санатты қазақ тілі мұғалімі Қасымова Ұ.Б., Апан негізгі мектебінің бірінші санатты қазақ тілі мұғалімі Хасенова Г.К. баяндама жасап , әріптестерімен іс-тәжірибесімен бөлісті.

    Семинар соңында мектеп психологтары В.В.Каргачинская мен А.Е.Жөкешова күні бойы жұмыс істеген ұстаздарға рухани дем беру үшін психологиялық тренингтар жүргізді.

      Семинарда ұстаздардың заманауи міндеттерге сай ғылыми соңғы жаңалықтарды оқыту процесінде тиімді пайдаланып,оқушыларды қорытынды аттестацияға дайындау барысында  жаңа технологиямен жұмыс жасауды толық меңгеруге бейімделгенін айғақтады.

    Таран аудандық әкімдігінің білім бөлімінің әдіскер мамандары  Жармухамбетова Ы.Т., Ибраева Г.Ж., Мозер В.В.  шығармашылық еңбектерін,шеберліктерін аудан көлемінде өте жоғары деңгейде көрсеткені үшін жоғарыда аталған педагогтарды  және Новоильинов орта мектебінің директорының м.а. Сметанина Елена Александровнаны  аудан мұғалімдерін жоғарғы деңгейде қарсы алып, жоғары ұйымдастыру шеберлігі үшін аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапаттады.

Сонымен бірге, Новоильинов  орта мектебіның педагогикалық ұжымына алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында еңбек етіп жүрген шығармашыл ұстаздардың озық тәжірибелерін насихаттау мақсатында бірлесіп қызмет жасауға шақырды.

                                                                                     Татьяна Маратқызы

 

Новоильинов селосы

 

Таран ауданы

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения