Гульмира
Должность:психолог
Группа:Посетители
Страна:Актобе
Регион:не указан
08.05.2015
0
708
1

Тәрбие сағаты "Құстар-біздің досымыз"

Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»
Мақсаты:
а. Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
ә. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру,құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
б. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Барысы:
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы құстарға арналған «Құстар- біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз.

1-сәуір 1906 жылдан бастап халықаралық құстар күні болып жарияланды.

Сәуір келді,

Тірлікке жан кірді

Кең дала жасарып, жаңғырды

Бар өңір құлпыра бастады,

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды

Қос қанаты желпілдеп,

көлге үйрек-қаз қонды.

Әдеби монтаж:

Анар
Құстар,құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізген
Жақсы хабар береді.
Ұлболсын:
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт-береке күнімен
Махамбет
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат--шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда

Азамат:

Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Куанта бер көктем
Анар:
Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері.

Азамат:

Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды.

Махамбет:
Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
Ұлболсын:
Жыл құстары дегеніміз-Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл,тоқылдақ,үйрек,қаз ,тырна.
Қонысбек:
Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатыр.Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді.Биік асулардан асады.Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
Аида:
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.Мысалы:қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар.әні құлаққа жағымды.

Құралай:
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

Әділет:
Қарылғашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй-ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген

Азамат:
Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған.

Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын

Гаухар:
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сағыныш:
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең мені күт.
Айғаным:
Мен еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән-жырдың
Тамаша тамылжып шырқаймын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің

Диалы:
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.

Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
Қонысбек:
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған.Шебер әншісін-бұлбұлға теңеген.Азаматын-сұңқарға,сұлуын-аққуға,ез жігітін-жапалаққа теңеген.
Ән «Гүлдер-ай» Шакенова Құралай
2-бөлім Жұмбақтар шешу

Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес,құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)

Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)

Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоңыз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)

Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)

Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)

3-бөлім «Ертегілер елінде»

«Қарға мен қараторғай»
Ойын «Құстарға ұя жасайық»

Би «Құстар биі»

4-бөлім «Халық болжамдары»
-         Төле би шаңырағына қарлығаш ұя салған жылы көшпей отыратын болған. Бұны көрген өзбек ағайындар Төле биді «Қарлығаш би» деп атаған
.Балалар, халқымыз құстарды бағалаған,  құсқа қарап ауа райын болжаған:

Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді.

5-бөлім «Оқушы шығармашылығы»
(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)

6-бөлім Қорытынды

Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды, ал құстар табиғаттың бір бөлігі. Жер бетінде құстардың 8600-ге жуық түрі бар, ал біздің елімізде 500-ге жуық түрі бар. Табиғатты қорғап, күтсе ғана ол көбейеді. Азайып кеткен құстарды «Қызыл кітап» тізіміне алып, оларды көбейту шаралары жасалады.  Қорықтар жасалады. Қазақстанда 5 қорық бар.

Құстар-біздің досымыз. Сондықтан оларды күтіп, баптап, қорғайық.

Адамның досы болып, аңызға арқау болған қарлығаш туралы әнді орындап сабағымызды аяқтаймыз.

Ән «Қарлығаш»

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения