Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
06.05.2015
0
429
0

WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасы,Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы

"№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені" КММ

Информатика пәні мұғалімі

Камбарова Альфия Куандыковна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру.

Дамытушылық: WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруді, мәтін үзінділерімен жасалатын әрекеттерді жасай білулерін, сурет, күн мен уақытты кірістіру мүмкіндіктерін жасай білуін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға, алғырлыққа, батылдыққа, адамгаршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, проектор, презентация, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың әдістері: түсіндіру, суретпен жұмыс, ребус, ойын, инновациялық әдістер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

-       Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше саяхат сабақ болмақ. Ол саяхаттың кай қалада болатынын білу үшін ребус шешейік                                                   Ребус шешу.

,,,,              ,                ,,,,,               ,,,      ,,       ,,,,    ,,      ,,, 

                                         Жауабы: Астана

- дұрыс, біз  енді елордамыз  - Астанаға саяхатқа шығамыз. Қонақтарды білімімізбен, тәрбиемізбен сыйлап жіберуіміз керек. Солай емес пе? Ендеше, бір-бірімізге жүрек жылуын беріп, сәттілік тілейік.

         Балалардың күлкісін, Бағалаған Астана- дей отырып, Астанаға сапарға аттанайық. Ол үшін ең алдымен біз  ұшаққа билет алуымыз керек. Билетті үй тапсырмасын орындау арқылы алайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы «Жұмбақ тастар» арқылы тексеру. Бұл тапсырмада әр таста сұрақтар жасырылған:

1. Word Pad редакторының  қолдану мақсаты?

2.Word Pad редакторын қалай іске қосамыз?

3. Word Pad редакторында қандай құралдар бар?

4. Редактордың терезе элементтерін атаңдар.

5. Құжатты ашу және сақтау қалай жүреді?

Жарайсыңдар, оқушылар! Ұшаққа билет алынды. Енді ұшаққа мініп, Астана қаласына көк аспанда самғап ұшамыз. (Оқушаларға ұшақ билеті таратылады)

 

IІІ. Жаңа сабақ «Білгенге маржан».

Оқушылар, ұщағымызға жайғасып, жаңа ақпарат ала отырыңыздар. Сіздердің айтуларыңыз бойынша нені анықтадық. Яғни Word Pad мәтіндік редакторының терезе элементі «Пішімдеу тақтасындағы» командаларымен және құрал саймандар тақтасымен, жұмыс аймағында өзімізге қажетті әрекеттерді орындай аламыз. Сонымен осыдан біздің бүгінгі тақырыбымыз келіп шығады. Тақырып: Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері. Бұл тақырыптың мақсаты, яғни пішімдеу тақтасының командаларымен, құралдар тақтасымен жұмыс істей отырып, редактордың мүмкіндіктерін игеру.

Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктеріне: Word Pad мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру, күн мен уақытты кірістіру, мәтінді іздеу, мәтінді ауыстыру, құжатқа суреттерді кірістіру мүмкіндігі бар.

Мәтіннің үзіндісі дегеніміз не? Үзінді – мәтіннің бөлінген бөлігі. Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру батырмасын басамыз немесе Өңдеу – көшіру (Правка-Копировать) батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қиып алу(Правка – Вырезать) Мәтін үзінділерін қою батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қою (Правка-Вставить) арқылы мәтін үзінділерімен жұмыс жасауға болады.
Күн мен уақыт кірістіру батырмасын бір рет шертеміз немесе Кірістіру – Күн мен уақыт (Вставка –Дата и время) бұйрықтарын орындау арқылы мәтіндік құжатқа күн мен уақытты кірістіруге болады.
Мәтінді іздеу үшін мәтінді іздеу батырмасына бір рет шертеміз немесе Өңдеу – Іздеу (Правка – Найти) бұйрықтарын орындау арқылы жүзеге асырылады. 
Мәтінді ауыстыру үшін Өңдеу – Ауыстыру (Правка – заменить) бұйрықтарын орындаймыз.
WordPad құжатына сурет кірістіру Paint графикалық редакторынан немесе басқа жердегі суреттерді кірістіруге болады. Сурет кірістіру үшін:
1.Суретті белгілеп, Правка – Копировать командасын таңдау
2. Мәтіндік құжатты ашып, Правка – Вставить командасын орындау. Ол үшін тышқанның көмегімен апару және көшіру әдістерін немесе меню командалары арқылы көшіруді және жылжытуды қолдануға болады.

ІV. Ал, оқушылар Астана қаласына қош келдіңіздер! Алғашқы саяхатты Астананың символы «Бәйтерекке» шығамыз. Ол үшін «Ұшқыр ойлы оқушы» тапсырмасы таратылады.  (практикалық жұмыс). Уақыт шектеледі. Ең алғашқы 3 оқушы тапсырма орындағаннан кейін уақыт аяқталады. Сол оқушылар астана ескерткіштеріне ие болады.

«Ұшқыр ойлы оқушы» тапсырмасы

1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосыңыз

2.Сіздерде Paint редакторында орналасқан Бәйтерек-1. атты суретті WordPad құжатына енгізіп, шағын шығарма құрап жазыңыз.

3. Мәтіннің өлшемі - 14, қарпі - Times New Roman, түсі – көк, екі жағы бойынша туралау.

4. Мәтінге бүгінгі уақыт пен күнді еңгізіңіз.

 



Бәйттрек-1

V. Сергіту сәті «Хан шатырға» саяхат.  Ол үшін сәйкестік кестесімен жұмыс орындаймыз.  (Жауабын білетін оқушы шығып, Сәйкес ұяшықтарға + таңбасын қою арқылы дұрыс жауабын анықтайды)

Дұрыс жауабы:

• CapsLock – бас әріптер режиміне ауысу

• Enter – жаңа жолға көшу

• Shift – бас әріптерді теру

• Backspace – меңзердің сол жағындағы символарды өшіру

• Delete – меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

VІ. Жаңа сабақты бекіту.«Пирамидаға» саяхат. (тест жұмысы арнайы программада орындалады. «5» бағасын алған оқушыларға ескерткіш суреттері таратылады)

Тест сұрақтары:

  1. Белгіленгенді алмасу буферіне көшіру батырмасы

А)                                          

Б)

В)

2. Мәтінді түгел белгілеу командасын көрсетіңіз

А) Правка ---Заменить

Б) Правка --- Выделить все

В) Правка --- Копировать

3. Мәтіннің ішіндегі қажетті сөзді тауып алу үшін қандай команда орындалады

А) Правка ---Заменить

Б) Правка --- Найти

В) Правка --- Копировать

4. Мәтіндегі бір сөзді екінші сөзбен ауыстыруға мүмкіндік беретін команда

А) Правка ---Заменить

Б) Правка --- Выделить все

В) Правка --- Копировать

5. Құжатқа ағымдағы күн мен уақытты кірістіру үшін ...

А) Вставка ---- Дата и время

Б) Вставка --- Время

В) Вставка- --- Объект

6.Word-Pad программасынан шығу үшін ....

А) Файл--- Открыть

Б) Файл --- Выход

В) Файл --- Сохранить

Жауаптары:

WordPad мәтіндік редакторы тақырыбына тест тапсырмалары

1

2

3

4

5

6

В

Б

Б

А

А

Б

VІІ. Сабақты қорыту. «Әуежайға қайту»

Рефлексия жүргізу

Не білдім

Не үйрендім

Сабақтан алған әсерім

VIII. Үй тапсырмасы  

§28 тақырыпты оқып, мазмұндау. Астана тақырыбында презентация құрап келу

IХ. Бағалау.

Оқушыларды  жинаған ескерткіш суреттері арқылы бағалау

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения