Эрмекова Агилаш Реймбаевна
Должность:Воспитательница
Группа:Посетители
Страна:Мангистауский обл город Жанаозен
Регион:Мангистауский обл г.Жанаөзен
05.05.2015
0
442
0

Ашық сабақтар:Тиінің үйінде қонақта,Қасиетті нан-осы,Су-тіршілік көзі, Пішіндердің айырмашылығын ажырата білуге үйрету,«Жақсы аға» Б.Тікебаева /жаттау/

№19 «Алтын күн» балабақшасы

Тәрбиеші: Эрмекова Ағилаш

Білім беру саласы:_Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Дене тәрбиесі  

Тақырыбы: Тиінің үйінде  қонақта

Мақсаты:1.Білімділік: Акробатикалық жаттығулар орындауды жетілдіру және балаларды ептілікке икемдеу, денсаулығын нығайту, салауатты өмірді насихаттау
 өмірлік маңызы зор істер мен дағдыларды қалыптастыру, ой санасын шынықтыру, жетілдіруді үйлестіре білу.Түс, пішін, көлемін, қанша, сонша ұғымдар туралы білім дағдыларын одан әрі қарай жалғастыру.

2.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттін, тілдік қорын дамыту,дәлдікке, теп-теңдікке, шапшаңдыққа, ептілікке үйрету. Дене бұлшықеттерін жетілдіру.

3.Тәрбиелік: Математика, дене-тәрбиесі оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру.

Жеке жұмыс :Елжан мен Парасатқа акробатикалық жаттығуларды жасай білуге  үйрету

Әдіс-тәсіл:Көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап , мадақтау.

Керекті -Құралдар: ,доға, ұзын, қысқа жолақшалар, шар, сәбіз, жаңғақ

 

Әрекет кезендері

             Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Мативациялық

қозғаушы

 

 

 

Балалар саппен залға кіреді. Залдың ортасында қоян киімін киген бала тұрады.

Балалар қоянмен амандасады.

Қоян: Балалар мені тиін туылған күніне шақырған еді. Тиін сендерге де айт деген еді сендерді күтіп тұрмын бірге барамыз ба?

Қоян сен біздерге жол көрсетіп барасың ба, біздер орманда адасып кетеміз, жолды білмейміз.

Қоян: Әрине мына жол тура соған апарады.

Жүргізуші: Балалар барамыз ба?

Балалар: Ия

 

 

Іздену

Ұйымдастыру-шы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар дөңгелек тұрған жерге келіп тұрады.

Балалар қараңдаршы өте әдемі жер екен. Қандай әдемі гүлдер өсіп тұр. Гүлдердің түстері қандай (көк, қызыл)

Кәне, осы гүлдердің үстінде тұрып аэробика жаттығуы жасайық.

Музыкамен би қимыл –қозғалысын жасайды.

Қараңдаршы балалар мына жерде көпір бар екен біреуі үлкен, екіншісі кішкентай екен үлкен көпірден содан кейін кіші көпірден өтеміз. Одан кейін үлкен жолдан, содан кейін кіші жолдан өтеміз жарай ма.

Міне келдік тиінің үйіне

Тиін үйінде жоқ бізге хат тастап кеткен екен оқып қарайық .

Балалар мен үлгермей жатырмын маған жаңғақ пен сәбіздерді екі себетке бөліп жинап беруге көмектесесіңдер ме?

Ал, енді екіншісі көптеген шар жатыр түстері қандай жасыл мен сары.

Дұрыс айтасыңдар енді тиінің үйін безендіріп берейік.

Жасыл шарды оңға, сары шарды сол жаққа қойып шығамыз.

Тиін келеді рахметін айтады.

 

Рефлексті 

Коррекциялау-

-шы

Шеңбер жасап отырады кілемде жай музыка әуені ойнап тұрады.

Тыныс алу жаттығуын жасату. Сұрақтар қою арқылы қорытындылау.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: _Әуеннің ырғағымен  аэробика жаттығу жасауды білуі керек

Нені  игеруі  керек: Би қимылдарын, аэробика жаттығуын жасауды  игереді.

Нені біледі : Тәрбиеші берген тапсырманы орындауды, сұраққа жауап беруді, ойын шарттын бұлжытпай орындауды біледі.

 

Әлдеуметтік орта саласы бойынша оқу-тәрбие жұмысын жобалау.

        Тақырыбы: Қасиетті нан-осы.

Орындаушы:тәрбиешісі : Эрмекова Ағилаш Реймбайқызы.

Мақсаты:Нан туралы түсінік беру, соның ішінде қасиетті нанға тоқталу, наның өсіп жетілуіне  аса назар аударып зерттеу , тәжрибелік жұмыстар жүргізу.Наның қадір қасиетін білуге тәрбиелеу.

Проблемасы:  Болашақ ұрпақты адамгершілік құндылықтарға тәрбиелей отырып наның қадірін жетік білуге тәрбиелеу.

Жобаның міндеттері: Ұлттық тағамдар  жөніндегі білімдерін жетілдіру. Наның шығунан ,пісіп жетілуіне дейінгісін салыстыра отырып дайындалу  әдісін меңгерту.  Әр сөзді дұрыс  қолдануға үйрету. Саяхат кезінде көргенін санасында сақталып қалуын қадағалау.

Күтілетін нәтиже: Тәжрибе жүргізіп үйренеді. Көргенін әңгімелеп береді. Нан туралы түсінігі қалыптасады. Ойлау, есте сақтау қабілеті жетіледі.

Жобаны іске асыруға қатысқандар: Тәрбиешілер, балалар, ата-аналар,нан шығаратын цех.

 

Кезең

Іс-шара

Күтілетін нәтиже

I кезең

Дайындық

1)жобаның мақсатын құру.

2)міндеттерін қою.

3)ақпарат жинау.

4)мерзімін анықтау.

5)топтарға бөлу.

6)Балалар нан туралы өз  білгендерін  тексеру.

7)Көрнекіліктер, үлестірмелі құралдар, карточкалар, наның түрлерінің суреттері.

8)Ата-анамен жұмыс жасау.

9)Нан шығаратын цехқа бару.

10)Буклет жасау.

11)Ермексаздан , қағаздан  нан түрлерін көрме жасау.

 

Балалар жобаға түгелдей қатыстырылды.

 

Ата -аналармен, тәрбиешілер арасында тікелей қарым қатынас орнатылды.

Ата-аналар жобаға бар күш жігерімен ат салысты.

II кезең

Жүзеге асыру

Шаттық шеңбер құру .

Нұрға толы бар аймақ

Күн шыққанда арайлап

Ұйқымыздан тұрғанда

Күлімдейді ақ анам

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

 Бәріміз бірігіп бақыт дәмін пісірейік.Бақыт дәмі тәтті болу үшін оған кішкене қуаныш мейірім,денсаулық,ойын-сауық және үш қасық күлкі қосуға болады.

Міне осындай бақыт дәмін дайындадық.Балалр нанымыз піскенше,біз өздеріміз тақпақ,мақал-мәтел,тиым сөздерімізді айтайық жарай ма.

Балаларға жұмбақ, тиым сөздер, мақал- мәтелдер айтқызу.

Шағын тақпақтарды жатқа айту.

Балалар жеке-жеке наның шығу тарихына тоқталып әңгімелеп береді.

Саяхат барысында көргенін айтып береді.

" Нан қайдан  келді?" ертегісін сахналау.

Ерегінің мазмұнын түсіне отырып, әңгімелеуге үйрету.

Математикалық ұғымдарды қолдану.

1)Балалардың сұрақтарға жауап беруі.

3)тақпақтар, тиым сөздер білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

4)Саяхат кезінде көрген, түйген  өз ойын әңгімелету.

 

 

 

 

5)Ертегінің мазмұнын түсінеді.

 

6)Пішіндерін ажыратады.

III кезең

Жобаның нәтижелігі

1)Көрме

2) Балаларды көрмеге апару атаналарымен жасаған жұмыстарын қарап шығу.

 

3) Тәрбиешілердің көзқарастары, пікірлері.

 

Өздері жасаған жұмыстарын әңгімелеп береді.

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 1.Балалардың іс-әрекетін тәрбиешілер сабақ барысында көрді.

2. Балалардың  нан туралы білімдер жетілді.

3. Балаларды,ата-аналармен тәрбиешілерді кешенді түрде сүйемелдеуін құрады.

4.Тәрбиешінің  балалармен жүргізген қарым-қатынасы , білімдері анықталды.

5. Тәрбиеші әлеуметтік ортасаласындағы жаңа технологияны  пайдалану сабағының конспектісін жасады, практикалық кеңес берілді.

6. Сабақ әдістемелік бірлестік топтарына көрсетілді.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения