Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
04.05.2015
0
757
1

Тәрбиелік іс-шараның тақырыбы: Ел қорғауға әзірміз

ЕСЕНОВА БАЛАГУЛ АБИЛКАИРОВНА

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

АРАЛ ҚАЛАСЫ  «№ 220 ОРТА МЕКТЕБІ»  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 

Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысы туралы ізденуге, мәлімет жинауға жұмылдыра отырып, патриоттық тәрбие беру.

Формасы: сайыс

Көрнекілігі: буклеттер, альбомдар, слайд.

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Сайысқа қатысатын топтарды іс шараның мақсатымен таныстыру.

Жүргізілу барысымен таныстыру.

Жүргізуші:

     Жеңіс күні бар әлемге әйгілі:

     Көктем!

     Шуақ - тоғызыншы май күні!

     Айтшы , кәне,

     Біздің Жеңіс шеруі

     Кездейсоқ па көктемге тұс келуі ?!

     Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,

    Көңілдерге шұғыласын төккен көп...

     Адал ниет адамзатты қуантып,

     Жеңіс күні тұрады ылғи нұр шашып.

 

Қымбатты ұстаздар, аяулы шәкірттер,  7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен,  9Мамыр  Ұлы  Жеңістің   70 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!

Бір топ оқушылар жеңіс күніне арнап тақпақтарын айтады.

Окушы:

   Арылтып жаудан жерімді,

   табанға шаншып өлімді.

    Жеңіспен желпіп өмірді,

    Оралды ерлер көңілді.

    Десеңдер бұл қай күні

     Тоғызыншы Мамыр күні!

Окушы:

    Алақай ай, әйгілі

    Тоғызыншы мамыр күн.

    қырмызы гүл, қызыл гүл

    Құшақтарға енген күн!

Окушы:

   Ағаларға ерген күн,

   Бақыт гүлін терген күн!

   Әкеміздің аңсаған

   Әкелерін көрген күн!

Окушы:

   Соғыстың өрті жанбасын,

   Сәбилер жетім қалмасын.

   Есігіне әр үйдің

   Бесігіне әр үйдің

  Мәңгілік бақыт орнасын,

  Болмасын ,соғыс болмасын!

Бәрі:

   Мәңгілік бақыт орнасын,

   Болмасын, соғыс болмасын!

Мұғалім:

1941- 1945 жылдар еліміз үшін ұмытылмайтын  уақыт.

Төрт жыл ішінде қаншама қазақстандықтардан айырылдық. Хас батырларымыз Отан үшін жанын құрбан етті. Еліміздің жарқын болашағы үшін, балалардың тыныштығы үшін күресті. Жеңіс туын желбіретіп, халқын шаттыққа бөледі. Осы қуанышты күннің орнағанына биыл жетпіс жыл толып отыр. Мінекей, бүгінгі болмақ сайысымыз да осы мерекеге арналады. Кішкентай бүлдіршіндердің өз Отанына деген ықыласын ортаға салу мақсатында ұйымдастырылып отырған  «Ел қорғауға әзірміз » атты сайысымыздың бастаймыз.

Ән : «Ел қорғауға әзірміз »

Сайыс бағдарламасы:

  1.      Сыныптагы топтар патриоттық әндер орындайды. Мақал -мәтелдерден кітапша құрастыру

Бірнеше оқушы тақпақтар оқиды.

Аружан : «Жеңіс күні»

Әсел:  «Бауыржан батыр»

Айжан: «Батыр қыз»

  1.       3-сыныптар әскери шеру жасайды.

 

Батырлар жайында жазылған өлеңдерден жинақ құрастыру

Мұғалім:

Батыр әрі жазушы Б. Бұлқышев : « Адал адам Отанын сүйеді. Адал , ақ жүрекке Отан өз анасындай. Отанның дегенін істеу  қуаныш ,бақыт, мақтаныш! Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды.»

3         4- сыныптар өздерінің жүрекжарды шығармаларын оқиды.

Ұлы Отан соғысының батырларының өмірі жайлы кітапша құрастыру.

 

Қорытынды

Өлім мен өмір арпалысқан қанқұйлы соғыстың жеңіспен аяқталуына үлес қосқан майдангерлер өнегесі ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Біз әрқашан аталарымыздың ерлігін мақтан етеміз.

Сендердің ержүрек, батыл боп өсіп , өз Отанының адал патриоты болады деп сенеміз.

Сайыс қорытындысын хабарлау.

 

 

 

 

 

Жұмыстарды бағалау:

 

 

Сыныбы

Жұмыс түрі

орындалуы

Көркемдігі

Топ ұйымшылдығы

мазмұны

1 а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр сыныпта екі жұмыс бағаланады. Оның әрқайсысы

«бес» балдық  есеппен бағаланады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения