Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
04.05.2015
0
606
0

Ел есімі-ер есінде

Тезекбаева Меруерт Калымбековна,

учитель истории сш №17

п. Боралдай Алматинской области, Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: «Ел есімі-ер есінде»

Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы оқушыларға түсінік беру. Сөздік қорын молайтып,нақты деректерге сүйене отырып,ой-өрісін дамыту.Герман фашизмінің әділетсіз,қатігез болғандығын айту. Отандастарымыздың жанқиярлық ерлігін шынайы әңгімелеу.Өз отанын және Отанды қорғаған ерлерді құрметтеуге патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: батырлардың суреттері, әдеби кітаптар,ТСО,слайдтар.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі,безендіру ,портреттерді ілу.

Гимн.
Кіріспе:
1 жүргізуші Бақберген: 
Сәлеметсіздер ме құрметті ұзтаздар,оқушылар. Бүгінгі «Ер есімі-ел есінде» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Халықтың қалыпты өмірін,тіршілігін күрт өзгерткен қатерлі де қаһарлы,қатал да, ауыр кезең туды. Фашистік Германияның негізгі мақсаты Кеңес одағын жаулап алу еді.Осы мақсатын орындау үшін «Барбаросса» жоспарын жасады. Оны Германияның басшысы 18 желтоқсанда 1940 жылы Гитлер бекітті.
2 жүргізуші Зейнеп :
1941 жылы маусымның 22 күні, күн сәйкесі түскенде кенет радио көңілді музыканы кілт үзіп, неміс фашист жендеттерінің соғыс жарияламастан елімізді басып кіргені жөнінде қаралы хабар таратты.Сөйтіп, Ұлы Отан соғысы басталды.Ел тыныштығын бұзған бұл өрескел жағдай рухани сананы билеп алды.
Ашу мен ыза кернеген Отандастарымыз жауға тойтарыс беріп оларды жер бетінен аластатуға бел байлады. Міне осылай, Ұлы Отан соғысы басталды.

1 жүргізуші Бақберген: Осы соғыста бүкіл жер шарының 50млн-нан астам адамы құрбан болса,біздің 
еліміздің 20млн-ға жуық азаматы өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірлерін құрбан етті.Ендеше сол  батырларымыздың рухына тағзым етіп  1 минуттық үнсіздікпен еске алайық!
Ұлы Отан соғысындағы ерекше ерлігі үшін Қазақстанның 369 жауынгеріне «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Келесі кезекті « Катюша»әніне  береміз.

 

2 жүргізуші Зейнеп:
Ұлы Отан соғысындағы ерекше ерлігі үшін Қазақстанның 369 жауынгеріне «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Тағы басқа 91 әйелге «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Олардың ішінде қазақстандық қос жұлдыз Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова ның өмірі туралы не білеміз?
Баяндайтын Сәкенқызы Сағынай мен  Қуанышбаева Асель

 

Эльдар
Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр-Бауыржан.
Естігенде есімін
Жау есінен жаңылған.
Бұзып-жарып қоршауды
Жолсыз жерден жол салған.
Асель
Оқ борады күн-түні,
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды
Батыр қазақ Тоқтаров.
Туын жықпай қолдағы
Опат болды ел үшін
Кеудесімен қорғады
Ұлы Отан жеңісін.
Аяжан:
Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.
Ол Жеңісті көрген жоқ,
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың.

2 жүргізуші Зейнеп: Көзінің тірісінде – ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Айдана

 


2 жүргізуші Зейнеп:  би «Смуглянка»


Мәди: Мәңгілік алау.
Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқандай өшпейді,
Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!
Олар-сенің таңғы шапақ нұрың ғой,
Олар-сенің мәңгі асқақ жырың ғой!
Мәңгі алауға жиі барып әрдайым,
Бас киімді қолыңа алып,гүлің қой!
Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте 
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
Отанының бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңе ұста құрметте!


1 жүргізуші Бақберген ән: « Көк тудың желбірегені»

     Батырхан          :
Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырын,
Ұмытпайды ел мәңгілік!


Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)
Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.
(қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Немересі: 
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі: 
— (әкесі қолындағы бір жасар қызын ұлына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби қарындасың,
Барлығы саған аманат.
Әжесі: 
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін: 
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)


1 жүргізуші Бақберген : Келесі кезекте «Қазақ» биін қарсы алыңыздар..

 

2 жүргізуші Зейнеп  : 
«Жеңіс»деген –жақсылықтың сыңары,
Жігерменен, құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2 жүргізуші:
Жеңіс күні! Бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Бірақ бұл оңайлықпен келген жоқ емес пе?
1 жүргізуші: 
Ия,ешкім де,ешқашан да ұмытылмақ емес!
2 жүргізуші:
Соғыс-қиратушы күш, барды жоқ ететін, жұпты тұл ететін қасірет! Ұлы Отан соғысында 70млн адам құрбан болса,оның 20млн Кеңес Одағынан, ал оның 350мың-нан астамы қазақ еді.Келесі кезекте Парахатова Аиданың орындауында күй «Көңіл толқыны».Қабыл алыңызда!

тақпақ Аяулым :
Байқап тұрсаң сол жылдар келісті кім?
Қазанынан қайғының ел ішті мұң.
Жарылған бомбалардың әсерінен,
Сорпасы қайнап жатты жер үстінің.
Батыс жақтан бір қауіп төніп келді,
Тарылтам деп Кеңестің кеңістігін.
Ақырында бабалар Берлинді алып,
Біржолата құлатты неміс туын.
Есепсіз ерліктердің арқасында,
Тойлап жүрміз біз бүгін ЖЕҢІС КҮНІН.

2 жүргізуші Зейнеп :Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
1945 жылдың 9 май күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
1 жүргізуші Бақберген  ән: «Атамекен»

2 жүргізуші Зейнеп:

Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.

Бүгінгі «Ел есімі-ер ел есінде» атты тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.  Назарларыңызға рахмет!

Ел есімі-ер есінде
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения