Байназаров Айдын Айткалиевич
Должность:Преподаватель-организатор НВП
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан,ВКО,Тарбагатайский район,село Тана мырза
01.05.2015
0
419
1

Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі





 

 

ШҚО,Тарбағатай ауданы,Тана мырза орта мектебі

Алғашқы  әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы :Байназаров Айдын  Айтқалиұлы

 

1.      Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі

 

2.      Сабақтыңмақсаты:Оқушыларғаазаматтыққорғаныстыңнегізгіміндеттеріменмақсаттарынұғындыру.

 

3.      Уақыты: 45 мин.

 

4.      Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

 

5.      Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АҚ журналдары.

 

6.      Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

 

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.

-Эвакуация деген не?

-Эвакуация міндеттері

б) Негізгі бөлім – 22 мин.

 

Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.

Бейбіт уақыттағы  және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесі

Әрбір   төтенше жағдайдың өз ерекшеліктері бар және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылатын шаралардың нақты тізбесі бар. Сонымен қатар төтенше жағдайлар болған ретте  адамдарды қорғау үшінқолданылатын іс-қимылдың жалпы жиыны болады,оған күнілгері және төтенше жағдай болғанда тікелей жүргізілетін шаралар қамтылады.Күнілгері жүргізілетіндері: берілген аумақта болуы мүмкін төтенше жағдайды болжамдау,ықтимал төтенше жағдайлардың шығындарын азайтуға бағытталған шаралар,төтенше жағдай болған кезде жүзеге асырылатын іс-қимылды жоспарлау,төтенше жағдайларда қолданылатын күш пен құралды  дайындау,халыққа төтенше жағдайлардағы құлық ережелерін үйрету,төтенше жағдайларда болуы мүмкін материалдық қор жасау. Халыққа хабарлау дегеніміз су басу,орман өрті,зілзала ,тасқын не басқадай дүлей апат туралы ескерту,болған апат не алапат туралы ақпарат беру. Бұл үшін байланыс,радио және теледидар құралдарының барлығы қолданылады.Уақыт –басты фактор. Төтенше  жағдайларда оны зая жіберуге болмайды.Адамдардың тағдыры осыған көп байланысты.Қазақстан республикасындағы радиотрансляция жүйесі кең тараған.Радиотрансляция торабы жоқ бірде-бір қала ,ірі елді мекен жоқ. Кәсіпорындардың ,оқу орындарының көпшілігінің  өз радиоторабы бар.

Оқу орындарындағы АҚ-тың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады. Олар зардап шеккендерді іздестіру үшін, оларды үйінділер астынан және зақымдану ошағынан алып шығуға; үйінділерді тазалауға; құлап жатқан қорғаныш құрылыстарын ашуға; зақымданушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін тағайындалады.

 

в)  Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

 

-Хабарлау жүйесі деген не?

-

 

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

     ұйымдастырушы      оқытушысы: _____________  ______________

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения