Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
30.04.2015
0
488
0

Конкурс №5: Посвящается 70-летию Великой Победы «Поклонимся великим тем годам…»

 

 

Қазақстан, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№2 «Жанар» балабақшасы

Директоры

Бесмагамбетова Раушан Кадихановна

 

 

 

Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр.Бұл жеңіс елімізге оңай жеткен жоқ.Қаншама өрімдей жас жігіттеріміз бен қыздарымыз майдан даласынан тірі оралмады.Дәлірек айтсақ соғысқа тек Қазақстаннан 1 млннан астам адамның 410 мыңы соғыста опат болды.Соғысқа тікелей қатысқан жауынгерлермен қатар тылдағы еңбек майданына 700 мыңдай адам маңдай терлерін төкті.Сонда 2 миллиондай қазақстандықтар Жеңіс туының желбіреуіне үлес қосты.Қазақстан жерінде соғыс жылдары 12 атқыштар дивизиясы,4 ұлттық атты әскер дивизиясы,7атқыштар бригадасы,50-ге жуық полктер мен батальондар құрылып,майданға аттанды.

Соғыс кезінде қазақстандық 5 әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ берілді.Соның бірі-28 гвардиялық Панфиловшылар дивизиясы.Бұл дивизияның құрамында жаумен шайқасқан 28 батырдың,дивизия командирі Бауыржан Момышұлының,майор Мәлік Ғабдулиннің,жауынгер Төлеген Тоқтаровтың есімдер мен ерліктері аңызға айналып соғыс тарихына алтын әріппен жазылды.3,5 мың қазақстандықтар партизан отрядында жаумен шайқасып ерлік көрсетті.Атап айтқанда Қасым Қайсенов,Тоқтағали Жангельдин,Әди Шәріпов,Сәтімбек Төлешов,Нұрым Сыдықов,Ғалым Омаров,Ғалым Ахмедияров сияқты ержүрек партизандардың ерлігін халқы еш ұмытпайды.Кейінгі ұрпақ бұл жауынгерлердің жаумен шайқастағы олармен бірге соғысқан Нұрғаным Бейсейітов,Жамал Ақәділова,Тұрғаш Жұмабаева сынды қыз-келіншектердің көрсеткен қайратын,ерлігін,партизан жазушылар Қ.Қайсенов,Т.Жангельдин,Ә.Шәріповтың жазған кітаптарынан оқып таныса бермек.Соғыс кезінде қазақ қыздарынан шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүктің ерлігі,қанатты қыз атанған тұңғыш ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың ерлік қимылдар әлем жұртшылығын таң қалдырды.Әлия мен Мәншүк Орта Азия мен Қазақстанды қосқанда қыздардан шыққан тұңғыш батыр қыздар.Олар жөнінде поямалар мен өлеңдер,әндер жазылып,қазақ елінің көгінде қалықтап шарлап кетті.Бұл соғыста тек қазақстаннан 500 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді,оның 98-і қазақ азаматтар.Солардың ішіндегі халқымыздың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүкті мақтан етеміз.Сондай-ақ Кеңес Одағының батыры атағы соғыс кезінде 115 адамға берілсе,олардың ішінде біздің ержүрек жерлестеріміз Т.Бигелдинов ,Х.И.Беда,С.Д.Луганский ,И.Ф.Павлов бар.90-жылдары Алтын жұлдызбен Бауыржан Момышұлы мен Тоқтар Әубәкіров наградталды.Соғыс кезінде партизандық ерлігі үшін жазушы Қасым Қайсенов егеменді елдің «Халық қаһарманы»атағын алды.

Бейбіт елге қанды шеңгелін салған неміс фашистерінен Кеңес елін азат еткен жауынгерлеріміз жауды өз інінде талқандап рейхстагқа ту тіккен қазақ жігіті Рахысжан Қошқарбаевтың есімі де соғыс тарихына алтын әріппен жазылып қалды.Бұл айтылып отырған деректердің бәрі кейінгі ұрпақтың өз елін сүйіп,оны қорғауға қашанда әзір болуға баулитын тәрбиелік мәні зор.Тәрбиешілердің Жеңіс тақырыбына ұйымдастыратын тәрбие сағатынап пайдалануына септігі тиері анық.

Төменде беріліп отырған Отанын қорғауда аянбаған ержүрек жаауынгерлер туралы қысқа өлеңдер балалардың жаттап алып айтып жүруіне лайықты.

Әлия

Бар даланың даңқысың

Балауса гүл,балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін.

Жанып түскен ақ Жұлдыз

 

Мәңгі жасап жере енді

Көп тұрсын деп таулардан.

Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдық мәр мәрдан

 

Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Арасында жүрсін деп

Әнге қосып жүр елің.

 

Мәншүк

Жаудан қорғап Отанды

Қаһарман қыз атанды

Кетті тарап әлемге

Даңқы Мәншүк апамның

 

Ол ерлігін асырған

Дұшпанды да бас ұрған

Мәншүк апа

Аңыз боп

Жетпек келер ғасырға!

 

Қайрат Жұмағалиев.

Бауыржан

Дұшпанға жасандай шүйілген

Ержүрек Бауыржан

Есімін қастерлер бүгінде

Сүйсініп әрбір жан.

Бұл күнде көп жұрттың ұлының

Есімі-Бауыржан.

«Баукеңдей болса,-деп,құлыным»

Тілейді әрбір жан.

 

Сұлтан Қалиев

Талғат

Сағым қуған сары дала

Көк аспаннан аумайды

Майбалықта сары бала

Көктен көзін алмайды.

Ұшқыш болды ер жетіп

Соғыс....

 

Қыран самғады.

Жау шебіне тез жетіп

Талай ойран салған-ды

Үш жүз бес ұрыста

Талқандады ордасын.

Отан қорғау антың көп,

Орындады ер іспен-

Екі мәрте батыр боп

Елге оралды жеңіспен.

 

Ермек Өтетілеуов

 

Нұркен Әбдіров

Әр аймақтың үркердей

Жұлдыздар болады-

Нұрьақыттай,Нұркендей

Ұл-қыздары болады.

Ұмытпайды жұрт оны,

Кешсе де өмір аз-ақ күн

Қарағанды Нұркені-

Гасстелосы қазақтың!

 

Несіпбек Айтов

 

Рақымжан Қошқарбаев

Отан үшін туған адам

Өшпек емес санадан,

Рейхстагқа ту қадаған,

Рахымжан-жан ағам

Ер ағаның

Бір алаңға

Қойылсайшы мүсіні.

Түсін қырға қыран алға,

Тамсандырып кісіні,

Аяласын гүл алаңы,

Ән боп шалқып жел ессін!

Жүрек жұтқан бұл ағаны

Қалай батыр демессің?!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения