Байназаров Айдын Айткалиевич
Должность:Преподаватель-организатор НВП
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан,ВКО,Тарбагатайский район,село Тана мырза
30.04.2015
0
1487
9

Чернобыл апаты





 

ШҚО,Тарбағатай ауданы,Тана мырза орта мектебі

 

Алғашқы  әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы :

 

Байназаров Айдын  Айтқалиұлы

 

 

 

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалды

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды

 

1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясы жарылды. Бұл жайлы Совет халқы екі күннен кейін ғана хабардар етілді. Еуропа аспанында радиоактивті шаң-тозаң қалқып жүрді. Апат кіндігіндегі Припять қаласында жұрт ештеңені сезбей күнделікті тіршіліктерін жасап жатты. Совет басшылары алғашында ескі сарынға салып, апат жайында ешкімнің аузын ашқызбады, мәселені үнсіз жауап тастамақ болды. Алайда бұдан бір жыл бұрын Совет Одағының жаңа басшысы М.С.Горбачев жариялылық саясатын бастаған болатын. Сөйтіп, теледидар арқылы Чернобыль апаты туралы құрғақ мәлімет беріле бастады.

 

Совет халқы ХХ ғасырдың қасіретіне айналған Чернобыль апатына немқұрайды қарай алмады. Ресми деректерге жүгінсек, ТМД елдерінен апатты тоқтатуға 800 мыңнан астам қатысқан. Әйтсе де апат зардабы текке кетпеді: құтқарушылар түрлі ауруларға шалдықты. Бүгінде сол адамдардың100 мыңы бұл өмірде жоқ.

 

Ажал сәулесiне кеудемiздi тостық

 

1986 жылдың 26 сәуiрiнде 01 сағат 23 минут 40 секунд шамасында Чернобыль Атом электр стансасының 4-энергоблогында апат болды. Стансаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған тәжiрибе кезiнде оператордың түйменi басуы салдарынан жобалау сатысында жiбе­рiлген қателiкке байланысты реактордың қорғаныс қорабы ерiп кеткен. Соның кесiрi­нен радиоактивтi қалдықтардан түзiлген бұлт 7,1 млн. адам тұратын 155 мың шаршы шақырым аумақты жайлап, радиациялық ластануға алып келдi.

 

«Чернобыль Одағы» ха­лық­аралық ұйымының мәлi­метi бойынша, 1986-2005 жылдар аралығында апаттың залал-зардаптарын жоюға қатыс­қан 601 604 адам көз жұмған. Чернобыль апатының салдарынан 1,8 млн. адам мүгедектер санатына қосылды. Апат зардаптарын жоюға қатысқан 31 720 қазақстандықтың қазiр көзi тiрiсi – 6 210 адам ғана. Осы қайғылы оқиғаның зардаптарын жою­ға жiберiл­ген жер­лес­терiмiз ең қатерлi жұмыс­тарды ат­қарған.

 

Ресми мәлiметтерге қа­рағанда, Чернобыль апатынан бүгiнде қатерлi iсiк ау­руына шалдығып, қаза бол­ғандардың саны шамамен 9 мыңға жетедi. Дегенмен, тәуелсiз ұйымдар бұл көр­сет­кiш “200 мыңға дейiн жетедi” деп есептейдi. Мұндай өлiм-жiтiм елiмiздегi чернобыльдiк арда­гер­лердi айналып өткен жоқ. Бүгiнде медициналық көмекке зәру болған олардың басым көпшiлiгi айықпас дертке шалдыққан   

 Кейiн естiдiк, апат болған сәтте үш күн қатарынан жел шығыстан тұрыпты да, радиация бұлты Украина, Беларусь, Румыния, Венгрия, Болгария, Польшаны тұтас дерлiк қамтып, соларға қар

Чернобыл апаты
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения