Zamanhanova Almagul
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:не указан
30.04.2015
0
1406
3

Ашық сабақ "Батыс Еуропа елдері"





                                                 Дәріс жоспары

Пәні: Жағрафия

Дәрістің өткізілген күні: 09. 12. 2014 ж.

Топ: Д – 9 – 12к      

Дәрісхана: 401

Тақырыбы: Батыс Еуропа елдері

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыптың мазмұнын түсіндіру,  оқушыларға батыс еуропа елдеріне жататын елдерді  түсіндіру, басылымдарда жарияланған зерттеулермен таныстыру.

                                 

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісі мен іскерлік қабілеттерін дамыту, білім деңгейін көтеру.

                                 

Тәрбиелік: Қоғам алдындағы жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулу.

                                                                                

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклет, оқулық, тест, сөзжұмбақ, дүниежүзі картасы.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ. Жаңа  сабақ;

ІV. Жаңа  сабақты пысықтау;

V. Қорытынды;

VІ. Бағалау;

VІІ. Үй  тапсырмасы.

 

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Дүниежүзілік сауда
  2. Дүниежүзілік сауда міндеттері
  3. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі     (Слайд1,2,3)

 

          

Батыс Еуропа елдері

 

Батыс Еуропа елдері  - Париж келісімінің (1954 жылы) шешімдеріне сәйкес

1955 жылы құрылған әскери-саяси одақ. Штаб-пәтері - Брюссельде (Бельгия).

Құрамына Бельгия, Ұлыбритания, Ирландия, Люксембург, Нидерланд,

Грекия, Франция, ГФР, Испания, Португалия және үш мүдделес қосалқы (ассоциациялық) мүше - Түркия, Норвегия, Исландия, олардан басқа бақылаушы бес мемлекет – Ирландия, Дания, Австралия, Швеция, Финляндия енеді. Батыс Еуропа Одағы қызметі кеңесшілік сипатта. Оған мүше елдердің басым көпшілігі әрі НАТО әрі Еуропа одағының мүшелері.

Батыс Еуропа Одағы космос ракеталарын жедел игеріп, жердің жасанды серіктерін жасау, одақ қарулы күштерін құрып, оны атом қаруымен жарақтандырып, НАТО қарулы күштерінің қарамағына беру саясатын жүргізді. 1984 жылдан бастап жылына екі рет Батыс Еуропа Одағына мүше елдер өкілдерінің кездесулері шақырылады. 1991 жылы желтоқсандағы

Маастрихт декларациясы Еуропа одағымен Батыс Еуропа Одағы арақатынасын айқындаса, 1995 жылы мамырда Лиссабон кездесуінде одақтың қарулы күштеқорғаныс министрлері де қатысады. Тұрақты кеңесте елшілер күнделікті жұмыспен айнрі әлуетін көтеру мәселелері қарастырылған. Батыс Еуропа Одағының Бас органы - Кеңес, сессиясына сыртқы істер министрлері, қажет жағдайда алысады. Бас секретариат одақтың барлық органдарының қызметін үйлестіреді. (Слайд 4)

 

 

Батыс Еуропа елдері: Ұлыбритания, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Нидерланды, Австрия.

Ұлыбритания (Great Brіtaіn), Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (Unіted Kіngdom of Great Brіtaіn and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аум. 244, 11 мың км2. Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды.  Ағылшындар англикан мемл. Шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық  мемлекетпарламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ. Ұлыбританизаңдары көп ғасырлық конституция, дәстүрлер мен Жоғарғы сот органдарының (прецеденттердің) шешімдеріне негізделген. Мемлекет басшысы — монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғарғы басқолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы (королева) — Елизавета II (1952 жылдан). Жоғары заң шығарушы органы — екі палатадан (қауымдар және лордтар) тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі — фунт-стерлинг. Ұлттық мерекесіпатшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі). (Слайд 5,6)

 

 

ФранцияБатыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент

(Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағыРеюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының

құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.

Францияның теңіздік шекаралары  Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды. Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді. Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент. (Слайд 7,8)

 

 

 

 

 

Швейца́рия (нем.Schweiz, фр.Suisse, итал. Svizzera, ромш.Svizra), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы (нем. Schweizerische

Eidgenossenschaft, фр. Confédération suisse, итал. Confederazione Svizzera, ромш.  Confederaziun svizra) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде  Германиямен, батысында  Франциямен,  оңтүстігінде  Италиямен,

шығысында Австрия және  Лихтенштейнмен  шектеседі. Халқы 7,3 млн. (2001), оның 65%-ы — неміс тілді швейцарлар, 18%-ы — француз тілді швейцарлар, 10%-ы —италиян тілді швейцарлар, 1%-ы — реторомандықтар, т.б. Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар. Астанасы — Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель. Швецария — федеративтік парламенттік республика.  Мемлекет басшысы — Президент, жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі — неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы — Конфедерацияның негізі қаланған  күн, 1 тамыз (1291). Швейцария — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі — швейцария франкі. (Слайд 9,10)

 

Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр. Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Алмания қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель. (Слайд 11,12)

 

 

Бельгия  Бельгия Корольдігі – Батыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 30,5 мың км2. Халқы – 11 млн. адам (2007). Астанасы – Брюссель (1 млн.) Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж. Әкімшілік жағынан он провинцияға бөлінеді. Ресми тілдері – француз, нидерланд (фламанд) және неміс. Негізгі діні – католик (70%). Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Ақшасы – бельгия франкі. Ұлттық мейрамы – жиырма бірінші шілде (Леопольд Біріншінің парламентке конституцияны құрметтеуге ант берген күні) мен он бесінші қараша (король әулетінің 1866 ж. таққа отырған күні). Бельгия – конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1831 ж. қабылданып, оған бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік басшысы – король. Заң шығару билігін король мен парламент жүргізеді. Парламент – өкілдер (150 депутат) және сенат (71 мүше) палаталарынан тұрады. Атқарушылық билікті парламенттің алдында жауап беретін үкімет жүзеге асырады. Провинцияларды король тағайындайтын губернаторлар басқарады. Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекшеленеді. Арденн тауы Бельгияның оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері – Ботранж шоқысы (649 м). Қаңтардағы орташа температура 3 ӘС, шілдеде 18 – 19 ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 – 900 мм, Арденн тауында 1250 мм. Басты өзендері: Маас және Шельда. Өзендер бір-бірімен каналдар арқылы жалғасқан. Бельгия жерін марал, елік, қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қырғауыл, құр, т.б. мекендейді. (Слайд 13,14)

 

ГолландияНидерланд патшалығы (бейресми атауы – Голландия) – Еуропадағы мемлекет. Нидерландының солтүстік және батыс бөлігі Солтүстік http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BE%D0%BB%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D1%82%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7%D1%96

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения