Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
28.04.2015
0
404
0

Серуеннің тақырыбы: «Жапырақтың түсуін бақылау»

Мақсаты: Мезгіліне орай табиғаттың өзгерістері туралы балалардың білімдерін кеңейту.

Тәрбиеші сұрақтарды қояды:

1. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қазір жылдың (мещгілі – күз)

2.  Қалай білдіңдер күз екенін?  (Адамдар жылы киінді, күн суытты, құстар ұшып кетті, ағаштар сарғайды)

3 – Барлық  ағаштардың түстері өзгердіме? (жоқ, кейбіреулер әлі жасыл)

4 – Қай ағаш бірінші болып сарғаяды? (ең бірінші аққайың ағашы сарғаяды)

5 – Қай ағаштың жапырақтары әлі жасыл? (қарағай ағаштың жапырақтары әлі жасыл)

Көркем сөз:

Сарғайды тоғай

Сап - сары маңай,

Соңғы ән айтып

Құс кетті ұшып.

Жапырақ ұшты,

Күнде де суытты

Сонда да бізге

Көп қызық күзде.

Тәрбиеші балаларға үйеңкі ағаштың жапырақтарына бақылауға ұсынады.

-         Ағаштар үшін жапырақтың түсуі маңызды ма? (ия, ағаштар қысқа дайындалады)

-         Егер жапырақтар күзде түспесе, не болар еді? (жапырақтар қыста қатады, қар түскенде бұтақтарға ауыр болады, олар сынады.)

-         Ағаштар жапырақтың түсуімен де өліп қала ма? (жоқ, ағаштар өлмейді, қыс бойы тұрады, көктемде қайтадан бүршік жарып, жапырақ шығады)

Жұмбақтарды жасыру:

1)     Сары, қызыл кемелер

Су бетінде қалқиды

Жел қатты соқса егер

Ылғиды, толқиды.  (жапырақ)

2)     Ағайынды бәрі,

Жазда – жасыл

Күзде – сары (жапырақ)

 

3)     Ағаш толы сары шымшық

Сілкіп көрсең түседі ұшып  (жапырақ)

 

-Барлық жапырақтар бірдей түсе ме?(жоқ, ұшып кетеді, айналып түседі, бұтақтарға ілініп кетеді)

Зерттеу іс әрекеті: Айналып түскен жапырақты тап.

Бұтақтан жұлынып түскен жапырақты тап.

Түскен жапырақтардан ою – өрнек құрастыр.

Еңбек: Аула сыпырушыға көмектесеміз.

Жапырақтарын жинап шығарамыз.

Мақсаты: Жұмыс ұйымдастырып істеуге дағдыларын бекіту.

Жеке дара  жұмыс: Қимыл – қозғалысты дамыту. Дененің салмағы бір аяқтан, екінші аяққа өзгертіп. 

Мақсаты: Аяқ алшақ қалпында отыру дағдыларын бекіту.

Өз еркін ойындар:  ойыншықтарды қолданып, аулада ойнау.

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»

Мақсаты: Шапшаңдыққа, қимыл қозғалысқа жаттықтыру.

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения