Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
28.04.2015
0
528
0

Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл

Қазақстан,Қызылорда қаласы

И.Әбдікәрімов  атындағы  Қызылорда аграрлық техникалық колледжі

Қоғамдық пәндер циклының  оқытушысы

Биғалиева Анар Мұхамбетқызы

II. Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ -  жауап.

III. Сабақтың түрі: Интеллектуалдық сайыс сабақ.

IV.  Сабақтың  жалпы мақсаты:

  • Оқушылардың  Қазақ хандығының  құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету.
  • Оқушылардың тарихи –танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу,тіл байлығын дамыту.
  • Тұңғыш  Қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

V. Күтілетін нәтиже: Қазақ елінің тарихын терең білу,тарихи тұлғаларды үлгі тұту,Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу,өмірде қолдана алу.

VI. Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті тақтада көрсететін слайд,оқулық,үлестірмелік қима қағаздар,суреттер,карта.

VII. Пәнаралық байланыс: әдебиет,география,бейнелеу

VIII. Сабақтың барысы:

  1.      Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды I-II топқа бөлу.

I-топ Керей (9 сынып)  II-топ Жәнібек (11 сынып)

Әділ-қазы алқасын сайлау.

Сайыс кезеңдері:

  • «Таныстыру»сайысы.
  • «Шешендер»сайысы.
  • « Білімділер» сайысы
  • «Өнер» сайысы.
  • Сергіту сәті
  • «Ой қозғау» сайысы.
  • « Ойлан,тап!» сайысы
  • « Шығармашылық тапсырма»
  • Қорытынды: «Ой толғау» сайысы  

 

  1.                     «Таныстыру»сайсы.  Әр топ өз атын қорғайды.
  2.                 «Шешендер»сайысы. Әр топ Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндап береді.
  3.              « Білімділер» сайысы

Тест сұрақтарын ауызша қою. Әр топқа 15 сұрақтан қойылады.

 

“ Керей” тобына қойылатын сұрақтар:

  1.      Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан
  2.      Қазақ халқының Жәнібек пен Керек бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды?XV ғ.о.
  3.      Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай хандықтан Моғолстанға көшті? Әбілхайыр хандығынан
  4.      Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті:Моғолстанның батыс аймағына
  5.      Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық: Әбілхайыр хандығы
  6.      Жәнібек , Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы: «өзбек-қазақтар»
  7.      XV ғ. 50-70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны:200мың
  8.      Моғолстан билеушісі Есенбұға Жәнібек пен Керей одағына ене отырып,олардың көмегімен  неге үміттенді?өз шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
  9.      Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға
  10.                        Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғ. б. басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары: ру-тайпалармен бірігу,тыныштықта өмір сүру үшін
  11.                        XVғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет:Қазақ тайпаларының басын қосып,этникалық аумағын біріктіру
  12.                        Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды?XV ғ.о.
  13.                        Қазақ хандығы құрылуы жайында жазған тарихшы: М.Х.Дулати
  14.                        М.Х.Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығы қашан құрылды? 1465-1466жж.
  15.                        Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей

 

 

“Жәнібек” тобына қойылатын сұрақтар:

  1.      Жәнібек ханның шын есімі: Әбусаид,халық Әз-Жәнібек деп атаған
  2.      Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территориясы:Шу мен Талас өзендері маңы
  3.      Алғашқы Қазақ хандығы құрылған жер: Жетісу
  4.      Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер:Қозыбасы
  5.      Хандықтың нығаюымен байланысты кімдерге қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады? Жәнібек пен Керейге
  6.      XVғ.с. қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар: Созақ,Сығанақ
  7.      Қазақ хандығы қай жылдары құрылды? 1465-1466жж.
  8.      1470 жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала: Түркістан
  9.      XVғ.а. Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: Мұзаммед Шайбани
  10.                        XVғ.с. Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары үшін
  11.                        XVғ. 70 ж Қазақ хандарының басып алған жерлері: Сырдария мен Қаратау өңірі
  12.                        Әбусаид,халық Әз-Жәнібек деп кімді атаған? Жәнібек
  13.                        Жетісу жерінде XVғ.II ж қандай хандық құрылды? Қазақ хандығы
  14.                        Қай жылы Қерей мен Жәнібек Сыр бойындағы қалаларға щабуыл жасады? 1470ж
  15.                        Керейдің ұлы:Бұрындық

 

  1.             «Өнер» сайысы. Әр топ өз өнерін көрсетеді.
  2.                Сергіту сәті.
  3.             «Ой қозғау» сайысы. (Ассоциация)

I-топ «Керей» тапсырмасы: «Алаш»сөзінің мағынасы туралы айтады

II-топ         «Жәнібек» тапсырмасы: «Қазақ» сөзінің мағынасы туралы айтады.

  1.          « Ойлан,тап!» сайысы.  Суретке ат қою және авторын табу.               I-топқа  «Керей»М.Қаспақ салған сурет «Той»                                      II-топқа «Жәнібек» Т.Асықов салған сурет «Хан көрету»рәсімі
  2.       « Шығармашылық тапсырма»  .  I-топ «Керей» тапсырмасы «Қазақ хандығының құрылғанына  - 550 жыл»  (Топтағы әр оқушы өздерінің жазып келген шығармаларын оқиды. II-топ «Жәнібек»  «Қазақ хандығының құрылғанына  - 550 жыл»тақырыбында постер (плакат)қорғайды.
  3.             Қорытынды: «Ой толғау» сайысы.   «Бүгінгі Қазақстан»
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения