Исмайлова Асель Токтамуратовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
26.04.2015
0
351
0

They are cutting the trees





1 мамыр  Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесіне арналған

«Ұлт бірлігі – ұлы байтақ» атты тәрбие сағатының сценариі

Өткізілетін уақыты: 29.04.2014 ж.

Өткізілетін орны: мектеп акт залы

/Мемлекеттік Әнұран орындалады/

/Құрманғазының «Сарыарқа» күйі  баяу ойнап тұрады. Ортаға жүргізуші шығады /

Жүргізуші:

Ауылым туған, гүл тергем сенен алғашқы,
Көгілдір аспан, көк жиек, орман-шарбақты.
Көзіме алғаш кезіккен қайда бозторғай,
Көкегім қайда жамылған жолақ шарқатты

Уа, кош келдің, Ынтымақ күн, бірлік күн

Берекесі замананың, тірліктің

Ұлттар менен ұлыстарды ұйытқан

Ұлы елімнің келбетінен нұрды ұқтым

 

Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!


Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
Құрметті ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз мектебіміздің оқу ісіснің меңгерушісі Абдрахманова Бибігүл Жаңабайқызына сөз беріледі.
Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

Екпінімен еңбектің жарасқан ән

            Құлақ түріп даңқына алыс ғалам

            Достық туы желбіреп қырмандарда

            Даламызда сан тағдыр табысты адам

            Бостандықтың нұрымен арайланып

            Болашаққа алаңсыз қарыштаған

            Ұлы достық отауы – ҚАЗАҚСТАН!

Қарыштап қадамымыз бұдан алға

            Еліме ырыс пенен дарысын құт

            Болсыншы бейбітшілік жаныңа тән

            Атыңнан айналайын, алып Отан

            Әлемде, Қазақ елім, өзің барда

            Мен – дағы мәңгілік боп жалын атам! – Теңелдің орындауында «Қазақ елі» әні

 

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз, - дей отырып, ортаға Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің көрінісін тамашалаңыздар!

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой

            Дос келді деп, жасап жатыр анық той

            Тұңғыш рет көріп тұрсын сен оны

            Нағыз қазақ осы, міне, танып қой!           /сахнаға қазақ ұлты шығады.

Әйнегі күн,шатыры аспан,
Кең дала,төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің! – Берікболсынның орындауында «Жаса, Қазақстан» әні  

Ұланымыз орыстың,

            Ұлы  мекен қоныстың.

            Ұранымыз туыстық,

            Ұлттар бізге тым ыстық              / сахнада  орыс ұлты өнерін көрсетеді /

Орыс биі . Орындайтындар: бір топ оқушылар/

Қазақ осы қарасын ба? Ақсын ба?
Қоңырсын ба? Жатырқауды білмейтін
Деп - Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің басқа шаңырақтың астында, татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқан ағылшын ұлтын шақырамыз.

Нигер шығады  /сөз сөйлейді/

 

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр –дей келе, ортаға қырғыз ұлтын шақырамыз.

 

 

Өзбекстан мақталы

            Еліміздің мақтаны

            Еңбек сүйгіш халқымыз

            Ел бірлігін сақтайды

/сахнаға өзбек халқының өкілдері шығып би билейді/  /Зейнеп пен Айбек/

/Өзбекше ән орындалады, қыздар билейди/

Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.


Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады, - дей отырып, ортада «Туған жер» әніне кезек береміз. /Ақерке/

Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын. - дей келе «Ақ көгершін» әніне кезек берейік.
«Ақ көгершін»- әні орындайтын: Бағдат

Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.

Көрініс: «Әже мен бала» /Нұрлан мен Нұрперзент

Бұзылмасын сәніміз
Барлық ұлттар бірлесіп
Қазақстан жерінде
Жасасын той мереке – дей отырып, ендігі кезекте өзбек биін тамашалаңыздар!

 Орындайтындар: 3-сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар!

 

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат! – «Аққу» биі  Зейнеп пен Ақерке  

 

Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! - дей келе, ортада «Часики» әнімен Аиданы қарсы алыңыздар!

Орыс биі.  Орындайтындар: 4-сынып оқушылары Аружан мен Айша

Көрініс: «Ұлттар» 

Қарыштап қадамымыз бұдан алға

            Еліме ырыс пенен дарысын құт

            Болсыншы бейбітшілік жаныңа тән

            Атыңнан айналайын, алып Отан

            Әлемде, Қазақ елім, өзің барда

            Мен – дағы мәңгілік боп жалын атам!

 «Елім менің» әні. Орындайтын Али Азамат

 

Шаңырағы шыңдармен тайталасып

            Тастағанда түндігін айқара ашып

            Сығайлайды күнменен ай таласып

            Еркіндіктің бесігі бақытты отау

            Күнге өрлеген қанатты Қазақстан! – дей отырып, қазақ қызымыз Ақеркенің «Сарыжайлау» әнін тамашалаңыздар!

Келесі кезекте Латынамерикандық Ламбада биін тамашалайтын боласыздар! Орындайтындар: 1-сынып оқушылары

Көркемсөз: Али Азамат

Төрлете бер,

            Көктем – келбет, ұлы күн

            Бойға дарыт ынтымақтың жылуын

            Достық деген ұялаған жүрекке

            Қассиетті-ау, қассиеті бұл ұғым!

Құстар» әні. Орындайтын 5-сынып аруы Қосмырза Зейнеп

 

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз -
«Атамекен» әні. Орындайтын: Нұрадин Теңел

 

1  мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

«Ұлт бірлігі – ұлы байтақ» атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения