Купжасарова Алмагул Калымжанова
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
26.04.2015
0
527
2

«Қысым» тақырыбына есептер шығару.

 

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы М.Б.Ықсановатындағы №36 орта жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Купжасарова Алмагул Калымжановна

Сабақтың тақырыбы

«Қысым» тақырыбына есептер шығару.

Жалпы мақсаты

Оқушылардың қысым тақырыбындағы теориялық білімін практикалық есеп шығару дағдыларымен ұштастыру, оқушылардың іс - әрекеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,  білімдерін жинақтау.

Күтілетін нәтижелер

v  оқушыңың белсенділігі,қызығушылығы  артады;

v  оқушылардың есеп шығару дағдылары қалыптасады;

v  іс – әрекеттері айқындалады;

v  іскерлік нәтижесі қорытындыланады;

v  формулаларды есеп шығаруда қолдана біледі.

 

Сабақ түрі

 білімді тексеру және қайталау сабағы

Қолданылған

әдіс – тәсілдер

v  жеке жұмыс;

v  топтық жұмыс;

v  СТО технологиясы, ақпараттық технология;

v  Көшбасшылық

Тапсырмалар

v  топқа бөлу ( қысым формуласындағы шамалар арқылы 3 топқа бөлінеді)

v  «Кім алғыр?» ( теориялық білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеке, топтық жұмыс арқылы жеткізеді)

v  «Дұрыс таңда» (әр топ физикалық  шама, формула өлшем бірліктерді кестеге жазады)

v  «Ойлан тап!» (әр топқа  үш түрлі физикалық формулалар беріледі, сол формуладан туынды формулаларды табады)

v  «Кім жүйрік?» (деңгейлік есептер шығару, әр топқа А,В,С, деңгейлерінің есептері беріледі)

v  жеке жұмыс (жедел тест тапсырмаларын орындайды, дәптерлерін көршілерімен алмастырады, бірін – бірі бағалайды,)

v  рефлексия (ойларын ортаға салады, ой бөліседі)

Керекті жабдықтар

7 сынып оқулығы, 7 сыныпқа арналған есептер жинағы, бағалау парағы, тест тапсырмалары, белсенді тақта, т.б.

Сабақ барысы

 

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларға топпен жұмыс жүргізілетіні туралы мағлұмат беру.

Сұрақ:

Қысым формуласы қандай физикалық шамалармен өрнектеледі?

Жауабы: қысым, күш, аудан.  Осы сұрақтың жауабы арқылы 3топқа бөлу.

Оқушылар орындарына отырғаннан кейін топ жетекшісін анықтау. Бағалау парағын тарату.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен тақырыпты қайталау, шолу жасау. Сұрақтарға жауап беру.

«Кім алғыр?». Қайталау сұрақтары:

1.Қысым дегеніміз не?

2.Қысымды қалай арттырып, кемітеміз?

3.Паскаль заңын тұжырымда?

4.Гидравликалық машина дегеніміз не?

5.Газдың қысымы болатынын қалай дәлелдейміз?

6.Сұйықтар мен газдардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай физикалық шамаларға тәуелді?

7.Қысымды өлшейтін құрал?

8.Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы мына шамалардың қайсысына тәуелді емес: сұйық бағанының биіктігіне, ыдыстың пішініне, ыдыс түбінің ауданына, сұйықтың тығыздығына?

9.Бірдей үш ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі сынаппен, үшіншісі керосинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп қысым түсіреді?

10.Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерінде бірдей бола ма? Неге?

 ІІІ. «Дұрыс таңда» (физикалық шама, формула өлшем бірліктерді жазу)

Физикалық шама атауы

Белгі-ленуі

Форму- ласы

Өлшем

бірлігі

1

Қысым

 

 

 

2

Ауырлық күші

 

 

 

3

Дененің тығыздығы

 

 

 

4

Ауырлық күшінің әрекетіне сұйықтар мен газдарда болатын қысым

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения