Абдыхаймова Бейсенкуль Курманбаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
26.04.2015
0
514
2

Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында диалогтік оқытудың тиімділігі

Абдыхаймова  Бейсенкуль Курманбаевна

№2 Жамбыл атындағы орта  мектеп

орыс тілі мен әдебиет пәні  мұғалімі

Орыс  тілі мен  әдебиеті сабақтарында диалогтік  оқытудың  тиімділігі

                                           Шебер  сынып

Мақсаты ::
А) Оқушылардың сабақта диалогтік қарым - қатынасты орната отырып білім сапасының артуы мен ойлау қабілеттерінің даму жолдарын анықтау;
В) Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың диалогтік қарым - қатынасын орнатып, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздық қабілеттерін, тіл байлығын, ой - өрісін, ынтасын дамыту;

Міндеті:

 1. Диалогтік оқытудың   оқушының  белсенділігін арттыруда тиімді екенін  көрсету.

2.Сыныпта диалогтік оқытуды қолдану арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. 
Қолданылатын материалдар:

 Интербелсенді тақта, нақыл сөздер , бейнекөріністер, стикерлер.

Өту формасы:    лекция – тәжірибе  ( Теория –тәжірибе –теория).

Жұмыс алгоритмі:

1.     Теориялық бөлім . Проблеманы  анықтау

2.     Практикалық бөлім

3.     Рефлексия

1 теориялық  бөлім          Проблеманы   анықтау

Диалог  деген  не?   Неліктен  ол бүгін маңызды? Айналада  не   болып жатқанға  назар  аударыңыздар .... Адамдар  бір –бірібен   келіспей  жатқан  , бір келісімге   келмей    қалған  жағдайлардың   куәгері  болған  боларсыздар.

( қатысушылардың пікірін  тыңдау)

 

  Диалогтік оқыту   сыныптағы оқушылардың  бірлескен   сұхбаты үлкен пайда  келтіретіндігін  көрсететін   дәлелдер жеткілікті.Олар:

·        Оқушылардың тақырып бойынша  өз   ойларын білдіруне  мүмкіндік береді.

·        Басқа адамдардың  идеяларын   қабылдауға.

·        Оқушылардың өз идеяларын   дәлелдеуге.

·        Бірлесіп  білім алуға.

 Мерсердің зерттеуіне   сәйкес,  әңгімелесу  оқушылардың  оқуының  ажырамас бөлігі  болып  табылады.  Ғалымның пікірі бойынша  , әңгіменің  үш   түрі болады  және  оларды   ажырата  білу керек:

ØӘңгіме –дебат

ØКумулятивтік  әңгіме

ØЗерттеушілік   әңгіме

 

Әңгіме  -дебат  барысында:

1.      Ой-пікірлерде  үлкен аошақтық  болады және  әрқайсысы   өз шешімдерінде  қалады.

2.     Ресурсатарды   біріктіруге   бағыттталған аздаған   талпыныс жасалады.

3.     Қарым-қатынас   көбіне «Ия, бұл   солай ,   «Жоқ, олай  емес»  деген  бағытта  жүргізіледі.

4.     Орта  бірлесуден гөрі,  көбіне   бәсекелестікке  бағытталған

 

Кумулятивтік   әңгіме  барысында   байқалатын   жайлар:

1.     Айтылған пікірлермен  тыңдаушылардың   әрқайсысы  механикалық  түрде   келісе  береді.

2.     Әңгіме   білім  алмау  мақсатында жүргізілгенмен,  оған  қатысушылар  өзгелер  ұсынған  қандай  да  болсын  идеяларды  төзімділікпен  тыңдайды.

3.     Идея  қайталанады   және   жасалынады, бірақ   үнемі   мүқият   бағалана  бермейді.

Зерттеушілік   әңгіме   жүргізілу  үстінде:

1.     Әркім   мәлімет ұсынады

2.     Әркімнің  идеясы пайдалы деп саналғанмен,мұқият   бағаланады

3.     Қатысушылар сұрақ қояды  және   айтқандарын  осылайша  әңгімеде  дәлелдеме  «көрінеді».

4.     Топтағы  қатысушылар  келісімге   жетуге  тырысады

 

 

 Диалог – сын тұрғысынан ойлауды дамытудың басты жолы. Әр сабақта қолданылатын әдістердің бірі  сұрақ – жауап, оқушының  өз ойын жеткізу, пікірін білдіру дағдысын жаттықтырады.  Мен  орыс тілі   сабағында  Блум  тұймедағы,    фишбоун  әдісін,  синквейінді    пайдаланамын. Мәселен,  «Глагол   как  часть  речи », «Имя   числительное»   тақырыбындағы  сабақтарымда  осы  әдістер  арқылы    мұғалім мен оқушы арасында топта диалогтік әдісті қолдандым.  Мысалы,  мәтінмен  жұмыс  жаттығуларында , топтағы   оқушылар   постер  қорғағанда, өзара   пікірлеседі, ортақ  шешімге   келуге  тырысады. Блум  түймедағы  бойынша  6 сұрақ   құрастыру  оқушыларға қиындық  тұғызады,  сондықтан  сұрақтарды  алдын-ала  дайындап беремін, оқушылар  жауап  беруге  тырысады. Көптеген ұстаздар бұл әдісті ең жеңіл деп табады, алайда сұрақты орынды қоя білу, оқушының жауабын дұрыс қабылдай алудың  өзі мұғалімнен кәсіби шеберлікті, төзімділік пен түсінушілікті қажет етеді.

 Дәстүрлі   сабақта мұғалімнің әдістері:
1. Жаңа   тақырып бойынша ақын - жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып түсіндіреді, шығармадағы кейіпкерлерді талдайды.
2. Оқушылармен бірге шығарманың идеясын анықтайды.
3.Орыс  тілі бойынша ережелерді түсіндіреді.
4. Мұғалім көп сөйлеп, оқушы аз сөйлейді.
5. Оқушы өзінің ойын еркін жеткізе алмайды.
Диалог арқылы оқыту әдісі бойынша өткізілген сабақтардағы
өзгерістер мен нәтижесі
.
1. Оқушылар    өзара   сұхбаттасады,    ойын дамытып    келесі оқушымен ой бөліседі.   Мұғалім мен оқушы    арасында көпірше орнатылады.
2.   Оқушы   өзінің ойын жинақтап, тұжырымдай алады, білімі жоғарылайды. Әдеби шығармадағы кейіпкерлерді талдап, сөздік қорлары молаяды.
3. Оқушының  сөйлеу шеберлігі мен мәдениеті, ізденімпаздылығы, топта өзін ұстау қабілеті жақсарады.
4. Білімге    деген  көзқарасы қалыптасып, қызығушылығы мен талпынысы артады.  
5. Диалог арқылы   оқушылар    бір-бірлерінен     үйренулеріне     жағдай  жасалады

 

2 практикалық бөлім

1.      Топқа  бөліну.

2.     Тренинг «Қағаз  ұшақ»

Қатысушылар   екі  топқа  бөлінеді, жеті  адамнан. Әр   топқа қарапайым  тапсырма  беріледі-  қағаздан  ұшақ жасау.Бірақ шарт бар:  тапсырма  барысында   сөйлемеу керек,  әр бүктемені бір адам,бір қолымен  жасайды,әркез жаңа  бүктемені басқа топ  мүшесі  орындау тиісті. Тапсырманы орындамай  тұрып,   тапсырманы  орындау  стратегиясын  ақылдасып шешіп алуға  болады.

Жаттығу  аяқталған соң , кездескен  қиындықтар,  кедергілерді, қандай  сезім  болғанын   талқылау.

Мәтінмен  жұмыс  «Боз  орамал»

1ТОП   Мәтіннің   мазмұны бойынша   Блум  түймедағы  әдісімен  алты  сұрақ  құрастыру.

2ТОП    Мәтіндегі  проблеманы  анықтап   Фишбоун  әдісіне  салу.

3ТОП     Мәтін  бойынша синквейн  құрастыру

·        Жұмыстарын ,ойларын дәлелдеу; Тапсырма  барысында  қандай  қиындықтар кездесті?

·         

3 бөлім

 Рефлексия    «Диалог»   сөзіне   синквейн   құрастыру

 1. Шебер   сынып    туралы  не   айтасыздар?

Абдыхаймова  Бейсенкуль Курманбаевна

№2 Жамбыл атындағы орта  мектеп

орыс тілі мен әдебиет пәні  мұғалімі

Орыс  тілі мен  әдебиеті сабақтарында диалогтік  оқытудың  тиімділігі

                                           Шебер  сынып

Мақсаты ::
А) Оқушылардың сабақта диалогтік қарым - қатынасты орната отырып білім сапасының артуы мен ойлау қабілеттерінің даму жолдарын анықтау;
В) Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың диалогтік қарым - қатынасын орнатып, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздық қабілеттерін, тіл байлығын, ой - өрісін, ынтасын дамыту;

Міндеті:

 1. Диалогтік оқытудың   оқушының  белсенділігін арттыруда тиімді екенін  көрсету.

2.Сыныпта диалогтік оқытуды қолдану арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. 
Қолданылатын материалдар:

 Интербелсенді тақта, нақыл сөздер , бейнекөріністер, стикерлер.

Өту формасы:    лекция – тәжірибе  ( Теория –тәжірибе –<

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения