Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
26.04.2015
0
527
0

Ұлы жеңіс сарбаздары





Ахмедина Майра Канатовна, учитель начальных классов

СОШ имени А. Маргулана села имени академика А.Маргулана

города Экибастуза, Павлодарской области, Казахстан

Тақырып:  Ұлы жеңіс  сарбаздары.

 

Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жайлы оқушыларға                                                  

мағлұмат  беру. Тарихи танымдарын қалыптастыру. Патриоттык сезімдерін ояту. Отанын,        жерін,  халқын сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Кеңес Одағы  батырлары жайлы түрлі    деректер, суреттер. Жерлес ардагерлердің суреттері,соғыс туралы  оқушылардың суреттері,  жазылған шығармалары. Ак кептерге  тізілген  түрлі-түсті  шарлар.

 

Әлібек:

Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ, солқылдат  барабанды.

Жылда есіңе ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.

 

Аяулым:

Ұмытпа сен,елімізге,

Бақыт тегін келмеген.

Ұмытпа  сен елімізге,                             

Бакыт тегін келмеген.

 

Әлібек:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай күні.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.     ( 1-минут үнсіздік)

 

Аяулым:

    1941 жылы  22маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жаткан кезде, елімізге қауіп төнді. Халкымыз адам айткысыз қиын кезеңге душар болды. Фашистик Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Көрініс: 

   Левитанның  соғыс басталғаны жайлы  хабары айтылады.  Естіген халық, ауыл ортасына жиналады.      

  «Священная война» әнінің ырғағымен ана баласын, жары куйеуін, баласы әкесін майданға жылап-сықтап шығарып салып жатқан кезін сахналайды.

                           Самат: 

                  Бұлт  түнеріп  аспаннан,

                   Талай көзден жас тамған.

                   Тұткиылдан жау тиіп,

                   Қырғын соғыс басталды.

                           Нұрай:

                    Отаным, еркелеймін енді кімге,

                   Өзіңмен нені болса,көрем бірге.

                   Қалайша қабырғама батпас менің,

                   Басыңа қатер күні төнген күнде.

                          Қыдырбек:

                   Мәншүк атыс толасында,

                   Жүр орманның арасында.

                   «Мені ал, мені ал» деп алуан гүл,

                    Қ олына оның таласуда.

                                Алтынай :

                   Тығылып гүл омырауға.

                   Сұрағандай жанға дауа,

                    Ант еткендей тұрды Мәншүк,

                    Гүлді жауға таптатпауға.

                              Самат:

                Елжіреп тұр, көктемнің жуас көгі.

                9- мамыр күні еліміздің,

                Үйлеріне келмеді көп әскері.

 

 Мұғалім:  Тарихи деректерге қарағанда 1941-1945ж 1млн.196 мың.164 қазақ- стандық майданға аттанып тең жартысы оралмаған. Көптеген жауынгерлеріміз ерлік көрсетті. 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды.

    Ұлы Отан соғысының батырларын білесіңдер ме? дегенде кімдерді  айтар едіңдер.

Дұрыс айтасыңдар.

    Қазірде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың атымен қала, көше аттары аталады. Әр батырларга арнайы ескерткіштер қойылған. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған.

                               Көп кой батыр ағалар,

                               Халық сүйіп бағалар.

                               Көп қой батыр апалар,

                               Жаттап алғын балалар.

 

Нұрдана:

Бақытқа байтақ елді бөлегендер,

Бауыржан,Әлия, Мәншүк,Төлегендер.

Солардың қасиетті ерлігімен,

Құлпырып шешек атып, көгерген жер.

 

Алтынай:

Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі-бақи мақтанады.

 

Қыдырбек:

Бауыржан Момышұлы - кара басы,

Халықтың болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлы - қазақ деген,

Ғаламат,ұлы елдің баламасы.

 

Нұрай:

Әлиядай апамыз, Бауыржандай атамыз,

Фашистерден Отанды, қорғап батыр атанды.

Біз еліктеп өсетін батырларың кім? десе,

Әлия, Мәншүк апамыз, Бауыржандай атамыз.

 Мұғалім:  

    Балалар биыл біз Ұлы жеңістің неше жылдығын тойлайын деп отырмыз?  

Окушылар: 70жыл.

Интерактивті  тақтадан бейнетаспа  көреді.

Б. Момышұлы өз дауысымен соғысты есне алады.

Мұғалім:

      Қазірде егеменді ел болып, әр халық  өз  батырларын қастерлеп, дәріптеуде. Осы күні Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аталарымыз қазірде қартайып тәуелсіз еліміздің лайыкты құрметіне бөленіп ортырғандар азайып бара жатыр, біздің ауылда ондай адамдар жоқ, бірақ сол соғысты көрген сарбаздардың ұрпақтары бар. Олар өз аталарының ерлігін ешқашан ұмытпас, өйткені «Ер есімі, ел ішінде». Соғыс барлық жанұяларға қасірет әкелді,әр үйдің өз батыры бар. Сондай батыр аталар біздің сыныптастарымыз Әлібек пен Саматтың аталары.

Олар бізді өз аталары туралы жазған шығармаларымен таныстырмақ.

Әлібек:

Менің атам –майдангер.

        Атам Сайдалин Қалкен Ахметұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, 1925 жылы  Баянауыл ауданында дүниеге келген.
         Ол кісі жауынгерлермен бірге елін,жерін қорғау үшін 1943 жылы майданға аттанған.Атам соғыста мерген болған.Сондай-ақ ол «Вена қаласын алудағы ерлігі үшін» деген медальмен марапатталған.Оның осы уақытқа дейін сақталған құжаттарынан қарағанда атам өз еңбегіне адал болған екен.
     1947 жылы соғыстан елге аман-есен оралып, халқымызға көп қызмет еткен.Атамды арнаулы мектепке совхоздың басшылық дәрежесіне көтерілу үшін оқуға жіберді.Ол жерде бес жыл бойы Жеңіс колхозының орынбасары болып еңбек еткен ол,  нәтижесінде «Қызылту еңбегі», «Тың жерлерді көтеру»  ордендерімен марапатталды.
      «Атамның жеңісі - менің жеңісім!». Сондықтан ержүрек атамның ел үшін, жер үшін істеген ерліктері біздің есімізде мәңгі сақталады! Мен осындай ержүрек атамды мақтан етіп үлгі тұтамын.

Самат:

Менің атам-батыр.

      Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі-атамыз Бұламбаев Әлискар Ыбрайұлы . Ол 1914 жылы Павлодар облысы,Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жастайынан білімге құштар болған ол 1925-1929 жылдары төрт сыныпты ойдағыдай аяқтаған.

1932 жылы бухгалтерлік курсын бітірген соң 1933-1935 жылдар есепші қызметін атқарады. 1936-1938 жылдары Майқайың кетнінін бірінші хатшысы болып қызмет етеді де Баянауылға хатшысы болып ауысады сол өңірде 1944 жылдың тамызына дейін жұмыс істейді. 1944 жылдың тамыз айында НКГБ мектебіне №355 әскерий бөлімінің курсанты болып Горький қаласына жіберіледі.          Соғыстан кейінгі жылдары атам  көп жылдар милиция басқармасында жұмыс істеп жүріп , жарақат алады да  1958 жылдан ауылда кадрлар басқаратын бөлімінде ерең еңбек етіп 1978 зейнетке шығады.

     Ол 5 ұл, 4 қыз тәрбиеледі. Көзі тірісінде 24 немересін  көрді.1991 желтоқсан айында қайтыс болды.

    Жеңіс – біздің ата-бабаларымыздың батырлығы. Ешқашан да олардың ерліктері ұмытылмайды.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын баршаға!

                   Нұрай.   

                     Сүйінші елім, сүйінші

                     Арылтып жаудан жерімді.

                     Табанға жаншып өлімді,

                     Жеңіспен желпіп өмірді.

                     Оралды ерлер көңілді,

                     Десеңдер бұл қай күні?

                      9 мамыр күні.

Хор: « Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Оқушылар шарларға  ілінген ақ кептерлерді  тілек айтып ұшырады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения