жуманова самал гайнединовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:казахстан
Регион:не указан
26.04.2015
0
555
2

Дүниетанудан сабақ тақырыбы адамның сезім мүшелері

 

Павлодар қаласы, ПҚБАИ                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Тыңдаушы: Жуманова С.Г  

Пәні: дүниетану

         Сабақтың тақырыбы:   Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері. Құлақ. Мұрын. Тіл.    

Сынып:  1

          Мерзімі: 15.10.2014

         Сабақ мақсаттары: оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы жалпы түсінік беру және  олардың қызметінің маңыздылығын түсіндіру.
         Міндеттері:     - сөздік қорларын дамыту;

-          ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: сауат ашу,  музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу

Құралдар: «дүниетану» оқулығы, дәптер, қарандаш, өшіргіш, флипчарт, интербелсенді тақта, қима суреттер, жеке парақтар, маркер, электрондық оқулық, апельсин, кәмпит, скочь, стикер

Әдіс-тәсілдер: жеке, жұптық, топтық, сұхбат, диалог, топтағы сұхбат

Оқыту нәтижесі: -  оқушылар сезім мүшелерін біледі

-          сөздік қорлары дамиды

-          ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады.

   Сілтеме: дүниетану 1 сынып. «Алматыкітап» Қ.Аймағанбетова, Т.Идилова. www.skazki-raskraski.ru

 

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Кірікті

рілген модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

3 мин

 

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, адамның дене мүшелері арқылы  «Амандасу»  жаттығуы жүргізіледі.

 Арқаларынмен амандасып, төрт арқа болып 3 топқа бөлінеді.

Бәрі ортаға шығады. «Дене  мүшелерімен» амандасу. 4 арқа бірігіп бір топ құрастыру. 3 топқа бөлінеді.

 

      Білу

4 мин

 

ОүБОБ,   ОЖЕСОжО

ОмОЖТ,

Жоғарыда жасалған жаттығуда біз қандай мүшелермен амандастық және ол мүшелер өзіміз үшін қандай маңызға ие?

Оқушылар құлақ, мұрын, тіл, көз туралы оз ойларын айтады.  Олар сезім мүшелері екенін анықтайды.

Жаңа тақырыпқа шығу.

Түсіну

 

5мин

ОмОЖТ,

СТОү,

ОүБОБ, ОЖЕСОжО

 

 

Апельсин жемісін алып балалардан:

-   Бұл не? Оның пішіні қандай, түсі қандай, иісі қандай екенін сұрау. Енді осы жемістің апельсин екеніне көз жеткізу үшін апельсинды кесіп дәмін татып көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашып түсіндірме жұмысын жүргізу.

2. Ақ қағаз таратылады, оның беті тегіс сипайды, екінші қағаз таратылады, оны умаждап, қайта жазады. Беті тегіс емес (бүдір – бүдір) екенін айдатады және умаждағанда қандай дыбыс шыққаның айтады.

-       Қағаздың бетінің тегіс екенін, тегіс емес екенін қалай анықтайсың?

 

 

 

Адам иісті мұрын арқылы сезеді. Және мұрынмен тыныс алады. Ал дәмді тілмен сезеді.
Тіл – әрі сөйлеу мүшесі. Затты толық білу үшін ұстап көреді, иіскейді, дәмін татады. Қағазды ұстағанда тері арқылы суықты, ыстықты, жұмсақ пен қаттыны, тегіс пен тікенді екенін сезетіндерін айтады.


 

 

Қолдану

 

 

 

6 мин

СТОү,

ОүБОБ, ОБжК,

ОЖЕСО

 

«Тауып ал» ойыны. Сезім мүшелерінің қызметіне қарай бояу. Иісі жағымды заттарды тауып бояу, жасырынған жануарларды тауып, бояу, дәм сезу бойынша суреттегі орны ауысқан затты табу. Суық және ыстық заттарды белгілеу. Ойларын дәлелдейді.

   

Оқушылар суретпен жұмыс жасайды.

 

Жеке орындайды, жұптарымен алмасып тексереді, топта талқылап.  Топ алдында дәлелдейді.

 

Талдау

 

8 мин

СТО,

ОүБОБ,

ОБжК, ТжДБО

АКТ

 

«Тыңдай біл» ойыны. Үнтаспадан судың сылдыры, құстардың үні, өсімдік сыбдыры естілетін әсем әуен тыңдатылады. Балалар көздерін жұмып, табиғат аясында жүргендерін елестетеді.
Дыбыстарды тыңдап, зерделейді және сол дыбыс бойынша балалар нені көріп, нені естіп немесе сезіне алуы мүмкін соған байланысты сурет салады. Неліктен  сол суретті салғанын түсіндіреді.  

1-топ онда не көрулерін мүмкін сонын суретін салады

2-топ ненің дыбысын естіп тұр соны салады

3- топ орманда дәм сезетіндей қандай заттар болуы мүмкін сонын суретін салады.        Постерге түсіреді.

Әуенді тыңдай отырып, әр топ сол әуенде есту, көру, дәм сезу мүшелеріне байланысты нені байқауға болатының ажыратып сурет салады.

Ойларын  дәлелдейді.

Оқушылар стикер арқылы бағалайды. Жасыл түсті стикер – ұнады, қызыл стикер толықтыру керек.

Жинақтау

 

5мин

СТОү,

ОүБОБ,

ОмОЖТ

Қай мүшенін көмегімен нені сезетінің анықтайды және сезім мүшелерін табады. Сәйкестендіреді..

  топпен жұмыс

 

Оқушылар қай мүшенін көмегімен нені сезетінің анықтайды және сезім мүшелерін табады.

 

Әр топ сезім мүшелерге сәйкес суреттерді сәйкестендіреді және топпен алмасып бір бірлерін тексеріп, бағалайды.

Рефлексия

 

4 мин

ОмОЖТ,

СТОү,

ОүБжОБ,

Оқушыларға кәмпит таратылып беріледі. Кәмпиттің дәмін, пішінін, түсін айтады және қағазды умаждағанда дыбысын айтады. Оның барлығына сезім мүшелерінің қызметі екенін қорытындылайды. Қағазынан доп жасап «Серпілген доп» тәсілі бойынша бір-бірлеріне тақырып бойынша сұрақтар қояды.

- Сезім мүшелеріне нелер жатады?
- Көз, құлақ, тіл, мұрын қандай мүше?

 - Тері қандай мүше?(сипап сезу)
Тері арқылы нені сеземіз? (ыстық, суықты)

 

 

 

Кәмпиттің дәмін, пішінін, түсін, қағазын умаждағанда дыбысын айтады.

Оқушылар доптарын бір-бірлеріне доп лақтырып  тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения