Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
05.12.2012
0
3142
0

Абай және оның әндері

Год: 2012

Страна: Казахстан

 

 Кызылординская область,Казалинский район,

кент Айтеке би,СШ№216 им К.Сатбаева

учитель музыки

Айымбет Мира Омарқызы

Сабақтың тақырыбы:

 Абай және оның әндері

 

Сабақтың мақсаты:

 

А) білімділік;  оқушыларға Абайдың өмірі, оның қазақ музыка мәдениеті 

     тарихында алатын орны,  әндерінің орындалуы, құрылысы жайында түсінік

     беру.

Б) тәрбиелік; Абайдың  қалдырған мұрасын жалғастырып, дамытатын саналы,

     өнерлі, білімді  азаматты тәрбиелеу.

В) дамытушылық, музыкалық сөз қорларын, музыка таңдау, ән айту

     қабілеттерін жетлдіру

 

Сабақтың типі:  Жаңа сабақ

 

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі ассоциация. Венн диаграммасы, үш жақты

                              сұхбат, эссе дөңгелек  стол әдісі.

 

Пәнаралық  байланыс: еңбек, сурет, ана тілі, дүнметану.

 

Көрнекіліктер: баян  аспабы, Абайдың, Лермонтовтың  суреттері,  проектор,

                            магнитофон, телевизор, бейнетаспа, әннің сөзі жазылған плакат

 

Сабақтың барысы: Оқушылар класчқа Абайдың «Желсіз түнде  жарық ай»

                                     әнімен кіреді.

 

І.  Ұйымдастыру кезеңі: (оқушылардың  сабаққа қатынастырып ,оқу

                                             құралдарын тексеру)

 

ІІ. Жаңа сабақ

А) Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естигенде ойларыңа, көз

     алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді.  Ассоциациялық

     аймақ құрғызамын.  

 

Өлең

  

Күз

  

Композитор  

                                    

 

Б) Мағынаны тану.  Оқушыларға Абайдың туған жері жайында бейнатаспа арқылы көрсетемін.

      Оқушылардан Абай туралы не білетіндіктерін сұрадым. Оқушылар ана т ілі сабағынан Абай туралы білген ойларын ортаға салды.

     Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ақын, аулармашы. Ол  өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында  адам бойында бойынфда кездесетін жаман мінез – құлықтарды сыгап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымн бірге басқа халықтың мәдениетін,  өнерін  білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетіне үлкен үлсе қосқан. Ол  өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған. Әндері: «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың» т.б және де Абай орыс  ақындары  Пушкин, Лерментов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып оған музыка жазды.

В) Музыка тыңдау. Лермонтовтың сөзіне жазылғанА.Рубинштейннің әні «Горные вершины» және Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әндері тыңдатылады. Тыңдата отырып, оқушыларға әннің сөзіне, әуеніне көңіл бөліп, мазмұны не турады екенін бақылаттым. Ұқсастық ерекшеліктерін салыстыру үшін  Венн диаграмма әдісін  пайдаландым.

 

 

Г) Қызығушылығын ояту. «Қараңғы түнде тау ықалғып» әніне байланысты

     әр топқа жұмыстар тапсырамын. І топ - жапсырыыма жасау, ІІ топ – сурет 

     салу, ІІІ- топ эссе жазу, ІҮ топ – дөңгелек стол әдісі. Әр топ жетекшісі  өз  

     жұмыстары қорғады

Д) Әннің әуенін үйрету.  Өзім әнді бірінші орындап беремін. Оқушыларға

     қиындық келтіретін жерлеріне тоқталып, фраза бойынша үйретемін.

 

ІІІ. Сабақты қорытындылау. Ой толғаныс кезеңі. Үш қадам сұхбат әдісі

       бойынша сабақты қорытындылаймын. Бұған ғалым, жүргізуші, үн таспаға

       түсіруші  қатысады.

 

 

Жүргізуші – Сіз Абайдың қандай әндерін білесіз?

 

Ғалым – «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің

                 қарасы» т.б

 

Жүргізуші – Абай қай жерде өмір сүрген?

 

Ғалым – Семей облысында

 

Жүргізуші – Сізге Абайдың қандай әнхдері ұнайды?

 

Ғалым – Өзіне ұнаған әнінен үзінді айтып береді.

 

Жүргізуші – Абайдың қандай аудармаларын білесіз?

 

Ғалым – Абай  Пушкинен, Лермонтовтан, Крыловтан аударма жазған, мысалы:

                Лермонтовтың «Горный вершины» өлеңіне «Қараңғы түнде тау  

                қалғып»    атты ән жазған.

 

Сабақтың соңында сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың білімін бағаладым.

 

ІҮ. Үйге тапсырма. Әннің сөзін жаттап, әуенімен айту. «Абай ақын,

                                     композитор» тақырыбында реферат жазып келу.

 

Скачать урок

ashyk-sabak.doc [49,5 Kb] (cкачиваний: 34)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения