Жакупова Сауле Жаксылыковна
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казакстан
Регион:Казакстан СКО Айыртау ауданы Саумалкөл селосы
25.04.2015
0
1376
9

Коучинг: "Оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы кері байланыс"

ақпан

 

Коучинг

Сабақтың тақырыбы:

Оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы кері байланыс

Жалпы мақсаты:

Мұғалім қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығын түсініп оны жүзеге асыру жолдарын анықтайды.

Оқу нәтижесі:

 - тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен осал жерлерін, осылардың өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді;

- оқушылармен жұмыс істегенде олардың оқуын жақсартатындай тиімді кері байланыс құра алатын жағдайда болады;

- кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлай алатын болады.

Жаттығулар:

1.      Тренинг «Суретші» 

Қатысушылардың екі адамнан жұптасуын сұрау.
Қатысушылар екі адамнан бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Олар құшақтасақан күйі бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре алмайды) Енді осы суретті бір - біріне сыйға тартады.

2. Миға шабуыл  

 - Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс  деген не?
- Кері байланыстың  мақсаты не?
- Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?
- Қандай әдіс - тәсілдері бар?

-Сабақта кері байланыс жүргізу керек пе?

-Кері байланыстың тиімділігі неде?

(Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі жайлы бір - бірімен ойларымен бөліседі.)

 

3.Презентация арқылы кері байланыс , оның түрлеріне түсінік беру.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

1.      Жұптық жұмыс

Тапсырма: Тәжірибелік сабақтарды дамыту  

Шағын топтарда бағаланбаған  жұмыстарды тексеріңіз, мына мәселелерді талқылаңыз:

·         Неге түсініктеме берген дұрыс?

·         Неге түсініктеме беру қажет емес?

·         Жұмыстың мықты жақтары қандай?

·         Әлсіз жақтары қандай? Ол маңызды ма?

·         Жұмыстағы кемшіліктердің себебі қандай? Мұны сііз қалай түсінесіз?

·         Жұмысты қалай жақсартуға болады?

2.      Жеке тапсырма: Оқушының жұмысына жазбаша түсініктеме жазыңыз.

3.      «Микрофон» әдісі

-Сабақта кері байланыс жүргізудің тиімділігі неде?Не береді?

(Ұсынылған мәселе бойынша қатысушыларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі)

 

 

Рефлексия

«МПИ» әдісі

           «-»

       «+»

    қызықты

 

 

 

 

 

Ресурстар:

 Нұсқаулық, үлестірме материал 2 апта, презентация, флипчарт, маркер, оқушылардың жұмыс дәптерлері.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения