Маут Риза
Должность:Тәрбиеші
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Шығыс Қазақстан облысы
24.04.2015
0
1404
4

Тақырыбы: Кесені әшекейлеу

 

Технологиялық карта

 

Шығармашылық,қатынас салалары бойынша

Бөлімдері:Тіл дамыту,суреттеп қиып жапсыру

Тақырыбы: Кесені әшекейлеу

Мақсаты:Кесе туралы түсінік беру,кесені ұлттық ою –өрнекпен әшекейлеу

                   Қошқар мүйіз өрнегін сызып қиюды меңгерту,ұқыпты тиянақты 

                   жұмыс  жасауға     үйрету,қайшымен дұрыс жұмыс жасау

                   тәсілдерін игерту ,ұлттық құндылықтарды құрметтеу.

 

Қос тілдік компонент:  кесе-пиала

                                           Ою-өрнек-орнамент

                                           Қошқар мүйіз-рога барана

Керекті құралдар: қылқалам,  өңді қағаздар,қайшы,қол орамал,желім

                                    арнайы бастырғыш       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-әрекет кезеңі

               Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың              жауабы

 

Балаларды шаттық шеңбер бойына тұрғызып ,жылы тілектерін айтқызу арқылы сабақты бастау.

Міне,балалар бізге көп қонақтар келіпті.

Сәлем сөздің анасы-деген,қонақтармен сәлемдесейік.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен ,біздер сәлем береміз.

Хош келіпсіздер қымбатты қонақтар!

-аспанымыз ашық болсын

-еліміз аман болсын

-дендеріңіз сау болсын

-отбасында береке,бақыт болсын!

Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше,бізді бүгін қонаққа  Ақ әже шақырған.

Кәне,балалар Ақ әженің үйіне қонаққа барайық.

Сәлеметсіз бе?Әже

Әже:Сәлеметсіңдерме,балалар,төрлетіңдер.

Балалар сендерді көріп қуанып қалдым,шай алып отырыңдар.

Міне ,балалар біз әженің үйінде қонақта отырмыз,кім әжеге арнап тақпақ оқып береді?

 

Әжем өрнек салады

Сырмақ сызып оюлап

Басы ауыра береді

Шай ішпесе қоюлап.

Қолымда менің қылқалам

Өрнектеп ою сала алам

Өнерімді көргенде

Қуанамын мәз болам.

Әже :рахмет балалар өркендерің өссін!

Әже,біздің балалар енді өнер туралы мақал,жаңылтпаштар оқиды.

«өнер таусылмас –азық,жұтылмас –байлық»

«өнерлі бала-сүйкімді бала»

«ел іші-өнер кеніші»

Кім жаңылтпаш айтады?

Шеше кеше,неше кесе,сынды кеше.

Балалар қолдарыңдағы ыдысқа назар аударыңдаршы.Ақ әже шайды неге құйып берді? Кім айтады? Кесе деген не?

Шай құюға арналған ыдыс.Кесенің түрі өте көп және сыртындағы әшекейлері де әр түрлі болады.

«өрнегіне қарай анықта» д\о

Кесені құмнан,ағаштан,қыштан,әйнектен жасайды.Кесе жасағанда адамдардың денсаулығына зиян келтірмейтін материалды қолданады.Біз бүгінгі сабақта осы кесені қазақтың ұлттық ою-өрнегімен әшекейлейміз.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық

Ою-өрнек сызайық,

Қошқар мүйіз,қызғалдақты

Сәндеп тұрып салайық.

Назарларын тақтаға аудартып,кесенің түсі,өрнектері ,үлкен –кішісі туралы сұрау.

Қошқар мүйіз өрнегімен кесені әшекейлету.Атауы айтып тұрғандай бұл-қошқар мүйізі деп аталатын ою түрі.Қошқар мүйізі оюымен ұлттық бұйымдарды киімдерді әшекейлейді.

Балаларды өз қалауларымен екі үстелге бөліп отырғызу. 

1-үстел

Ал  балалар сендер кесеге қошқар мүйіз өрнегін қиып жапсыру арқылы әшекейлейсіңдер.Қалай қию керектігін көрсетем.Сендердің алдарыңда қошқар мүйізі сызылған қағаз бар,қағазды сызылған сызық арқылы қиамыз.Өрнеті қиған кезде

қағазды қайшыдан ажыратпай жүргізу керек,ал қағазды айналдырып отырамыз.

Қайшы мен жұмыс жасағанда абай болу керектігін ескерту.

 

2-үстел:балалар сендер бастыру әдісін пайдаланып кесеге қошқар мүйіз өрнегін

саласыңдар.қалай сызу керектігін көрсетем,

ауада сызғызамын.Ұқыпты,таза сызу керектігін естеріне салам.Іске сәт!

(музыка қою)жұмысын аяқтаған балалар тақтаға суретін іліп,өзін-өзі қортындылау.

Әдемі,таза сызылып,қиылған кесені Ақ әжеге сыйға тарту,әже балаларға рахметін айтып,сыйлығын беру.балалар Ақ әжемен хоштасу.

 

Балалар шаттық шеңберді бәрі бірге айтады

 

 

 

 

 

 

Айна

Айназ

Дильназ

Амина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диас

 

 

 

 

 

Назерке

 

 

 

 

Алина

 

Айым

 

 

 

 

 

 

 

 

2-3 баланы ойнату

 

 

 

 

 

 

 

 

2-3 баладан сұрау

 

 

 

 

 

Айгерім

Сара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Не қиғанын сұрау қалай қиып жапсырғанын,бастыру әдісімен кесеге қандай өрнек бастырғанын

сұрап өз-өзін

қортындылату

           

 

Нені біледі:Кесе туралы,қазақтың ұлттық өрнегі қошқар мүйізді

Меңгерген дағдылары:Бастыру әдісін қолдануды,қошқар мүйіз өрнегін қиып

                                             жапсыруды,қайшымен жұмыс жасауды.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения