Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
24.04.2015
0
521
0

Алтын сақа ойыны

Алтын сақа ойыны

Тақырыбы: “Менің туған өлкем”

Мақсаты: Туған өлкеге, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ойлау қабілетін жетілдіру, әдеби сөздерге, мақал – мәтел, тақпақтарға қызығушылығын, оны үйренуге деген белсенділігін арттыру, тілдерін дамыту. Патриоттық сезім тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үш қақпа, сандық, тақтада суреттер

Ойын барысы: музыка әуені естіліп тұрады, балалар кіреді де отырады.

Педагог: Балалар, әр адамның Отаны бар екен.

-         Сендер үшін Отан деген не, қалай ойлайсындар?

-         Отан деген туған жерім, елім.

-         Отан деген туған қалам, ауылым.

-         Отан деген Қазақстаным.

-         Дұрыс, балалар. Ендеше туған жер туралы не айтады екен біздің балалар, соларды тындап көрелік.

1 бала: - О, туған жер!

            Шексіз екен мейірімін

            Ыстық екен құшағын

            Қанатымды еркін сермеп

            Көгінде еркін ұшамын.

2 бала: Татулықпен, бірлікпенен ірімін

             Кең даламның қауыз жарған гүлімін

             Елдігімді, ерлігімді паш етер

             Ту ұстайтын жеткіншектің бірімін.

3 бала: Неткен сұлу, неткен көркем!

            Павлодар туған өлкем!

4 бала: Қаныш туған, Шакен туған

            Ардақта досым қазақтын жерін!

5 бала: Алтын дәнді даласы бар

             Мәшһур Жүсіп мешіті бар.

6 бала: Туған жердің ұлымын мен

             Туған жердің гүлімін мен.

7 бала: Кеңге толы қойнауы бар

             Баян, Жасыбай көлдері бар.

Педагог: “Туған жерім тамаша жарасайық балаша” дей отырып ересек топтың балалары дайындаған “Алтын сақа” ойының көріп тамашаланыздар.

Команда басшылары: “Қыран” тобы – Батжанов Ернар.

“Тұлпар” тобы – Алимханова Айшабиби.

-         Ал енді екі команда өз ұрандарымен таныстырсын бізді.

Қыран тобы: Жапырақтай жайқалған

                         Біз балдырған баламыз

                         Ертен өсіп ер жетіп

                         Туған жерді қорғаймыз.

Тұлпар тобы: Үлгі - өнеге болар әр күн

                          Салтын бізге қалдырған

                          Біз ер жүрек бабалардың

                          Ұрпағымыз – балдырған.

(балалар отырады)

-         Бәрекелді, тамаша, жарайсындар, балалар.

Педагог: Әр командаға екі сұрақтан болады, сұрақтарға дұрыс жауап таба білу керек және де екі дұрыс жауаптан болса қақпалар ашылып отырады да, сөйтіп алтын сақаға жетуіміз керек.

“Қыран” тобына сұрақтарды қалалық білім бөлімнің бас маманы Жамиля Қазаналиқызы қояды:

1. Қандай өзеннің жағасында орналасқан біздің қаламыз?

2. «Кереку» деген атау қалай шыққан?

«Тұлпар» тобына өзіміздің балабақша директоры Кәрімжанова А.К. сұрақтар дайындапты:

1. Ертіс өзені арқылы өтетін қандай көпірлер жасалған?

2. Біздің қаланың қандай көрікті жерлерін танисындар, атап көрсетіп бер. (тақтада суреттер ілулі тұрады. Әр топқа кезекпен бір-бір сұрақ қойылады, балалар ақылдасып, айтады)

Педагог: Бәрекелді, қаламыздың тарихын және де қала ішін жақсы біледі екенсіндер, балалар, рахмет сендерге.

Музыка ойналады, салтанатты әуеннің ырғағымен қола қақпа ашылады.

Педагог: - Жарайсындар «Қыран» және «Тұлпар» командалары! Қола қақпа ашылды.

-         Балалар, ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ендігі қойылған бір-бір сүраққа дұрыс жауап болса қола қақпаның ішіндегі күміс қақпа ашылады.

Қыран тобы: Алдарындағы көріністе кімді көріп тұрсындар? (Бакир Демеуов, қала әкімі)

Тұлпар тобы: Мына көріністе қаланың қандай жері бейнеленген? (мәңгілік алау аланы!

-         Тамаша, жарайсындар. Музыка әуенімен күміс қақпа ашылады.

Күміс қақпаның ашылуы құрметіне қыздар тобы би билеп береді.

Ойынды жалғастырамыз. Алтын қақпаға жету үшін туған жер туралы мақал – мәтелдер жарысын ұйымдастырамыз. Сәт, сапар тілейміз! Кәнеки «Мақал – мәтел» сайысы басталды.

«Қыран тобы»

«Тұлпар тобы!

Балалар кезектесе отыра мақал – мәтелдер айтады. Жеңіл әуеннің ырғағымен ортадағы «Алтын қақпа» ашылады.

-         Мына кереметті қарандар, сендердің көп білетін білімдерінді бағалап алтын қақпамыз да ашылды. Алтын қақпаның ашылу салтанатына арнап музыкалық сәлем жолдаймыз.

-         Өнерлеріне рахмет, балалар! Алтын қақпамыз ашылып, алтын сақаға да жеттік.

 

-         Ашып көрейік, бәрекелді, ішінде сыйлықтар бар сендерге. «Алтын сақа» ойынымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып, тамашалағандарынызға көп рахмет.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения