Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
24.04.2015
0
618
0

Сауат ашу қорытынды сабағының конспектісі. Дайындық тобы

Сауат ашу қорытынды сабағының конспектісі.

Дайындық  тобы

 

Тақырыбы: «Білім еліне саяхат».

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерінің сапасына көз  жеткізу. Ана тіліндегі өткен дыбыстарды қайталау. Сөзді буынға бөліп және тұтас оқуға жаттықтыру. Сауат ашуда сөздік қорды байыту, түрлі суретте және сөздік ойындар арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер, текшелер, ребус схемасы, атрибуттар, панно.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезені:

1.     Сәлемдесу

2.     Қазақ әліппесінде неше әріп бар? (42)

-         Кім шығарды ең бірінші әліппені? (Ы. Алтынсарин)

-         Ол кісі туралы не білесіндер? (жазушы, ұстаз, оқытушы).

3.     Д/ойын: «Дауысты, дауыссыз»

Негізгі бөлім:

Пошташы келеді, хат әкеледі. Шақыру хаты «Әріптер әлеміне» (жерде «тамшылар» қағаздан жасалған жатады, сол іздермен «әріптер әлеміне» барады). Кіргелерін келсе, кілттің сырын табындар. Кілт қандай әріпке ұқсайды? Таптық О, Ш, Е. Ендеше кірейік.

Панно тақтада әр түрлі әріптер жазылған.

Шырша тұр: «машина», «маймыл», «сағат» суреттер ілулі тұр.

-         Бұлар не? Өсе ме? Жоқ. Бұл сиқырлы ағаш.

Бүынғабөлу, екпін түсіру. Дыбыстық талдау жасау.

Д/ойын «Өзгеше буынды тап».

Біздің саяхатымыз әрі қарай жалғасады.

Жүре – жүре «Сауаттылық» еліне келіп жеттік.

Сұрақ белгісі, нүкте, леп белгілері ? . ! тұрады ілуілі: тапсырмалармен конверт жатады

1.     «Ата, көктем, оқушы» деген сөздермен үш түрлі сөйлем құрандар.

2.     Ребустар шешу: АҒАШ, БІРЛІК, БОРСЫҚ, АЙДОС, ТАУЫК

3.     Суреттер арқылы «мектеп», «жаз», «бала» сөздерді жазғызу.

Сөйлемдердің схемаларын жасау тақтаға және әр баланың алдында бір парақ қағаздан жатыр.

-         Балалар, біз бағанадан бері жол жүріп шаршағын болармыз. Біраз бой жазып алайық.

Сергіту сәті.

4.     Саяхатты ары қарай жалғастырайық. Жолда сандық кез болады. Оның ішінде ойыншық «қозы». Жүмбақ жасырамын: «Кішкене ғана қошақан, өзі сондай момақан» (қозы).

-         Қозы ненің төлі?

-         Осы кішкене қозы туралы кім әңгімелеп айтып береді? (балалар әңгіме айтады)

Жаңбырдың тырсылдаған дауысы естіледі.

-         Бұл не дыбыс? Жауынды бізге не әкеледі? Ғажайып бұлттардағы буындарды оқиық. Д/ойын: «Сөзді өзгертіп оқы».

-         Өте жақсы балалар.

-         Қарандар, балалар, қандай ғажайып ағаш.

-         Қалталарда қағаз қыстырылып тұр, оқиықшы «Антоним сөздерді тап» депті.

-         Діңінде қандай сөз жазылған екен?

-         Жапырақтарында ше? Оқып, табамыз: жылы – суық, дымқыл – құрғақ, ақ – қара, күн – түн.

-         Өте жақсы балалар. Біздің қайтар уақытымыз таяп қалған сияқты.

-         Ал енді қайтайық. Қайтар жолда «5» деген атрибут таққан «бестік» кезігеді.

-         Өте тамаша, балалар. өздерін бәрін біледі екенсіндер. Білім әлемі риза сендерге, соңдықтан да «5» деген баға қойды деп, медальондар береді әр балаға.

-         Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

-         Қандай елдерге саяхат жасадық?

Педагог сабақты қорытынылап, ұздік шыққан балаларды мадақтайды.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения