Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
24.04.2015
0
647
5

Серуен Құмға бақылау жасау

Серуен

 

Құмға бақылау жасау.

Мақсаты: Балаларды құмның қасиеттерімен таныстыру:  құрғақ, дымқыл, кішкентай құмыршақтардан тұрады, сұсымалды, суды жақсы өткізеді, құйылады. Дымқыл құмнан әр түрлі құрылыстар жасауға болатынын көрсету.

 

Керекті құралдар: құм, үлкейткіш шыны, су.

 

Барысы: Тәрбиеші балалармен серуенге шығып, балалардың назарын құрғақ құммен ойнап отырған Дымбілмеске аударады.

-         Сәлеметсіз  бе Дымбелмес?

-         Сәлеметсіздер ме балалар.

-         Сен мына жерде не істеп отырсың?

-         Мен құмнан сиқырлы сарай жасай алмай отырмын.

Тәрбиеші: Дымбілмес сен мына құрғақ құмнан ештеңе жасай алмайсың.

-         Неге?

-         Оны білгің келсе сен бізбен бірге қалып құмның қасиеттерімен танысуың керек.

Тәрбиеші балалармен құрғақ құмды қарастырады /қатты, адыр-бұдыр, сусымалы, құйылады, бірікпейді. Үлкейткіш шыны арқылы кішкентай құмыршақтардан тұратынын көрсету. Құмға су құю, су өткізеді, дымқыл болады, бірігеді, құрылыс жасауға жарайды/.

Тәрбиеші: Балалар бүгін құмның қандай қасиеттерімен таныстық? Құм қандай болады?

Тәрбиеші балаларға Дымбілмеске құрылыс жасауға көмектесуді ұсынады.

-         Балалар біз құрылысты қандай құмнан жасаймыз?

-         Дымбілмес сен сиқырлы сарайды неге жасай алмағанынды ұқтыңба? /балалар Дымбілмеспен бірге сиқырлы сарай жасайды/

Балалар құрылыс жасап жатқан кезде 2-3 бала гүлдерді суарады.

Мақсаты: балаларды гүлдерді күтүге үйретуді жалғастыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Жеке-дара жұмыс: допты 2 қолмен бір-біріне лақтырып қағып алуды жаттықтыру.

Мақсаты: дене тәрбиесі сабағында өткен жаттығуларды бекіту, ептілікке, жылдамдыққа үйрету.

Тәрбиеші жеке дара жұмыс өткізген балалармен бірге құрылыс жасап жатқан балалардың жұмысын көруге барады.

-         Балалар сендер Дымбілмеске көмектестіңдерме?

Дымбілмес: Рахмет сендерге балалар, енді мен білемін  қандай құмнан құрылыстар жасауға болатынын. /балалармен қоштасып кетеді/.

Тәрбиеші: Балалар сендер Дымбілмеске көмектескенде кім болдыңдар? Құрылысшылар.

Тамаша, балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар. Ал енді ойын ойнап, дем алайық.

Қимылды ойындар «Қасқырқақпан», «Ұшақтар».

 

Өз еркімен ойнау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения