Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
24.04.2015
0
672
1

Су астындағы тіршілік.

               Бейнелеу өнерінен – интегралды сабақ.

Тақырыбы. Су астындағы тіршілік.

Мақсаты:

 Білімділік: Дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы су асты тіршілік иелерін мазмұнды бейнелей білуге үйрету.Шығармышылық қабілеттерін дамыту.

Дамытушы: Суретте өзінің көңіл – күйін және табиғаттың ерекшелігін көрсетуге үйретіп іскерлігін  бекіту.

Тәрбиелік:Өзін қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға тәрбиелеу .

Керекті құралдар: түрл і- түсті қағаз,6  желім, 6 қайшы,түтігіштер, губка, гуашь құйылған ыдыстар, картоп бастырмалары 2 ватман қағазы, қол орамалдары, желімдеуге арналған тақтайшалар, үлгі жұмыс, тары жарнасы,тіс, құс қанаттары, щеткалары,

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру кезені.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз

Біз қандай көңілдеміз.

Күндей ашық бол         (бір-бірлеріне тілек айту: судан таза бол, алмадай тәтті бол.

2. Негізгі бөлім (Үнтаспадан сарқыраған судың дауыстары тыңдалады.)

Сұрақ- жауап арқылы табиғаттың тіршілік нәрі- су туралы әңгімелесу.

-Біз қандай ғаламшарда тұрамыз?

Глобусты сипаттау.

Теңіз, мухиттерды, өзен-көлдерде су астында «тіршілік иелері» өмір сүреді.

«Су астындағы тіршілік» атты сурет бойынша әңгімелеу.

Сегізаяқты теңіз жұлдыздарын, өсімдіктерді, балдырлар мен балық түрлерін дәстүрден тыс әдістерді қолдана отыра суреттейміз, жапсырамыз.

-Балалар, сендер дайынсындарма?

3.Жұмыс барысы:

Балалар екі топқа бөлінеді де екі үлкен ватман қағазға сурет салады.

1топ: Жұмсақ поролонмен үлкен қағазды көк түспен бояйды. (акварель)

2 топ: тары жарнасын желіммен қағаздың төменгі жағына сеуіп желімдейді.

3 топ: сегізаяқты- ұзынша төртбұрыш қағазға алақандарын бастырып қияды, желімдейді.

4топ: тары жарнасын тіс щеткасымен бояу. Гуашқа батырып шашырату. (сары гуашь ) арқылы бояу.

5 топ: құс қанатымен өсімдіктерді салады.(жасыл гуашь)

6 топ: картоп бастырмаларымен балықтарды, сегізаяқтарды бастырып салады (қызыл гуашь, қара гуашь)

Маркерлермен ат балықтарды, скат, балдырларды салу, толықтыру.

4. Қорытынды:

- Бүгін сабақта не істедіңдер? Сендерге ұнадыма? Ненің суреттері жоқ? (Акула, кит)

- Неге оларды салмадыңдар?

(Өйткені олар жырқыш балықтар. Олардың болуын қаламаймыз).

 - Ұжымдық жұмысты бірігіп өте әдемі жасадыңдар. Өздерің өте шебер екенсіңдер.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения