Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
24.04.2015
0
321
0

Халқымыздың дәстүрлерін бүлдіршіндердің бойына ұялату.Халқымыздың дәстүрлерін бүлдіршіндердің бойына ұялату.М

   Қазақ халқының  салт-дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Жазу- сызу болмаған кезде халықтың ой арманынан шыққан әңгімелер, жұмбақтап айтқан сырлары, тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өткір тіл, ұшқыр ойдан шыққан мақал-мәтелдер, қиял-ғажайып ертегілер, т.б. баланың тілін, ой-өрісін дамытуда ерекше роль атқарады. Балалар ертегі тыңдап, бір-біріне жұмбақ жасырғанды, жаңылып жаңылтпаш айтқанды, тұрмыс-салт жырларын тыңдағанды ұнатады. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан тіл үйретудің, тәрбие жұмысын жаңа деңгейге көтеру жолында халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Сол себепте өз сабақтарымды ауыз әдебиетімен, халық педагогикасымен тығыз байланыстырып отырамын. Мысалы ертегілерді рөлге бөліп ойнаған кезде балалар ұйымшылдыққа тәрбиеленеді, шығармашылық қабілеті дамиды, сөздік қорлары молаяды. Айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатында түрлі көңіл көтеру ойындарын өткізіп отырамын. «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Ит пен мысық неге араз», т.с.с. ертегілерінің мазмұнын қуыршақтар, тірек-сызба, ойыншықтар арқылы қайталаймыз. Ал оны сахналап көрсеткен кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, міңез-құлқын, іс-әрекетін көрсетіп тілдерін дамытады.

   Тіл мәдениетін дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсіл. Өйткені ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы - ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі. Мектепке дейінгі балалар отбасында, балабақшада фольклорлық шығармалармен және көркем әдебиеттің тұғырлы туындылармен тәрбиеленеді. Қазақ ұлтының тілашар дәстүрі бойынша тілі шыға бастаған кезде бөбекке санамақтар - сан үйрету, жаңылтпаштар - тіл ширату, тақпақтар - ой дамыту, жұмбақтар - ой қорыту, мақал – мәтел - тіл мен ойды саралау, мазақтамалар - намыс ояту үшін қолданылады. Әсіресе, ертегілер баланың қиялын кеңейтіп, дамытады. Мен тәрбиеде ең әуелі осыларды пайымдап, пайдаланамын. Қысқасы, халық ауыз әдебиеті - тәрбиенің негізі. Онсыз тәрбие тәлімсіз, мәнсіз болады. Көркем әдебиеттен нәр алған бала инабатты, тәрбиелі, жігерлі болып өседі.

      

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения